Жоғары мектеп оқушыларына арналған гранттар

Шетелде білім алу – көптеген жоғары мектеп оқушыларының арманы. Haileybury Almaty шетелдік жоғары оқу орындарына түскісі келетін оқушыларға Жоғары мектепте оқуға гранттар ұсынады. Негізінен, бұл гранттар Алтыншы сатыда (A levels) оқуды бастауға мүмкіндік алған 15-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған. A levels бағдарламасы бүкіл әлемде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында танылады және әлемдік деңгейдегі университеттерде оқуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, көптеген академиялық жетістіктерге қол жеткізген, британдық білімге және үздік британдық және әлемдік университеттерге жол ашатын Advanced Level General Certificates of Education (GCEs) немесе A levels бағдарламасында оқуға қызығушылық танытқан оқушыларға гранттық байқауға қатысуға рұқсат етіледі.

A levels бағдарламасын сәтті аяқтаған оқушылар АҚШ, Еуропа, Канада, Австралия және әлемнің басқа елдерінің университеттерімен жоғары бағаланады. Тіл білудің жоғары деңгейі қажет емес, өйткені бізде барлық грант иегерлері үшін тамаша тіл бағдарламасы бар.

Haileybury Almaty мектебінің артықшылықтары

  • Жоғары стандарттар мен жан-жақты білім беруге бағытталған британдық білім
  • Жоғары білікті мұғалімдер және дамытылған материалдық-техникалық базасы бар заманауи мектепте оқу
  • Қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты мектеп шығындарын 100% жабу
  • Ағылшын тілін үйренуде қарқынды қолдау көрсету
  • Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Еуропа және әлемнің басқа да елдерінің университеттеріне түсу барысында жеке қолдау және тәлімгерлік.

Haileybury Almaty гранттық бағдарламасы 2011 жылы басталды. Осы жылдар ішінде біз әлемнің үздік университеттерінде оқуға мүмкіндік алған 40-қа жуық баланы оқыттық.

Гранттың мақсаты – академиялық әлеуеті, айқын көшбасшылық қабілеттері бар және жаңа білім мен дағдыларға ұмтылған балаларды қаржылай қолдау және тарту.
Грантқа ие болу үшін оқушы міндетті түрде А Levels бағдарламасы бойынша оқу кезінде жоғары академиялық үлгерімді көрсетіп, жеке жұмыс жоспарын адал орындап, өзінің білім деңгейін көтеріп, өзін-өзі тәрбиелеп, сабақтан тыс жұмыстарға белсенді қатысу керек.
Біздің түлектеріміз келесі университеттерде білім алып жатыр:

University of Cambridge
University College London
Durham University
University of Bath
Queen Mary’s
University of London
Royal Holloway
University of London
London School of Economics
Manchester Imperial College
London Central St Martins

Грант келесі шығындарды өтейді:

  1. Оқу ақысы
  2. Жеке оқу материалдарының құны
  3. Халықаралық емтихандардың бағасы

* A Levels бағдарламасы бойынша оқу басталған сәтте 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын оқушыларға ғана грант байқауына қатысуға рұқсат етіледі.

Байқауға қатысу үшін үміткер:

  • Өтінішті жіберу
  • Отбасының қаржылық жағдайын растайтын құжаттарды беру
  • Ағылшын, математика және таңдалған пәндер бойынша тестілеуден өту керек.
Меруерт Аскатова, Оқушыларды қабылдау бөлімі басшысы

Меруерт Аскатова

Оқушыларды қабылдау бөлімі басшысы
Елнұры Атакозиева, Оқушыларды қабылдау бөлімі көмекшісі

Елнұры Атакозиева

Оқушыларды қабылдау бөлімі көмекшісі

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ