Бүгін біз A Level емтиханының нәтижелерін алған Алтыншы саты түлектерімен ерекше мақтан тұтамыз. Жалпы нәтижелеріміздің 60%-ы A*/A бағасын, 26% - A* бағасын құрастырады. Бұл A Level нәтижелері 11 жыл бұрын ашылған мектебіміздің тарихындағы ең үздік болып табылады. Барлық пәндер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізілді, соның ішінде химия, биология, математика және информатика сияқты STEM пәндерінің нәтижелері бізді қатты қуантты.
Джон Коулз, мектеп директоры: «Бұл нәтижелер біздің мектебіміз үшін керемет академиялық жетістік. Біз оқушыларымызды A Level емтихандарын жоғары деңгейде өтулерімен құттықтаймыз! Оқушыларымыз көрсеткен қажырлы еңбек пен табандылығы өз жемісін берді, өйткені олар әлемнің таңдаулы университеттеріне түсе алды. 2018 жылы оқушыларымыз алғаш рет Айви Лигасы университеттеріне оқуға түсті, биыл АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азия университеттерінде өз оқу жолын бастайды. Біздің түлектер медицина, математика, инженерлік іс, философия, саясат және экономика сияқты мамандықтарға түскен университеттердің ішінде North Eastern University, Oxford University, Birmingham, UCL и Hong Kong University атауға болады. Кейбір оқушылармызға АҚШ, Азия және Еуропада оқуға стипендия ұсынылғанына біз өте қуаныштымыз. Осы жетістіктердің барлығы үнемі еңбек ету және академиялық шеберлікке ұмтылудың нәтижесі болып табылады және бұл, әрине, таңғажайып жылдың тамаша қорытындысы болып табылады.
Vivat Haileyburia!»