Haileybury мектептерінің ашылу жоспары

Біз келесі тоқсанда екі қаладағы мектептердің қауіпсіз ашылуын қамтамасыз ету мақсатында қызу жұмыстар жүргізудеміз. Ашылуға қатысты дайындық жөніндегі толық ақпарат төменде беріледі:

Құрметті ата-аналар!

Сіздерге 2021 жылдың сәтті басталуын тілеймін. Біз қысқы демалыс кезінде Қазақстан Үкіметінің Жоғары мектеп оқушыларына офлайн білім беру туралы оң шешім қабылдағанына өте қуаныштымыз. Алдағы айларда біз онлайн және офлайн оқытуды біріктіреміз, себебі біздің бірден-бір мақсатымыз-бүкіл мектептің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету және оқушыларды жақсы нәтижеге жету үшін барлық қажетті ресурстармен, қолдаумен және мадақтаумен қамтамасыз ету. Haileybury Almaty мектебінің қызметкерлері барлық оқушыларға үздік академиялық қолдау көрсету үшін аянбай еңбек етуде. Біз жаңа семестрдің басталуын асыға күтеміз және де мен өзіңізге ізгі тілектерімді жолдаймын. 

Құрметпен,

Иан Хант, Қамқоршылық Кеңес Төрағасы

Құрметті ата-аналар мен оқушылар,

Біз барлық оқушыларды алдағы көктемгі семестрде қарсы алуға асығамыз. Мектеп қызметкерлері мектеп кампусын және жаңа оқу ресурстарын семестрдің басталуына дайындаумен жүр. Қысқы демалыс кезінде бүкіл мектеп мұқият тазартылды және мектеп кампусының қауіпсіз және COVID-ден тыс орта ретінде жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ету үшін айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Бұған біздің әлеуметтік қашықтықтағы сыныптар, нақты белгілер, барлық кіреберістердегі температураны тексеру және жақсартылған санитарлық-гигиеналық құралдар кіреді. Бұл шаралардың барлығы мектепке оралуға рұқсат етілген сыныптармен қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ оқушылар үшін өте маңызды болып қала беретін сандық онлайн оқытуға толық дайынбыз. Мектептің веб-сайтын және электрондық поштаңызды мұқият қадағалауыңызды сұраймыз, себебі біз әр сынып бойынша барлық қажетті ақпаратты веб-сайтқа жариялаймыз немесе поштаңызға жібереміз. Біз сіздермен жақын арада кездесуді асыға күтеміз. 

Саймон Миллс

Haileybury Almaty мектебінің директоры

Parent’s Informed Consent Letter — Covid19
Нысанды толтырыңыз

Ғимарат ішіндегі қозғалыс және дара қорғаныс заттары

  • Мектеп ғимаратына бетперде киіп кіру;
  • Барлық қоғамдық орындарда плексигластан қорғаныстар орнатылады (мысалы, күзет бекеттері, мектептің қабылдау бөлімі, медициналық пунктте, әкімшілікте, асханада және т.б.);
  • Өзге адамдармен байланысқа түсетін барлық қызметкерлер бетпердеге қосымша қорғаныс қалқанын киіп жүретін болады, (мысалы, тамақ таратушылар, еден жуушылар, медициналық бөлім қызметкерлері, қауіпсіздік қызмет қызметкерлері).

Қолды зарарсыздандыру құралдары бүкіл мектеп бойынша орналастырылған, оқушылар мен қызметкерлер қолды зарарсыздандыруға арналған құралдарды ғимаратқа кірген кезде, сонымен қатар сыныптарға кірген және шыққан кезде, асханаға кіріп, шыққан кезде қолдануға міндетті болады.

  • Мектебімізде қолданылатын қолды зарарсыздандыруға арналған сұйықтық жергілікті денсаулық сақтау басқармасымен мақұлданған және құрамында ешқандай алкаголь жоқ;
  • Барлық оқушылар мен қызметкерлер қолдарын сабынмен және сумен үздіксіз әрі жиі жуып тұрады;
  • Мектеп айналасында біржақты қозғалыс жүйесі баспалдақтар мен дәліздерде нақты белгілермен жазылып көрсетілген;
  • Балалар тобын оқшаулау үшін қосымша бөлу қорғаныстары орнатылған;
  • Мектеп асханасы мен әрбір дәретхана алдында «Өтініш, осында күтіңіз!» деген жазу ілініп тұр. Дәретханада бір мезгілде тек екі оқушы ғана бола алады;
  • Сынып бөлмелері әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатына орай ұйымдастырылған, әр кабинетте, ең көбі, 15 оқушы ғана болады. Қосымша жұмыс орны талап бойынша, қазіргі қолданыстағы сынып бөлмелері және кеңістіктерді бейімдеу талапқа сай жүргізіледі;
  • Топ болып киім ауыстыру бөлмелері қолданылмайды. Оқушылар мектепке дайын болып (киініп, әрине) келеді не болмаса сабақтар болмайды.

Сынып бөлмелеріндегі және кеңселердегі, киім ауыстыру бөлмелеріндегі тиімді, нәтижелі әрі жиі жүргізілетін тазалық жұмыстары, үстіңгі қабаттарды, жақтауларды, есік пен терезелерді, ойыншықтар мен спорт жабдықтарын, түскі асқа арналған үстелдері сүрту жұмыстары.

  • Барлық білім беретін мұғалім қызметкерлер мен әкімшілік қызметкерлеріне дара қорғаныс заттарын беру (бетперде);
  • Мебдикелер үшін арнайы дара қорғаныс заттары, бетке арналған қорғаныс, қорғаныс бетперделері, халаттар беріледі;
  • Ғимарат ішінде және өту жолдарында біржақты қозғалыс жүйесін қамтамасыз ететін көрсеткіштер, арнайы белгілер қойылады;
  • Сынып бөлмелерінде, кеңселерде, асханада және дәліздерде әлеуметтік қашықтықты енгізу және қатаң түрде сақтау;
  • Әлеуметтік қашықтықты сынып бөлмелерінде, кеңселерде қамтамасыз ету мақсатында қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
  • Әлеуметтік қашықтықты белгілеу – кабинеттер, дәліздер, асханалар, жеделсатылар, қабаттар;
  • Сынып бөлмелері мен кеңселерді нәтижелі желдету жұмыстары – есік пен терезелерді ашу;
  • Қызметкерлер мен оқушылар үшін тұрақты үзілістер беру;
  • Жеделсатылар қолданылмауы тиіс. Жеделсатылар тек медициналық мақсатта, медициналық жағдайларда жабдықтарды жылжыту үшін қолданылады. Қолданылғаннан кейін ол орында зарарсыздандырылу жұмыстары жүргізілуі тиіс;
  • Сынып бөлмелеріндегі және кеңселердегі, киім ауыстыру бөлмелеріндегі тиімді, нәтижелі әрі жиі жүргізілетін тазалық жұмыстары, үстіңгі қабаттарды, жақтауларды, есік пен терезелерді, ойыншықтар мен спорт жабдықтарын, түскі асқа арналған үстелдері сүрту жұмыстары.

 

Сіз мектептің ресепшн бөлімімен жұмыс уақыты кезінде электронды почта немесе телефон арқылы хабарласа аласыз.

Ата-аналар мен оқушылар үшін әкімшілік шаралар

Әдеттегідей, біз сіздерді әрдайым әртүрлі мүмкін жолдармен қолдауға тырысамыз. Дәл қазіргі таңда сіздермен бетпе-бет кездесе алу мүмкін болмаса да, біздің мектеп мұғалімдері сіздермен электронды почта арқылы хабарласып, сіздерді қызықтырған немесе толғандырып жүрген кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге үнемі дайын. Немесе біз сіздер мен мұғалімдер арасында бейнеконференция (видеоконференция) ұйымдастыруға әзірміз.

Жоғалған зат тауып алынғаннан кейін міндетті түрде оқушының аты жазылып, сіздің балаңыз оқитын сынып бөлмесіне ең жақын орналасқан біздің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне өткізілуі тиіс. Өз кезегінде олар міндетті түрде ол затты қажетті оқушыға жеткізеді.

Егер мектептің медициналық бөлім қызметкерлері сізбен хабарласып, сырқаттанып тұрған балаңызды алып кетуді өтінсе, олар сізге қай кірісті қолдану туралы ұсыныс айтып, сізді қажетті медициналық базаға қарай бағыттап жібереді.

Мектеп ата-аналарға тұрақты ақпараттарды байланыстың сандық құралдары арқылы ұсынып отыратын болады, оның ішінде санитарлы-гигиеналық хаттамалардың қалай орындалып жатқанын  көрсететін бейнероликтер де қолданылады. Келесі ақпараттар ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде берілетін болады:

  • COVID бойынша жаңа хаттамалар мен процедулар туралы мәліметтер;
  • Мектеп ғимаратына енуді ұйымдастыру (мектеп ғимаратына ену тек қызметкерлер мен оқушылар үшін);
  • Күнделікті мектепке келу мен кету процедураларының жоспары (әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін топтың жас ерекшелігін ескеру);
  • Аз санмен қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында кестені оңтайландыра құру;
  • Барлық оқушылар мектепке келмес бұрын өз денсаулықтарының қалыпты екендігін растайтын форманы толтыруға міндетті.

Келесі семестрдегі мектептердің ашылу бойынша Жоспары:

Барлық оқушылар бір мезгілде қайтып келе ме?

Жоқ, біз оқудың бірінші семестрінде түрлі жастағы топтарды мектепке кезең-кезең бойынша қайтарамыз. Бұл оқушылардың жаңа ережелермен және процедулармен танысуларына уақыт пен кеңістік тұрғысынан жағдай тудырады. Біздің кампус өткен семестрге қарағанда айтарлықтай ерекшеленеді және біз балалар қауіпсіз ортаға оралу үшін егжей-тегжейлі нұсқаулар дайындадық. Балаңыздың мектепке оралуына қатысты нақты ақпарат әр жас тобына жеке хабарланатын болады.

Температураны өлшеу жүзеге асырыла ма?

Сіз балаңыздың дене қызуын күн сайын мектепке келмес бұрын үйде өлшеп, тексеріп тұруыңыз қажет. Егер балаңыздың дене қызуы 37,4°C жоғары болса, мектепке жібермеген дұрыс. Сонымен қатар бұл жайлы шұғыл түрде бізге хабар беруіңізді сұраймыз. Мектептің кіре берісінде біздің тепловизорлардың бірі орнатылады және де сіздің балаңыз сол тепловизор арқылы өтетін болады. Дене қызуы жоғары кез-келген бала шұғыл түрде үйіне қайтарылады.

Мені мектепке келгенде не күтіп тұрады?

Оқушылар әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында белгіленген уақытта мектепке Жоғары және Бастауыш мектеп кіреберістері арқылы кіретін болады. Ата-аналар балаларын мектепке көлікпен әкеле алады, бірақ оларға мектепке кіруге рұқсат берілмейді. Әр жастағы топтар үшін балаларды әкелу / әкету процедуралары жайлы арнайы мәліметтер берілетін болады. Көліктен мектеп ғимаратына дейін және мектеп ғимаратынан көлікке дейін жүрген кезде барлық оқушылар мен ересектер маска киюі керек. Біз ересектер мен оқушылардан мектеп аумағында топ болып жиналмауды, сондай-ақ басқа оқушылармен және ата-аналармен байланысын азайтуды сұраймыз.

Түскі ас қалай берілетін болады?

Әлеуметтік арақашықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мектептегі қозғалысты барынша азайту үшін, Бастауыш мектеп және 7-сынып оқушылары сыныптарында тамақтанатын болады. 10-13 сынып оқушылары асханада тамақтанады, және де әр сыныптан кейін асханада тазалау жұмыстары жүргізіледі. Асханада нақты белгіленген біржақты қозғалыс жүйесі бар. Қашықтық көрсеткіштері кезек күту кезінде физикалық қашықтықты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Оқушылар тамақ ішкеннен кейін де бір жақты жүйені ұстанады: арнайы көрсеткіштер бойынша оқушылар ыдыс жинау аймағына өтеді.

COVID 19 науқастану жағдайы орын алған жағдайда не болады?

Тест тапсырғаннан кейін оның нәтижесі бойынша мектеп қызметкері немесе оқушы COVID-19 ауырғаны белгілі болған жағдайда, біз Денсаулық сақтау министрлігіне, ата-анасы мен қызметкерлерге шұғыл түрде хабарлаймыз. Егер науқас алғашқы белгілер анықталған жағдайда мектепте болғаны анықталса, кейбір бөлмелер немесе бүкіл мектеп жабылуы мүмкін.. Біз үкіметтің нұсқаулықтарын қатаң ұстанатын боламыз және қауымдастықты барлық қабылданған шешімдер жайлы хабардар етіп отырамыз.

Ата-ана ретінде мектепке кіре аламын ба?

Өкінішке орай, жоқ, мектепке тек мектеп қызметкерлері мен оқушылар ғана кіргізіледі. Жүргізушілер мен ата-аналар мектепке кірмеулері тиіс. Оқушыларды ата-аналары әртүрлі уақытта әлеуметтік қашықтықты сақтау шараларына сәйкес арнайы бөлінген орындарда қалдырулары тиіс. Төменгі сынып оқушыларын мектеп қызметкерлері қарсы алуға және оларды өз сыныптарына апарып тастауға дайын. Әр жас тобына бөлек жеке нұсқаулық берілетін болады.  

Дене шынықтыру сабақтары жүргізіле ме?

Ия, бірақ тек Бастауыш мектеп және 7-сынып оқушылары үшін және COVID-тің алдын-алу жөніндегі нұсқаулыққа және тиісті әлеуметтік қашықтықтағы шараларға сәйкес өтеді. Дене шынықтыру бойынша білім беру бағдарламасы құралдарды қолдану туралы басшылыққа сәйкестендіріліп жасалады. Дене шынықтыру сабағы болатын күні мектеп оқушылары мектепке дене шынықтыру киімімен келеді, күні бойы сол киіммен жүруге рұқсат, тек аяқ киімдерін ғана ауыстырулары қажет болады. 10-13 сыныптарда дене шынықтыру сабағы болмайды, оның орнына балалар оқу үлгеріміне көбірек көңіл бөледі.

Сабақ аяқталған соң не болады?

Оқушылар мектепкен әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында белгіленген уақытта Жоғары және Бастауыш мектеп кіреберістері арқылы шығатын болады. Ата-аналар мен жүргізушілер баланы кіре берісте қарсы ала алады, бірақ оларға мектепке кіруге рұқсат етілмейді. Әр жастағы топтар үшін балаларды әкелу / әкету процедуралары жайлы арнайы мәліметтер берілетін болады. Біз ересектер мен оқушылардан мектеп аумағында топ болып жиналмауды, сондай-ақ басқа оқушылармен және ата-аналармен байланысын азайтуды сұраймыз.

Сынып бөлмелерінде әлеуметтік қашықтық сақтала ма?

Оқушылар Білім және Ғылым министрлігі талаптарына сай әлеуметтік қашықтықты сақтайды. Бастауыш мектеп пен 7-сыныптағы барлық сабақтар бір сынып бөлмесінде өтетін болады. Емтихан болатын жоғары сыныптарда ғимарат ішінде аздаған қозғалыстың жүзеге асырылуы талап етіледі. Ол емтихан тапсыратын пәндері бойынша қажетті жабдықтар мен ресурстарды алу үшін қажет (мысалы, ғылыми зертхана). Сабақтар арасында, әр сабақтан кейін санитарлық хаттамаларға сәйкес әр сыныпта мұқият тазалау жүргізіледі.

Мектептен кейінгі қосымша сабақтар жүргізіле ме?

Бүгінгі жағдай бойынша, түскі үзіліс кезінде немесе сабақ аяқталғаннан кейін мектептен кейінгі қосымша сабақтар өткізілмейді.

Музыка бойынша жеке сабақтар жүргізіле ме?

Музыка бойынша жеке сабақтар денсаулық сақтау мен әлеуметтік қашықтықты сақтау тәжірибесіне сәйкес қол жетімді болады.

Оқушы мектепке не әкелуі керек және мектепте оқушыларға мектеп құралдарынан не берілетін болады?

Барлық оқушыларға су бөтелкесі, сандық құрылғы, арнайы кеңсе керек-жарақтары және артық маска сияқты ең қажетті заттар үшін жеңіл сөмке қажет болады. Құлттанатын шкафтар қолданылмайды, ал сөмке оқушы үстелінің үстінде арнайы белгіленген жерде қалдырылады.

Менің баламның жұмысы бағалана ма?

Мұғалімдер қатаң гигиена ережелерін сақтай отырып, оқушының жұмысы туралы тиісті кері байланыс беретін болады.

Медициналық пункттер жұмысы қалай жүзеге асырылатын болады?

Мектептің медициналық орталығы COVID-19 қауіпсіздік хаттамасына сәйкес күні бойы ашық болады. Сонымен қатар, тиісті әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ COVID-19 белгілері бар кез-келген адамды оқшаулау үшін жеке оқшаулау аймақтары құрылды. Медициналық орталықтың қызметкерлері әр баланың денсаулығын қадағалайды және егер сізде сұрақтар туындаса, сіз әрқашан мектеп дәрігерімен байланыса аласыз.

Балаларға ойнау үшін үзіліс беріле ме?

Иә, балаларға үзіліс беріледі, үзіліс кезінде әлеуметтік қашықтық пен санитарлық нормаларды сақтай отырып балалардың өз достарымен ойнап, қарым-қатынас жасай алуларына жағдай жасалады. Ойынға бөлінген уақыт аралығында әлеуметтік қашықтық сақталады, ал құрал-жабдықтар әр үзілістен кейін зарарсыздандырылып отырады.

Мектепке қайтып орала алмайтын оқушыларға білім алуға рұқсат беріле ме?

Барлық сыныптарда, әр сабақ аясында бейнетрансляция технологиялары қарастырылған. Бұл мектепке келе алмайтын кез-келген оқушыға оқуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қалыпты мектеп формасын кию міндетті ме?

Барлық оқушылар мектепке мектеп формасымен келуге міндетті, тек галстук тағу мен пиджак кию міндетті болмайды. Мектеп формасының барлық элементтері жуылады және тұрақты түрде тазаланып тұруы тиіс. Галстук пен пиджактарды жууға болмайды, сондықтан оқушыларға оларды киюдің қажеті жоқ. Дене шынықтыру сабағына арналған киім жиынтығын және ойын жиынтығын мектепте киініп жүрмес үшін үйден сабақ кестесіне сай келген күні киіп келулеріне болады.

Оқу топтары қалай ұйымдастырылады?

Бастауыш мектеп оқушыларына мектепте оқуды ұсынуға асығамыз! Ең көбі 15 оқушыдан тұратын топтар ұйымдастырылатын болады. Бұл топтар оқу кезеңінде оқушыларға барынша қолдау көрсету үшін әр түрлі факторларды ескере отырып ұйымдастырылады. 

Оқушылар "Мектепке оралу формасын" толтыруы керек пе?

Бастауыш және Жоғары мектеп оқушылары мектепке оралмас бұрын Google Мектепке оралу формасын толтыруы керек. Бұл Google формасы осы беттің жоғарғы жағындағы сілтеме арқылы қол жетімді.

Білім беру үдерісін жетілдіру және санитарларлық нормалардың күшейтілуін қамтамасыз ету мақсатында сатып алынған және орнатылған құрал-жабдықтар:

1) Әр сынып бөлмесі мен спортзалды қоса есептегенде вирусқа қарсы және бактерияға қарсы рециркуляторлар – 132 дана;
2) Визуалайзерлер - 72 дана;
3) Веб-камералар – 72 дана;
4) Сенсорлы диспенсер-санитайзерлер - 110 дана (барлығы 134 болады);
5) Интербелсенді панельдер - 7 дана;
6) қосымша үстелдер - 50 дана;
7) Сүлгілерге арналған диспенсерлер қосымша сатып алынды - 80 дана (барлығы 134 болады);
8) Термометрлері - 25 дана;
9) Бетперде, қолғаптар – 7500 дана.

Болашақ

Жоғарыда атап өтілген шаралар стандартты қызмет көрсетуге кезең-кезеңмен оралудың алғашқы мерзіміне жатады. Біз кейінірек COVID-19 вирусының жұғу қауіп-қатері төмендеуіне байланысты кейбір шаралардың жұмсартылуы бойынша жүзеге асырылатын әрекеттердің келесі кезеңдерін талқылайтын боламыз. Мұның барлығы билік органдарының, Денсаулық сақтау Министрлігі мен Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады, дей тұрғанмен бұл шаралардың жүзеге асырылуы қауіпсіз болып табылғанда ғана мүмкін болады. Жоғарыда көрсетілген нұсқаулықтағы өзгерістер жайлы сіздерге алдын-ала хабарлайтын боламыз.

  • Қажетті физикалық қашықтықты сақтай отырып көп қатысушысы бар жиналыстың өткізілуі;
  • Бастауыш сыныптарда балалардың белгілі топтарын араластыру;
  • Дене шынықтыру бойынша сабақ санын арттыру қолжетімді болады;
  • Дене шынықтыру бойынша сабақ санын арттыру қолжетімді болады;
  • Кейбір ортақ қорларды еркінірек қолдану мүмкіндігінің болуы (АҚ – ақпараттық технологиялар, құралдар, кітапхана кітаптары).

 

 

 

1. Гарвард, Кембридж және Джонс Хопкинс университеттерінің мектептерді қайта ашу қажеттілігін негіздейтін академиялық зерттеулері:

Білім беру процессіне теріс әсер ету

Жақында шыққан мақалада Гарвард мамандары мектептерді ашумен байланысты қауіп-қатерлерді мойындады, бірақ егер балалар ұзақ уақыт бойы үйде оқытылса, қауіп-қатер әлдеқайда жоғары болатынын айтты. Барри Блум, Гарвард университетінің қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің бұрынғы деканы: «Мен тілдесу процесі өте маңызды деп санаймын, және оның болмауы баланың денсаулығына басқа аурулар жұқтыру қаупінен әлдеқайда жоғары».

Дженнифер Нуззо, Джонс Хопкинс университетінің эпидемиологы: «Менің ойымша балаларды үйде ұстау және ата-аналарды вакцина алғанға дейін үйде жұмыс істеуге мәжбүрлеу балаларға біз ойлағаннан гөрі көп зиян келтіреді».

4. Мектептердің қайта ашылуы

Пол Уолбердинг, медицина профессоры және Сан-Францискодағы Калифорния университетінің эпидемиология және биостатистика профессоры «кішкентай балалар шынымен де жұқпа көзі бола алмайды, сондықтан мен балабақшалар мен бастауыш мектептер жұмыс істей алады деп ойлаймын. Алайда, үлкенірек оқушылар үшін кейбір шектеулер болуы мүмкін, мысалы, таңертеңгі және күндізгі ауысым немесе санаулы сағаттар».

Джош Шарфштейн, Джонс Хопкинс университетінің Блумберг қоғамдық денсаулық мектебі деканының орынбасары, мектептер белгілі бір өзгертулермен ашылуы керек деп жазды. Оның ойынша оқушылар арасында алты футтық қашықтықты қамтамасыз ету керек, оқушылардың мектепке біртіндеп келуін қамтамасыз ету және олардан бетперде киюді талап ету керек.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат