Мектептерімізге қош келдіңіздер!

Haileybury Astana

Haileybury Астана мектебін президент Назарбаев 2011 жылы ашты. Мектеп оқушыларға IB World бағдарламасы бойынша білім береді, осының нәтижесінде жоғары сынып оқушылары әлемнің атақты әрі үздік білім ордаларында білім алуға бірегей мүмкіндіктерге ие болады. Ерте жастан бастап оқушылар үнемі өзгеріп отыратын әлемде өздерінің білімі мен машықтарын сынау және жетілдіру үшін көптеген шараларға қатысады. Haileybury Astana әр оқушының қамын ойлайды және ұмтылыстарын қолдайды.

Haileybury Almaty

Haileybury Almaty 2008 жылы Ұлыбританиядағы Haileybury компаниясымен серіктестікте ашылды. Бұл коммерциялық емес білім беру жобасын бір топ қазақстандық кәсіпкерлер қаржыландырды. Haileybury Almaty британдық білім берудің үздік дәстүрлеріне бай кең көлемді оқу бағдарламасын ұсынады. Оқушылар шет елдерде және Қазақстандағы үздік жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін «A levels» бағдарламасы бойынша дайындалады.

Haileybury 11-18 жас аралығындағы балаларға арналған заманауи интернаттар мен күндізгі білім берумен қамтамасыз ететін жетекші британдық жекеменшік мектеп болып табылады.

Мектептің негізі 1862 жылы қаланған, ол көлемі 500 акрдан асатын Лондоннан солтүстікке қарай 20 миль қашықтықта орналасқан әдемі жерде тұр. Haileybury академиялық шеберлікті қолдайды және балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырады. Жан-жақты білім беру әрі ССА-дың мықты базасы оқушыларға дамуға көбірек мүмкіндік береді деп санаймыз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

25.06.2020 Мектеп жазғы демалысқа жабылады.

Біздің басшылығымыз Haileybury мектептерін қайта ашуды жоспарлауда тығыз жұмыс істеуде, және біз тиісті органдардан растау алғаннан кейін барлық отбасыларды мектептің ашылу күні туралы хабардар етеміз.

Қазіргі уақытта біз 2020 жылдың тамыз айында жаңа орындарға шектеулі ғана өтінімдерді қабылдаймыз. Біздің мектепке түсу туралы көбірек білгіңіз келсе, оқушыларды қабылдау бөліміне хабарласыңыз: admissions@haileyburyastana.kz, +7 777 522 45 43