Haileybury отбасы

Әр оқушы – Haileybury ғаламдық отбасысының мүшесі. Әр оқушы Haileybury дәстүріне өз үлесін қоса алады. Біз ортақ белгі, терминология және Haileybury отбасымен бөлісетін жоғары сапалы білім беру қағидаларын ұстанатынымызды мақтан тұтамыз.

Теңгерімді және ынталандырушы білім беру бағдарламасын әзірлеу және енгізу арқылы әлемдік деңгейдегі университеттерде академиялық жетістіктерге жету үшін әр оқушының потенциалын ашу.

Оқушыларға спортпен, бейнелеу өнерімен айналысуға, көшбасшылық қабілеттерін көрсете отырып, командада жұмыс істеуге мүмкіндік беру арқылы әр оқушының потенциалын ашу.

Әрбір оқушыға қамқор болу және оның әл-ауқатын қамтамасыз ету, оқушыларды әлем азаматтары ретінде өмірге дайындайтын қайырымды Haileybury қауымдастығы аясында берік моральдық нысаналарды дамыту.

Қазақстан Республикасы және Haileybury мектептерінің дәстүрлерін, құндылықтарын, мұраларын және мәдени әртүрлілігін адамгершілік мінезде және қоғамдық қызметте бейнелеу үшін Haileybury қауымдастығымен қарым-қатынас арқылы әр оқушының жеке басын дамыту.

Мектепке дейінгі білім беру сатысынан бастап Алтыншы сатыға дейін оқушылар санын сақтап қалу және бәсекеге қабілеттілігі жоғары мықты әрі жарқын мектеп қауымдастығын құру.

2011 жылы Президент Назарбаев Haileybury Астана мектебін ашты. Бұл мектеп IB World бағдарламасы бойынша жұмыс істейді және әлемнің ең жақсы университеттеріне түсуге, жастарды болашақ көшбасшысы болуға дайындайды.

Ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы

Зерттеу бойынша ата-аналардың өз балаларының білім алу үдерісіне қатысуы емтихандардың нәтижелері мен оқушылардың мінез-құлқына айтарлықтай әсер етеді. Отбасының қаржылық жағдайына қарағанда сәттіліктің нағыз көрсеткіші осы болып табылады. Осыған байланысты, Haileybury Almaty біздің қоғамның әл-ауқат жөніндегі директоры жүзеге асыратын ата-аналармен серіктестік бағдарламасын енгізді. Бұл бағдарлама Джонс Хопкинс университетінің профессоры Джойс Эпштейн моделіне сәйкес АҚШ ұлттық стандарттарына негізделген.

Ата-аналармен серіктестік бағдарламасы ата-аналарды мектеп өмірінің 6 бағытына қатысуға шақырады: оқушының жетістікке жетуі үшін ата-аналарға арналған тренингтер, үйде оқыту, коммуникация, еріктілер қызметі және шешім қабылдау.

Мектеп ата-аналарға осы бағыттарға қатысуға мүмкіндік беретін көптеген ақпараттық сессиялар, семинарлар және басқа шараларды өткізеді. Қосымша ақпарат алу үшін Firefly немесе мектептің веб-сайтында орналастырылған Ата-аналармен серіктестік бағдарламасы туралы анықтамалықты қараңыз.

Друзья Haileybury

При помощи «Друзей Haileybury» родители проводят мероприятия для оказания теплого приема новым родителям, организовывают Школьные ярмарки, лотереи, официальные мероприятия для развития коммуникации с различными сообществами Международной школы. Такие мероприятия как ежегодная церемония «Speech Day» предоставляет возможность всем тем, кто имеет отношение к нам, пообщаться с детьми, сотрудниками школы, родителями и попечителями и отметить достижения школы, которые она показала за год.

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ