Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Қазақ халқының кез келген мейрамы ақ тілек пен батасыз өтпейді. Наурыз мейрамында Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып, ақсақалдардың батасын алады.
Наурыз әндері – Наурыз тойы әрқашан әнсіз, күйсіз, домбырасыз өтпеген.
Наурыз -әңгіме – Қазақ әдебиетінің көрнекті балалар жазушысы Б. Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын білмейтін адам жоқ шығар, сірә?! Мүмкін, бұл шығарма Сізге де таныс болар?
Ендеше біздің де оқушылар бұл шығарманы оқуды бастап кетті. 10-сынып оқушылары Батырхан мен Әйгерім шығармадан алған әсерлерімен бөлісу үстінде.
Қожанасыр әзілдері – Наурыз тойы әзіл-қалжыңсыз, ойын - күлкісіз өткен бе? Халық кейіпкері Қожанасырдың ел арасындағы орынды әзілдерін оқушылар қазақ тілі сабақтарында өткен болатын. 11-сынып оқушылары Адия, Жібек, Аделяның Қожанасыр әзілдерін айтып тұрған сәттері.
Наурызда қазақтың ұлттық тағамдары мол жайылған. Наурыз-көже, қазы-қарта, бауырсақ дейсіз бе?! Наурыз мейрамы қарсаңында біздің оқушыларымыз да Наурыз дастарханын өз қолдарымен дайындауға тырысты. 12-сынып оқушысы Ким Анна Сіздермен өзінің бауырсақ дайындау тәсілімен бөліседі.