Abay's poetry recitation competition

Кеше мектебімізде ұлы ақын Абай Құнабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған Медеу аудандық оқушылардың мәнерлеп оқу конкурсы болып өтті. Конкурстың мақсаты – оқушыларды Абайдың алуан қырлы шығармашылығымен, аудармаларымен, «Қара сөздерімен» таныстыру, оқушыларда Абайдың туындыларын оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ауданның 30 мектебінен келген оқушылар Абайдың тек өлеңдері мен поэмаларынан ғана емес, аудармалары, қара сөздерінен де жатқа айтып, өнерлерін көрсетті.  Конкурс арасында біздің мектептің 3-сынып, 5-сынып және 12-13-сынып оқушылары домбыра тартып, ән айтып, Арасында көрермендермен викториналар ойнатылды.

Біздің мектептен 9-сынып оқушысы Чу Реана 3-орын иеленіп, Алматы қалалық конкурсына жолдама алды. Чу Реана қызымыз Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қазақша, ағылшынша және қытайша жатқа айтып, көрерменді тәнті етті. Чу Реананың қазақ тілі мұғалімі Гүлжазира Сабазбекованы да оқушысының жеңісімен құттықтаймыз.

British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ