Эко-мектеп дегеніміз не?

Эко-мектептер экологиялық тұрақтылықты сақтауға бағытталған әлемдегі ең үлкен мектеп бағдарламасы. Ол 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясында анықталған қажеттіліктерге жауап ретінде ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама үнемі дамып келеді, жастарды қоршаған ортаны қорғауға қатысуға шақырады, қоршаған ортаны белсенді қорғауға, оқушыларға өз мектебінде экологиялық мәселелерді басқару саясатына қатысуға мүмкіндік береді.

“Бұл экологиялық білім беру бағдарламасы сыныпта басталып, қоғамдастықта жалғасып, кейінгі ұрпақты практикалық іс-әрекетке бейімдейді.”

Біздің мектеп Экологиялық білім беру қорының құрамына кірді, енді біздің мақсатымыз – Жасыл ту сыйлығын алу. Мектептер бағдарламаны 2 жыл бойынша іске асырып, жеті кезеңді сәтті аяқтағаннан кейін мектептер осындай сыйлыққа үміткер бола алады. Жасыл ту сыйлығын алғанға дейін мектептер инспекциялық комиссияның бағалауынан өтуі керек.

"Бағдарламаның ең үлкен жетістігі – экологиялық тұрғыдан саналы адамдар ұрпағын дамыту. Бұл адамдар эко-мектептен алған білімдерін өмір бойы қолданып, кейінгі ұрпақты даму үдерісіне өз үлестерін қосуға шақырады."

Жеті кезең

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ