Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» кітабын иллюстрациялау байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» кітабын иллюстрациялау байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «BAURZHAN foundation» жеке меншік қоры және «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қоры UNIСEF және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп, Абай Құнанбаевтың «Кара сөздер» кітабын қазақ және орыс тілдерінде иллюстрацияланған  түрде басып шығаруға арналған байқау ұйымдастырды.

 

Келесі 8 оқушымыздың жұмыстары қазылар алқасы тарапынан кітапты иллюстрациялау үшін пайдаланатын портреттер галереясына таңдалған:  Юлия К., Алуа М., Макпал М., Дамели Е., Дінмұхаммед С., Ника Б., Диас О., Лиам Р., Селин Ч. Құттықтаймыз!

Осы байқаудың жеңімпазы атанған К.Катеринаны құттықтаймыз! Барлық оқушыларымызға  қатысу сертификаттар табысталды, ал Катя жеңімпаз дипломымен марапатталды.

Біз оқушыларымызды және олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Haileybury - көпұлтты мектеп, сондықтан біздің оқушыларымыз бен ұстаздарымыз қазақтың ұлы ақындарының бірі болып табылатын Абай Құнанбаевты білетіндігін және құрметтейтіндігін, өз елінің тарихы мен әдебиетіне шынайы қызығушылық танытатындығын және оның қаһармандарын білетіндігін жоғары бағалаймыз.

Жаңалықтар
07.09.2020
Haileybury Almaty мектебінің тағы бір түлегі Ivy League қауымдастығына кіретін университетке қабылданды!
Айғаным, A level түлегі, Providence, Rhode Island Браун университетіне қабылданғанын мақтанышпен хабарлаймыз!
02.09.2020
Haileybury Gazette
Жоғары мектеп оқушылары жасаған және көркемдеген Haileybury Almaty Student Gazette газетінің төртінші саны енді біздің веб-сайтымызда!
27.08.2020
2020 Білім күнін мерекелеу
Біз кішкентай бүлдіршіндерімізден бастап аға буынға дейінгі Haileybury қоғамдастығының барлық мүшелерін осы өзгеше әрі ерекше 2020 жылғы Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат