2020 A-Level емтихан және жоғары оқу орындарына түсу нәтижелері

2020 A-Level емтихан және жоғары оқу орындарына түсу нәтижелері

Covid пандемиясы салдарынан 2020 жыл барлық оқушылар үшін өте қиын жыл болды, ал Haileybury Almaty мектебінің 13 сынып оқушылары осы қиын және ерекше жағдайларда A-Level бағдарламасында оқу барысында керемет төзімділік пен қажырлық танытты.

Қиындықтарға қарамастан биылғы түлектер мектеп тарихындағы ең жоғары A-Level нәтижелеріне қол жеткізе алды: барлық бағалардың 71%-ы А* немесе А, 81%-ы А*, А немесе В бағаларын  құрды, бұл мектеп үшін шынымен мақтан тұтарлық жетістік. Коулз мырзаға және осы оқушылармен жұмыс істеген және осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізуге баға жетпес үлес қосқан барлық мұғалімдерге алғысымызды айтамыз.

Биыл A-Level түлектер саны басқа жылдармен салыстырғанда ең көп болды. Түлектердің барлығы дерлік жоғары оқу орындарына түсті, бұл да олардың білім сапасының жоғары екендігін көрсетеді. A* немесе A бағаларын алған бес оқушыны атап өткіміз келеді: Гаухар Альжанова, Айсұлу Бүркітбаева, Jaehyung Choi, Темірлан Сейітжапар және Айғаным Райымжанова. Бұл үлкен жетістік!

 

Түлектеріміздің оқуларын Лондондағы Imperial College, Ұлыбританиядағы Glasgow, Manchester, Exeter и Kent Universities және Америкадағы Brown University  сияқты жоғары оқу орындарында жалғастырғанына қуаныштымыз. Олар физика, инженерия, химия, құқық, экономика және география сияқты түрлі мамандықтар бойынша оқиды. Біз сабақ үлгерімі жоғары және жарқын болашағы бар 13 сынып түлектерінің әрқайсысын мақтан тұтамыз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат