Жоғарғы мектеп ( 11-18 жас аралығы)

British independent school in Haileybury Almaty

3-ші, 4-ші және 5-ші кезеңдерді қамтитын және де 200-ден астам оқушысы бар (11-18 жас аралығындағы оқушылар) Жоғары Мектепке қош келдіңіздер!

Мектептің жалпы міндетіне сай, біздің мақсатымыз - мектептегі қоғамдастықта оқушылардың динамикалық өзгеріп жатқан әлемдік жағдайлардағы академиялық, физикалық, мәдени және әлеуметтік әлеуеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім беру тәжірибесінің жинақталуына жағдай жасау.

Біз Haileybury Дағдыларын дамыту мақсатына оқушыларды ынталандыру арқылы қол жеткіземіз, оқушыларымыздың кез-келген іс-шараға қабілетті, ақылды, батыл, қызығушылық танытқан, ұйымдасқан және табанды болу қабілеттерін шынықтырамыз, дамытамыз.

Білім берудің кең спектрімен толықтырылған, теңестірлген және оқушыны ынталандыратын оқу бағдарламасы арқылы оқушыларымыздың академиялық жетістіктері мен жеке дамуының жоғары стандарттарына сай болуына барлық күш-жігерімізді жұмсаймызз.

7-ші және 9-шы сыныптарда біз қазақстандық стандарттарға сәйкестендірілген британдық ұлттық оқу бағдарламаларын, 10-11 сыныптарда IGCSE, ал 12-ші және 13-ші сыныптарда A-Levels бағдарламасы бойынша білім береміз.

Сыныптағы оқушылардың ең көп саны - 22, ал А- Levels деңгейінде оқушылар саны одан да аз. Бұндай жеңілдік мұғалім-оқушы  қатынасының мінсіз болып, мұғалімнің әр оқушыға жеке көзқарас ұсынуына мүмкіндік береді.

Рис Томас, Haileybury Almaty мектебінің Жоғарғы мектеп басшысы

Рис Томас

Haileybury Almaty мектебінің Жоғарғы мектеп басшысы
Томас мырза Ұлыбританияда және басқа да шет елдерде он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан оқыту және көшбасшылық тәжірибесі бар маман. Батыс Англия Университетіндегі Мәдениеттану және Ақпараттық Қызметтер саласында үздік бакалавр дәрежесін алды, Томас Ванн СПА Университетінде орта білім (АКТ) мамандығы бойынша аспирантураны бітірді. Хэйлибери Алматы мектебіндегі жоғарғы мектептің меңгерушісі дәрежесіне дейін Томас мырза жалпы орта білім беру бөлімінің бастығы және Алтыншы Саты меңгерушісі қызметін атқарды. Ол оқушыларының әлемдегі үздік университеттерге оқуға түсуіне ерекше көңіл бөліп, бар көмегін аямайды.

Key stage 3 (Негізгі Кезең 3) (11-14 жас аралығы)

Key Stage 3 - студенттердің академиялық және әлеуметтік дамуындағы өте маңызды қадам. Біріншіден, бұл 7-сынып оқушылары жасөспірімдер мектебінен жоғарғы сыныпқа ауысады. Онда сабақ кестесінде, оқу жоспарында және мұғалімдермен жұмыс істеутүрінде өзгерістер көп болады.

Ұсынатын сабақ кестеміз оқушыларға сыныпта және Негізгі Кезеңдерде ғана емес, сонымен қатар, мектептен тыс жерлерде  де қолдау көрсететін құндылықтар мен оң көзқарасты дамытуға бағытталған.

Key Stage 3 кезеңінде 20-дан астам пәннен тыс үйірмелік іс-шаралар ұсынылады және  де оқушылар Студенттік Кеңес шеңберінде өздерінің көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін жағдайларды талқылап, мектеп өмірін кеңейте алады.

 Key Stage 3 оқушылары бойынан әртараптандырылған және білімді жастарға айналуға мүмкіндік беретін ынта-жігердің, ақылдың және жетілудің жоғары деңгейін байқауға болады.

Ағылшын тілі, математика, жаратылыстану ғылымдары, тарих, география, Қазақстан тарихы және қазақ тілі, қазіргі шет тілі, өнер және дизайн, музыка, дене шынықтыру, азаматтық құқық және информатика пәндері мектеп оқу бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

Key stage 4 - IGCSE (Негізгі Кезең 4) (14-16 жас аралығы)

Key Stage 4 кезеңі 10-шы және 11-ші сыныпты қамтиды, онда оқушылар IGCSE бағдарламасы бойынша оқиды (Жалпы Орта Білім туралы Халықаралық Сертификаты). Оқушылар математика, ағылшын тілі, жаратылыстану ғылымдарының екі немесе үш пәні, қазіргі заманғы шет тілі және таңдауға арналған үш қосымша пәні бар негізгі пәндерді оқиды. Оқушылар қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндерін оқуды  жалғастыра береді.

Екі жылдық курс аяқтап, емтихандарын тапсырғаннан кейін, оқушылар әр пән бойынша халықаралық танылған сертификаттармен марапатталады.

IGCSE бағалары ең жоғарғы балл А * -дан  А, B, C, D, E, F, G-ге дейін болады.

Бұл болашақ туралы ойлауға және болашақ мамандыққа қандай пән таңдауға болатынын жоспарлау уақыты ғана емес, сонымен қатар студенттердің көптеген өзгерістер мен эмоционалдық немесе әлеуметтік мәселелерге тап болатын уақыты.

Key stage 5 / Алтыншы Саты – Орта Білім туралы A’levels Сертификаты (16 -18 жас аралығы)

Орта Білім туралы Сертификаттың ең жоғары деңгейі A'levels деген атпен белгілі бағдарлама Ұлыбританияның жоғары оқу орындарына түсу үшін ең танымал бағдарламалардың бірі болып табылады. Бұл сертификат бүкіл әлем және американдық, еуропалық, канадалық және австралиялық жоғарғы оқу орындары тарапынан бағаланады, A'level сертификаты иегерлері  аталған елдер жоғарғы оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады. Көптеген британдық және халықаралық оқушылар A'levels бағдарламасын аяқтаған соң әлемдік жоғарғы оқу орындарына түседі.

Бұл біліктілік академиялық табыстың дәлелі ретінде кеңінен мойындалады.

A'level бағдарламасы екі жылға созылады, және емтихандар әр жылдың соңында немесе курс аяқталғанда өтеді.

Хэйлибери Алматы мектебінің оқушылары әлемдегі жоғарғы оқу орындарында үздік білім алуға мүмкіндік беретін үш (кейбір жағдайларда төрт) пәндерді оқиды. A'level бағдарламасы бойынша емтихан бағалары А-дан бастап Е аралығында болады.

Студенттер өз ой-өрістерін кеңейту үшін эпистемология, сыни ойлау сияқты пәндерді де зерттейді. Оқушыларға түрлі бағыттар бойынша элективті курстар ұсынылады және халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігі беріледі. Алтыншы Саты сабақтары оқушыларды әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарында оқуға дайындайды

Меруерт Аскатова, Оқушыларды қабылдау бөлімі басшысы

Меруерт Аскатова

Оқушыларды қабылдау бөлімі басшысы

Недавние фотографии

British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty
British independent school in Haileybury Almaty

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ