Мектеп мақтанышы: UCL түлегі Карина Туканованы құттықтаймыз!

«Өмірді өзгерткен сәт» десек, әдемі естіледі, солай емес пе? Алайда, шын мәнінде, көбінесе ең қарапайым нәрсе сіздің ойыңызша өмірді өзгертетін оқиғалар тізбегін қозғалысқа келтіруі мүмкін. Осындай жағдай менімен 2014 жылдың көктемінде бірінші рет ағылшын тілі олимпиадасына қатысу үшін Haileybury Almaty мектебінің жап-жарық дәлізіне кірген сәтте болды. Сол кезде мен бес жылдан кейін болашақта не күтіп тұрғанын білмей, бірақ ересек өмір атты қызықты саяхатқа аттануға дайын бола тұрып, әлемнің ұлы ойшылдарының білімі мен шығармалары сақталған ескі университет кітапханасында отырып, салыстырмалы әдебиет бойынша диссертацияны жазып отыратынымды елестете алмадым. Бәрі де осы қарапайым, еш нәрсемен ерекшеленбейтін көктем күні орын алды.

Мүмкін, бірнеше жылдан кейін мен UCL-де өткізген уақытымды еске түсіріп, барлығын өзгертіп жіберген күнді анықтауға тырысатын болармын, бірақ дәл қазір барлық күндер эмоциялар, естеліктер мен әңгімелер бір спектрге біріктірілді. Егер осы үш жыл қуаныш, көңілді және жағымды толқуларға толы болды десем, өтірік айтамын. Оларды «менің өмірімдегі ең жақсы жылдар» деп айту одан да үлкен өтірік болар еді. Алайда, олар мен үшін баға жетпес тәжірибеге айналды, бұл тек академиялық потенциалымды ғана емес, сонымен қатар беріктігімді сынау уақыты болып табылады.

British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty

UCL-дегі бірінші курста мен ешқашан алдымнан шықпайтын болар деген үйді сағыну, өзімді жоғалғандай сезіну сияқты мәселелермен кездестім. Әрқашан «бостандыққа қол жеткізуді» және тәуелсіз өмір сүруді армандай отырып, мен мектептен жоғары оқу орнына ауысу кезінде қиындықтар болмайды деп ойладым, бірақ, шын мәнінде, мен қатты қиналдым. Күнделікті академиялық және қоғамдық жұмыстарды үйлестіру, үй жұмыстарымен айналысу қиынға соқты, тіпті кір жуу немесе тамақ дайындау сияқты ұсақ-түйектер мен үшін үлкен мәселе болып шықты. Тереңірек деңгейде мен Қазақстанмен, өз мәдениетіммен және тамырларыммен бұрынғыдан да жақын қарым-қатынасты сезіне бастадым, мен өзімді орынсыз және жетілмеген сияқты сезіндім. Алғашқы бірнеше айда оқу үдерісі де қиын болып көрінді. Haileybury мектебінің мықты білім базасына ие болғаныма қарамастан, университеттегі академиялық үміттер мен әлеуметтік қысым А-levels бағдарламасындағы дайындыққа қарағанда әлдеқайда жоғары болды және жақсы нәтижеге жету оңай болған жоқ. Бірінші эссемді ашқанда 55 деген сұмдық бағаны көріп, көңілім түсіп кетті, өйткені бұл бағаға лайық емеспін деп ойладым. Осының бәрі қазір маған болмашы нәрсе болып көрінсе де, мен бұл қиындықтарды жеңіп, өз орнымды таба алғанымды мақтан тұтамын. Бірінші курсты 2: 1 нәтижесімен аяқтап, екінші курста бірінші болуды мақсат еттім.

Кездейсоқтық арқасында (дәлірек айтсақ, кітапханада ұзақ уақыт отырудың арқасында) мен екінші курсты жоғары нәтижемен аяқтадым. Сонымен қатар, осы кезде мен соңғы курсымда толыққанды диссертацияға ұласып кеткен кино тақырыбын терең зерттей бастадым. Мен әрқашан фильмдер көруді ұнататынмын, бірақ UCL-де мені кино сынының және эстетиканың жаңа әлемі қызықтырды. Мен кинематография бойынша бірнеше модульдерді өту барысында фильмдерді феминистік көзқараспен рецензиялау және қазақ киносы саласына әуестендім. Бұл сала негізгі ғылыми ортада жиі назардан тыс қалатындықтан оны соңғы курста диссертациямның тақырыбы ретінде таңдадым. Осы бағытта жасаған жұмысымды мақтан тұтамын, қайта құру кезеңіндегі және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы кинодағы әйелдер бейнелерін зерттеп, қазақ киносына аз да болса үлес қосқаныма қуаныштымын.

Бір айта кететін жайт – және бұл, бәлкім, мен үшін ең бағалы тәжірибе – соңғы үш жыл ішінде «әрекет болмай, берекет болмас» дегенді түсіндім. Әрине, мен бұны бұрын да білетінмін, бірақ енді мен шетелдік студентке өзін көрсету үшін, алға қойған мақсатына жету үшін екі, тіпті үш есе көп жұмыс жасау керектігін түсіндім. Көші-қон заңдары, визалар, жұмысқа рұқсаттар сияқты көптеген бюрократиялық мәселелер бар, бірақ мен үшін ең қиын нәрсе – психологиялық кедергілерден арылу, өзімді басқалармен салыстыруды, әрқашан жеткіліксіз істеп жатқанымды сезіну немесе басқалар менен не күтеді деп ойлауды доғару. Маған ұнайтын істі және жақын арада не істегім келетінін анықтау оңай болған жоқ, ал шынымды айтсам, менің нақты жауаптарым әлі жоқ. Мен екінші курста іс-шаралар орталығының мүшесі  жарты күнге жұмыс істей бастадым. Жұмыстағы міндеттер туралы ақпарат маған өте қызықты болып көрінгені есімде, бірақ іс жүзінде біз орындықтарды бір бөлмеден екінші бөлмеге апарып, клиенттерде жапсырмалар жеткілікті екеніне көз жеткізіп жүрдік. Бақытыма орай, ол жерден жақсы жалақы алатынмын және UCL-де аға тәлімгер ретінде жұмыс істей отырып, мен бір жыл бойы өзімді материалдық жағынан қамтамасыз ете алдым, бірақ менің үлкен мансаптық мақсаттарымды қалай іске асыруды әлі де болса білмедім.

British independent school in Haileybury Almaty

Кейінірек мен маркетинг және әлеуметтік желілер әлеміне қалай кіріп кеткенімді өзім түсінбей қалдым. Топтағы студенттермен  жатақхананың жалпы бөлмелерінің бірінде студенттік интернет-журнал құрдық, мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды басқаруға өз еркіммен бардым. Бұл процесс маған өте оңай болды. UCL ашық күндеріне және шақырылған спикер ретінде құттықтау шараларына қатыса отырып, мен өзімнің студенттік тәжірибем мен болашақ студенттерді UCL-ге қалай тарту туралы ойларыммен бөлістім. Мен Haileybury мектебінде оның 10 жылдық мерейтойын ұйымдастыруға көмектесіп, бір айлық тағылымдамадан өткеннен кейін, мен дәл қазір маркетингке қатты қызығушылық танытқанымды түсіндім. Сондықтан биыл мен осы салада жұмыс табуға тырысамын. Танысу және әлеуметтік желілерге арналған жаңа қосымшаның жобасында мен маркетинг және әлеуметтік желілердің менеджері ретінде жұмыс істедім, сонымен қатар цифрлық дәуірдегі маркетинг негіздерін, әлеуметтік желілердегі мәліметтер мен стратегияларды өңдеуді өз бетінше оқуды бастадым. Менің ойымша, бұл жұмыс бекер болмады, өйткені мен бір айға жуық мобильді маркетинг агенттігінде тиімді маркетингтік бойынша аналитик ретінде толық уақытты жұмыс істедім және мен өзіме де, ұжымға да қуаныштымын. Әрине, мен жұмысқа қабылданғанға дейін сансыз өтініштер жібердім, жүздеген электрондық хаттарым жауапсыз қалды, бірнеше сұхбатқа қатысып, соңында «Бөлген уақытыңыз үшін рахмет, бірақ өтінішіңіз әрі қарай қарастырылмайды» деген хабарламалар алдым. Жоғарыда айтып өткенімдей, менің виза алуым әлі де толығымен құпталған жоқ, сондықтан мен бұл жаңалықты әлі ресми түрде жариялаған жоқпын (көз тимесін деп қорқамын), алайда мен үшін нағыз қызықты және мені оқуға, білімімді кеңейтуге мәжбүр ететін нәрсе таптым.

«Өскенде кім болғың келеді?» Бұл сұрақ уақыт келгенде әркімді мазалайды. Мен кім болғым келетінімді және қашан есейетінімді әлі білмеймін. Бірақ мен бір нәрсені нық білемін –  бес жыл бұрынғы көктем күні ерекше болды.

Карина Туканова

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ