Bartle Frere is named after Sir Henry Bartle Frere, Governor of Bombay and later High Commissioner of the Cape Colony. Its badge is that of a "blue moon thereupon a crimson moon" with House colours of crimson and blue.

Bartle Frere Хаусы

Bartle Frere Хаустың түсі – кызыл және көк. Хаустың әр мүшесі өз Хаус галстугін мақтанышпен тағады, бұл оқушылар мен мұғалімдер арасындағы берік байланыстың белгісі.

Бастауыш мектеп

Питер Гудинг Haileybury мектебінде 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр және 2015-2016 оқу жылының басында Bartle Frere Хаусмастері болып тағайындалды. Питер Bartle Frere Хаустың барлық мүшелерінің ынтасы мен спорт шеберлігімен мақтан тұтады. Ол өз Хаусы алдағы шаралардың барлығында жеңіске жететініне сенімді.

Жоғары мектеп

Лиам Стрит – Жоғары мектептегі Bartle Frere Хаус Хаусмастері. Жылы шырайлығымен ол барлық оқушыларды баурап алып,  олардың  Хаусқа деген қарым-қатынасын күшейте алды. Яғни оқушылар енді Хаустың өміріне қатысуға, оны қолдауға және сұрақ қоюдан қорықпауға дайын. Сондай-ақ, кураторлар мен Оқушылар кеңесі Bartle Frere қоғамдастығын барынша қайырымды болуға шақырады  және әр оқушының тек оқуда ғана емес, сонымен бірге жеке дамуында да жетілдірілуі үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

Хауста үнемі түрлі іс-шаралар мен жарыстар өткізіліп тұрады, соның арқасында оқушылар топ болып бірлесіп жұмыс істей алады, басқара алады, қарым-қатынас жасай алады, өзін сынай алады және ең бастысы уақытты көңілді кешіреді. Мектеп күнтізбесіне назар аударып, біз жоспарлаған қызықты шараларды жіберіп алмаңыз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

03.08.2020 Мектеп жазғы демалысқа жабылады.

Құрметті ата-аналар!

Мен сізге бірнеше рет хат жаздым, және уәде еткендей, сізге Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы екі Haileybury мектебінің ашылу жоспарын ұсынуға қуаныштымын.

Көріп отырғаныңыздай, біз халықаралық мектептердің озық тәжірибелерін қолдана отырып, мектептерімізді қауіпсіз ашудың барлық аспектілерін қарастыруға тырыстық.

Алайда, бұл онлайн құжат болып табылады, яғни оған бүкіл әлемнен және біздің Денсаулық сақтау және Білім министрліктерінен қосымша ақпарат түскен кезде өзгерістер және толықтыулар енгізілуі мүмкін.

Біз Білім министрлігімен оқу жылының басында мектепке қай сынып оқушыларына қайтып оралуға болатындығы туралы сұрақты анықтау мақсатында байланыс ұстап отырмыз. Ресми ақпаратқа қол жеткізген сәтте сізбен міндетті түрде бөлісеміз.

Иан Хант,

Қамқоршылар Кеңесінің Төрағасы

Қазіргі уақытта біз 2020 жылдың тамыз айында жаңа орындарға шектеулі ғана өтінімдерді қабылдаймыз. Біздің мектепке түсу туралы көбірек білгіңіз келсе, оқушыларды қабылдау бөліміне хабарласыңыз: admissions@haileyburyalmaty.kz.