Мектеп басшылығы

Джон Коулз, Headmaster

Джон Коулз

Headmaster
Соңғы 20 жыл бойы білім беру саласында академиялық тұрғыдан мықты және табысты қоғамдық және тәуелсіз мектептерде жұмыс істеп келген Джон Коулз, үнемі сапалы білім беру бағдарламалары мен мектеп өмірінің басқа да аспектілері бойынша үздік білім беруді қамтамасыз етуге ұмтылды.

Джон Коулз өз қызметі барысында басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеген тәжірибесі мол және білім беру стандарттарын жетілдіруге қосқан үлесі үшін Лондондағы білім беру институты және әлемнің Жетекші Тәуелсіз Мектептерінің Кәсіби Қауымдастығы Тәуелсіз Мектептерде Біліктілігін Жоғарылату Бағдарламасын бойынша негізгі әзірлеуші және оқу-жаттықтырушы болу үшін шақыру алды. Ол үнемі оқушылардың табандылық және тапқырлық қабілеттерін дамытуға, сол арқылы оларға жоғары білім деңгейлеріне қол жеткізуге көмектесу үшін аянбай қызмет атқарды. Ең бастысы, Джон оқушылардың мектептен тыс өмір талаптарына жауап бере алатын азамат болып қалыптасуларына көп көңіл бөліп, қолдау көрсетті.

Оқытудың дәстүрлі аспектілеріне қызығушылық танытқан Джон, оқытудың технологиясын қолдануға да аса жоғары көңіл бөледі. Бірнеше ірі білім беру конференцияларында негізгі спикер ретінде Джон мектептерде технологияның пайдаланылуы мен маңыздылығы туралы түрлі тақырыптарда баяндама жасады.


Контакты:
T +7 (727) 355 0100 (ext. 236)
J.Coles@haileyburyalmaty.kz
Мэттью Эстон, Haileybury Almaty мектебінің бастауыш мектеп басшысы

Мэттью Эстон

Haileybury Almaty мектебінің бастауыш мектеп басшысы
Уэльстің Суонси университетінде аспирантуралық педагогикалық білім алғанға дейін Эстон мырза Глостершир университетінде психология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Эстон мырзаның Ұлыбритания және шетел мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде 15 жылдық тәжірибесі бар. Жетекші лауазымға орналасудан бұрын, ол төменгі сынып оқушыларына білім берген. Жақында ол өз білімін жетілдіру курсын сәтті аяқтап, Директорлардың Ұлттық Кәсіби Біліктілігі сертификатын (NPQH) алды. Эстон мырза кәсіби өсу мен дамуға деген сүйіспеншілігі мол, барлық оқушылар мен қызметкерлердің өздерін танып-біліп, кім екендіктерін танытуға мүмкін ортаны құруға тырысатын маман. Хэйлибери Алматы мектебінде жұмыс істеп, өзінің мектептің даму жолындағы бір бөлігі болуын мақтан тұтады. Эстон мырза мектептен тыс белсенді өмір салтымен айналысады және триатлон мен әр-түрлі марафондарға қатысады.

Байланыс:
T +7 (727) 3550100 (ext. 233)
M.Aston@haileyburyalmaty.kz
Светлана Ким, Қаржы директоры

Светлана Ким

Қаржы директоры
Светлана Қазақ мемлекеттік басқару академиясының (Нархоз) дипломын бухгалтерлік есеп және аудит бойынша экономист мамандығы бойынша біліктілігін алған. Әртүрлі халықаралық компанияларда және акционерлік қоғамдарда қаржы менеджменті мен басқару саласында жұмыс тәжірибесі 20 жылдан астам.
Қазіргі уақытта Светлана Haileybury Almaty Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының директоры және 2008 жылдың қаңтар айынан бастап 10 жыл бойы осы мектепте жұмыс істеп келеді. 2010 жылы Хэйлибери Астана мектебінің құрылысы кезінде директор болды. Оның міндетіне компанияны басқару, қаржы, әкімшілік және экономикалық басқару кірді.
Светлана EICPA, Ресей ПАА, CAP сертификаттарының иесі, қазіргі кезде Anglia Ruskin Университетінде Жоғары МВА тезисі бойынша жұмыс істеуде. Ол Британдық Кеңестің біліктілігін растау халықаралық сертификатын алды. (CPD) Қазақстан Республикасының білім беру сапасын қамтамасыздандыру жүйесі бойынша аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің балаларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету (ККФ), жетілдірілген қорғаныс және балаларды қорғау жөніндегі сыйлығының иегері.
Оның қатысуымен мектеп халықаралық институционалдық аккредитациядан табысты өтті

Байланыс:
T +7 (727) 3550100 (ext. 205)
s.kim@haileyburyalmaty.kz

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ