Мектеп мақтанышы: Николь Ченді UCL-ді бітіруімен құттықтаймыз!

Мектеп мақтанышы: Николь Ченді UCL-ді үздік дипломмен бітіруімен құттықтаймыз!

Құрметті Haileybury Almaty мектебі!

Мен University College Londonда өткізген үш жылды бір ғана «қиын» деген сөзбен мазмұндап берер едім.

Түсініксіз дәрістерден шыққанда басым айналып, соңғы сағатта алынған барлық ақпараттан менің басым жарылуға дайын болғанын сезгенім әлі де есімде. Мен қорқақтанып, кітапханадағы сөрелер арасында кезіп жүрдім. Нақты мәтінді іздеу барысында мен ақырында мені қоршап тұрған және еліктіріп тұратын шексіз білімге толықтай беріліп кететін едім.

Әрине, бірдеңе ойдағыдай шықпай жатқан жағдайда түңілген сәттерім де болды, бірақ содан кейін міндетті түрде барлық түсініксіз элементтер логикалық анық тұжырымдамаға біріктірілген кезде шынайы қанағаттану сәті келетін.

Менің университеттегі дамуым мен жетістігімді мектепте бойыма сіңірген Haileybury дағдыларымен түсіндіруге болады. Өз тобымда енді үздік емес екенімді және ақылды студенттермен бірдей деңгейде болу үшін екі есе көп жұмыс істеуім керек екенін түсінгеннен кейін пайда болған өзіме деген сенімсіздікті және осалдығымды жеңу үшін үлкен табандылық қажет болды. Алайда менің табандылығым әр қателіктен немесе сәтсіздіктен кейін жеңілмеуге көмектесті. Бұл қасиет мен қай жерде жүрсем де мені күткендей болып көрінетін шексіз қиындықтарды жеңуге мүмкіндік берді.

Табандылығымның арқасында мен бакалавриат бағдарламасын үздік бітіріп, бірінші курста ВВС-де тағылымдамадан өтіп, шығармашылық және аналитикалық қабілеттерімді жетілдіріп, жақында бастайтын қайырымдылық ұйымына жұмысқа тұру үшін баға жетпес тәжірибе жинадым.

 

Менің түсінігімде табандылық батылдықпен тығыз байланысты. Шын мәнінде, мүлдем түсінбейтін тақырыптармен жұмыс істеуді жалғастыру немесе бұрын-соңды кездестірмеген тақырыптарды зерттеу үшін үлкен батылдық қажет, ал таңдаған мамандығым көп салалы болуына байланысты менен дәл сондай батылдықты талап етті. Кезінде ақылға сыймайтын болып көрінген антропология мен философия мені еліктіріп кетті. Тек батылдық пен табандылықтың арқасында мен бұл пәндерді түсініп қана қоймай, олардан жақсы нәтижелерге қол жеткізе алдым! Оның үстіне, олар менің сүйікті пәндеріме айналды. Бұрын өте қиын болып көрінген тақырыпқа қайта оралып, батылдық пен қажырлы еңбектің арқасында дәл сол тақырып айдай анық болып кеткенін түсіну қандай ғанибет!

Білімге құмарлық университет оқуының маңызды бөлігі болып табылады. Тек сұрақтар қою арқылы ғана білімге жол ашуға болады, ал сұрақтар қою үшін сіз батыл болуыңыз керек. Университет маған білімнің шексіз екендігін көрсетті, бірақ бұл тек академиялық білім ғана емес. Жоғарыда айтып өткен үш дағды кітапханадан тыс өмірімді оңай суреттей алады. Батылдық маған өзімнің жеке радиохабарларымды жүргізіп, журналдар шығару сияқты жаңа әуестігімді игеруге көмектесті, қателіктеріме қарамастан, табандылық танытуға көмектесті. Білімге құмарлық жаңа пәндерді оқып үйренуге ғана емес, сонымен қатар үнемі жаңа көшбасшылық пен мансаптық мүмкіндіктерді іздеуге, жаңа адамдармен танысуға және қоршаған ортаның сұлулығын көруге көмектесті.

Мен барлығын сынап көргім келді, бұл мақсатқа жету үшін мен ұйымдастырушылық дағдыларына жүгінуім керек еді. Бірден бірнеше бағыт бойынша үздік болғым келді, мысалы, оқуымнан жақсы нәтиже көрсетіп, хоббиім мен достарыммен қарым-қатынасыма көп уақыт пен күш жұмсап, жарты күнге жұмысқа тұру. Басында бұл мүмкін еместей болып көрінді, бірақ көп ұзамай мектепте игеріп алған уақытты ұйымдастыру және басқару қабілеті маған айтарлықтай көмектесетінін түсіндім және мен жоғарыда айтылғандардың бәрін біріктіре алдым. Тапқырлықтың маңызды қасиет екендігіне көзім жетті, өйткені уақытымды оңтайландырудың жолдарын үнемі іздеуге мәжбүр болдым. Шынымды айтсам, менде жолдағы қиындықтар туралы ұзақ ойлануға уақыт та болған жоқ. Егер сіз көптеген мәселелерді бір уақытта жеңуге тырыссаңыз, тапқырлық сізге үлкен көмек болады.

Талдау қабілеті де маңызды рөл атқарады, өйткені ол барлық басқа дағдыларға ерекше көңіл бөледі де олардың құндылығын арттырады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша UCL бакалавриат бағдарламасын үздік аяқтағаннан кейін мен университетте өткен үш жылды ғана емес, сонымен қатар мені табысты болуға дайындаған Haileybury Almaty мектебіндегі өткізген уақытымды өте жақсы талдай аламын. Университетте оқып жүрген кезімдегі тұрақты талдау жасау маған күшті және әлсіз жақтарымды бағалауға, қызығушылықтарым туралы ойлауға және өз-өзімді жетілдіруге мүмкіндік берді. Соңғы үш жыл ішінде мен адам ретінде түбегейлі өзгердім, көптеген көзқарастарымды қайта қарадым, ең бастысы, өмірден ләззат алдым. Мен барлығы оңай болғандықтан немесе достармен кездесулерден емес, барлық қиындықтарды жеңіп, көкжиегімді кеңейтіп, күш-қуатымды сынап және өмірімнің барлық салаларында үздік болып қалуымнан   ләззат аламын.

Нағыз шындықты айтсам, мен әрқашан үміт үзбей күрестім. Соңғы үш жылдағы алған басты сабақтарымның бірі – күреске ризашылық білдіріп, оны қабылдау керек. Күресу алға ұмтылу дегенді білдіреді, ал қиындықтардың соңында бізді әрқашан жеңіс күтіп тұрады. Маған әлемдегі ең жақсы оқу орындарының бірінде күресуге мүмкіндік берген Haileybury Almaty мектебіне ең аз дегенде үлкен алғысымды білдіремін. Мектептің маған берген мүмкіндіктері мен оқу барысында алған білімім маған тұлға ретінде айтарлықтай әсер етті және мен мектептің, оның оқушыларының дамуына және оның миссиясына өз үлесімді қосқым келеді.

Ізгі ниетпен,

Николь Чен

 

Жаңалықтар
30.06.2020
Үздік АҚШ университеттерінде оқу
Біз сіздің АҚШ-та оқып, өмір сүру туралы барлық сұрақтарыңызға жауап береміз!
26.06.2020
Service to others
Қоғамға қызмет ету – Haileybury мектебінің басты құндылығы.
26.06.2020
Францияның "Гарварды" атанған Science Po университетінде оқу
Біз әлемнің үздік университеттерінде оқитын Haileybury түлектері өткізетін онлайн-вебинарларды жалғастырамыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

22.06.2020 Мектеп жазғы демалысқа жабылады.

Біздің басшылығымыз Haileybury мектептерін қайта ашуды жоспарлауда тығыз жұмыс істеуде, және біз тиісті органдардан растау алғаннан кейін барлық отбасыларды мектептің ашылу күні туралы хабардар етеміз.

Қазіргі уақытта біз 2020 жылдың тамыз айында жаңа орындарға шектеулі ғана өтінімдерді қабылдаймыз. Біздің мектепке түсу туралы көбірек білгіңіз келсе, оқушыларды қабылдау бөліміне хабарласыңыз: admissions@haileyburyalmaty.kz.