Kipling Хаусы

Киплинг Хаусы бір кездері Haileybury оқушысы болған және аты аңызға айналған жазушы және ақын Редьярд Киплингтің есімімен аталған. Оның ең танымал шығармалары – «Джунгли кітабы» және «Егер» өлеңі. Редьярд Нобель сыйлығының лауреаты атанған алтыншы адам болды. Ол 1907 жылы әдебиет саласында Нобель сыйлығын алды. Оның көптеген жұмыстары әлі күнге дейін өзекті, ал кейбіреулерінің негізінде фильмдер түсірілген. ХХІ ғасыр шындығына бейімделген кейбір шығармалары да бар.

Бастауыш мектеп

Бастауыш мектептегі Kipling House біздің қоғамдастығымызда өте үлкен рөл атқарады. Kipling House-ға жататын қызметкерлер мен оқушылар өздерінің Haileybury мұрасымен және Хаустың Редьярд Киплинг атымен аталғанымен мақтан тұтады. Барлық іс-әрекеттерінде олар бұл жазушының бүкіл әлемге әйгілі өлеңінде аталған қасиеттерді көрсетеді. Оқушылар Спорт күні сияқты іс-шараларда өздерінің жасыл түсті галстуктері мен футболкаларын мақтанышпен киіп жүреді.

Жоғары мектеп

Джошуа Ливерсидж соңғы 5 жыл Haileybury Almaty мектебінде географиядан сабақ берді. Ол сонымен бірге Key Stage жетекшісі, ал соңғы екі жылда Kipling Хаусмастері болып келеді. Ол әр оқушыға жаңа дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді және Kipling Хаус оқушыларын әрдайым алға ұмтылуға итермелейді. Ол Kipling Хаус Хаусматері болғандығын мақтан тұтады және оқушыларды қоғамдық жұмыстарға, музыка орындауға  ынталандырып, Kipling Хаус қауымдастығының барлық мүшелеріне, соның ішінде ата-аналарына, мұғалімдерге және әрине оқушыларға бірдей мүмкіндік береді. Ол Kipling Хаустың барлық оқушыларына мақтаныш сезімін ұялатуға тырысады, сол арқылы басқаларға үлгі береді.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

03.08.2020 Мектеп жазғы демалысқа жабылады.

Құрметті ата-аналар!

Мен сізге бірнеше рет хат жаздым, және уәде еткендей, сізге Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы екі Haileybury мектебінің ашылу жоспарын ұсынуға қуаныштымын.

Көріп отырғаныңыздай, біз халықаралық мектептердің озық тәжірибелерін қолдана отырып, мектептерімізді қауіпсіз ашудың барлық аспектілерін қарастыруға тырыстық.

Алайда, бұл онлайн құжат болып табылады, яғни оған бүкіл әлемнен және біздің Денсаулық сақтау және Білім министрліктерінен қосымша ақпарат түскен кезде өзгерістер және толықтыулар енгізілуі мүмкін.

Біз Білім министрлігімен оқу жылының басында мектепке қай сынып оқушыларына қайтып оралуға болатындығы туралы сұрақты анықтау мақсатында байланыс ұстап отырмыз. Ресми ақпаратқа қол жеткізген сәтте сізбен міндетті түрде бөлісеміз.

Иан Хант,

Қамқоршылар Кеңесінің Төрағасы

Қазіргі уақытта біз 2020 жылдың тамыз айында жаңа орындарға шектеулі ғана өтінімдерді қабылдаймыз. Біздің мектепке түсу туралы көбірек білгіңіз келсе, оқушыларды қабылдау бөліміне хабарласыңыз: admissions@haileyburyalmaty.kz.