Ата-аналар мен мектепке келушілерге арналған коронавирусты (Covid-19) алдын алу бойынша нұскаулық

Жаңалықтар, 16 наурыз, 08.00

Covid-19-ға қатысты жағдай белгісіз күйде қалып отыр, бірақ көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда да сырқаттану жағдайларының саны артуы мүмкін. Біздің басты мақсатымыз Haileybury оқушыларының, қызметкерлері мен қонақтарының әл-ауқаты мен саулығын қамтамасыз ету болып табылады. Көптеген оқушылар келесі семестрде емтихан тапсыруы керек екенін ескере отырып, қазіргі уақытта бұл мәселе біз үшін бұрынғыдан да өзекті болды.

Осыған байланысты біз оқушылардың ата-аналары және қамқоршылары үшін, сондай-ақ Haileybury қонақтары үшін келесі сұрақтар мен жауаптар дайындап қойдық.

1) Мектеп оқушыларға, қызметкерлерге және бүкіл Haileybury қауымдастығына төну мүмкін қауіпті азайту үшін қандай шаралар қолданады?

Мектеп Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) PHE (Англияның қоғамдық денсаулық сақтау қызметі) және басқа да реттеуші органдардың ұсыныстарын орындайды. Қолды зарарсыздандыруға арналған антисептиктер әр жерде орналастырылды, оқушыларға гигиеналық ережелерді қатаң түрде сақтау туралы, соның ішінде қолды сабын мен сумен үнемі жуу туралы ескертілді. Қазіргі уақытта мектеп келушілерді қабылдай алмайды, көпшілік шаралар өткізілмейді.

2) Covid-19 мектепте анықталды ма?

Қазіргі уақытта мектепте Covid-19 вирусы расталған немесе күдікті жағдайлары жоқ.

3) Менің балам үйде қалып, мектепке бармауы керек пе?

(Қазіргі уақытта Үкімет қаулысы бойынша мектеп жабылғанын  есіңізге саламыз. Төменде берілген жауап мектеп ресми түрде қайта ашылған кезеңіне қатысты).

Жақында қабылданған Үкімет қаулысына сәйкес, балалар өздерін жақсы сезінсе және Covid -19 расталған немесе болуы мүмкін адамдармен қатынаста болмаса, оқуын жалғастыра береді.

4) Балалардың ауырып қалуының алдын алу үшін ата-аналар қандай шаралар қолдана алады?

Біз барлығыңызға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтындағы нұсқауларды орындауға кеңес береміз .

5) Менің баламда аурудың жеңіл белгілері байқалып тұр. Маған не істеу керек?

Егер сізде, сіздің балаңызда немесе сіздің отбасы мүшелеріңізде Covid-19 белгілері болса, балаңызды мектепке жібермеуіңізді сұраймыз. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында берілген нұсқауларды орындағаныңыз жөн.

6) Мен баламның Haileybury мектебінде оқығанын қалаймын. Мен мектеп бойынша турға немесе Open Day шарасына жазыла аламын ба?

Covid-19-бен байланысты қауіп-қатерлер азайған кезде сізді және сіздің отбасыңызды Haileybury мектебінде қарсы алу біз үшін үлкен қуаныш болады. Егер сіз 2020 жылы оқуға өтініш бергіңіз келсе, оқушыларды қабылдау бөлімінің маманмен байланысыңыз, ол сізге мектепке қабылдау туралы толық ақпаратты қашықтан береді.

7) Мен келесі семестрде мектеп бойынша турға жазылғам. Бұл тур бола ма?

Қазіргі уақытта біз Haileybury мектебі бойынша тур өткізбейміз, бірақ жалпы жағдай қауіпсіз болғанда сізбен кездесуге және сізге біздің тамаша мектебімізді көрсетуге қуанышты боламыз. Наурыз мерекесінен кейін мектеп бойынша турға жазылғандардың барлығымен мектепке қабылдау туралы қашықтан толық ақпарат беру үшін хабарласамыз.

8) Менің балам көктемгі демалыстан кейін емтихан тапсыруы керек. Егер мектеп жабылса не болады?

Мектепті жабу әлі жоспарымызда жоқ. Осыған қарамастан, біз Үкіметтің нұсқауларын орындауды жалғастырамыз және веб-сайтымызда ағымдағы жағдай туралы үнемі ақпарат беріп отырамыз. Біз дайындық жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда қашықтан оқыту жоспарын іске асырамыз.

Алдағы жазда не болатынын болжай алмаймыз, бірақ емтихан (A Levels немесе IGCSE) тапсыратын барлық оқушылардың емтихан тапсыруын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз деп сендіргіміз келеді.

 

 

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ