Мектеп мақтанышы: Даулет Оразкуловты UCL университетін бітіруімен құттықтаймыз!

Мен University College London университетін «Қала құрылысын жоспарлау, дизайн және менеджмент бакалавры» мамандығы бойынша жоғары деңгейдің екінші дәрежесімен бітіргенімді қуана хабарлаймын. Соңғы үш жыл менің өмірімнің маңызды бөлігі болды, бұл уақытты әрдайым жылулықпен еске алатын боламын. UCL-де мен ең ақылды, мейірімді және талантты адамдарды кездестім, олардың көпшілігі менің жақсы достарыма айналды. Лондондағы өмір маған табанды, тапқыр болуға және шынайы достықты бағалай білуге үйретті. Енді мен өзімнің қаншалықты бақытты екенімді түсіндім, өйткені маған барлық армандарым мен тілектерімді орындауға мүмкіндік берілді. Бұл үшін мен Haileybury Almaty мектебіне, мұғалімдерге, Қамқоршылар кеңесі мен акционерлерге үлкен алғыс айтамын. Олардың барлығы мені Haileybury мектебіне 2014 жылдың күзінде түскен күннен бастап қолдады.

Өткен уақытты есіме алып, оқуым туралы ой жүгіртсем, өмірімнің соңғы үш жылы қиын болды деп айта аламын. Жаңа елде өмір сүру, оның мәдениетін түсіну, жаңа қарым-қатынас орнату мен үшін көптеген естеліктерге және өмір сабақтарына толы қызықты әрі тартысты күрес болды. Мен жеке басымды, өз қабілеттерімді және мықты жақтарымды жақсы танып білуге себеп болатын басқа қаланы, университетті немесе ортаны елестете алмаймын. Менімен достасқан адамдар мен оқу барысында кездескен қиындықтар маған ең алдымен өзімді білуге көмектесті. Университеттегі жылдар мен шын мәнінде қарым-қатынасты қалай құра алатындығымды, стресстен қалай арыла алатындығымды, жоғары нәтижелерге қалай қол жеткізе алатындығымды және ең бастысы түрлі өмірлік жағдайларда өзімді қалай басқара алатындығымды көрсетті.

Haileybury мектебі үйреткен құндылықтар менің мақсаттарыма жетуде маңызды рөл атқарғанын мойындаймын. Осы уақытқа дейін мен алдыма ізденімпаздық, тапқырлық, батылдық пен табандылықты талап ететін міндеттер мен мақсаттарды қойдым. Осы қасиеттер болмаса мен оқуымды сәтті аяқтап, қазіргі Лондондағы бәсекесі жоғары еңбек нарығында жұмыс таба алмайтын едім.

Қазіргі уақытта мен жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша сарапшымын, Лондондағы жылжымайтын мүлік бойынша консалтингтік компанияда коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеймін. Мен жаңа жерде қаржы және инвестициялар саласындағы білімімді едәуір жақсарта аламын деп үміттенемін, бұл менің мансап жолымда алға қойған үлкен мақсаттарыма жетуге көмектеседі. Менің алдыма қойған келесі мақсатым – Алматыға оралуға дейін мүмкіндігінше мол жұмыс тәжірибесін жинау және одан да көп білім мен дағдыларды игеру.

Дұрыс ойлау және құндылықтарды түсіну үлкен биіктерге жетелейтініне сенімдімін. Менің өмірімде осы күнге дейін ұстанатын құндылықтарды баулыған бірнеше адам болды. Солардың ішінде мен үшін Haileybury қауымдастығының орны ерекше, өйткені ол мені барлық берілген мүмкіндіктер үшін риза болуға және өз ісімде өршіл болуға үйретті.

Daulet Orazkulov

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ