Haileybury мектептерінің ашылу жоспары

Біз келесі тоқсанда екі қаладағы мектептердің қауіпсіз ашылуын қамтамасыз ету мақсатында қызу жұмыстар жүргізудеміз. Ашылуға қатысты дайындық жөніндегі толық ақпарат төменде беріледі:

Құрметті ата-аналар!

Денсаулық сақтау министрлігі келесі оқы жылының бірінші тоқсанындағы Қазақстан мектептеріндегі оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарын жариялады. Маусым айының басынан бастап Haileybury мектебі алдағы оқу жылында мектептердің білім берудің түрлі жолдарымен бетпе-бет келетіндіктерін ескере отырып, Haileybury –дің екі мектебінің дайындықтары бойынша кешенді жоспарларды даярлауға қызу кірісіп кетті. Бұл сценарийлер толығымен қашықтан оқыту, жартылай қашықтан оқыту және стандартты білім беру, сонымен қатар толығымен мектепте стандартты білім беруді қарастырады.

Біз Білім және Ғылым Министрлігімен нақты ұсыныстар алу мақсатында келіссөздер жүргізуді жалғастырамыз, бұл Haileybury мектебінің қандай білім беру түрін ұсына алатындығын анықтауға септігін тигізеді. Дәл қазіргі кезеңде біз нақты ешқандай ақпарат бере алмаймыз, дегенмен мүмкіндігінше Haileybury қауымдастығын соңғы шешімдер жайлы дер кезінде хабарлап отыруға тырысамыз.

Құрметпен,

Иан Хант, Қамқоршылық Кеңес Төрағасы

Құрметті ата-аналар мен оқушылар,

Мен сіздермен жаңа оқу жылында кездесу мүмкіндігін асыға күтудемін.

Жазғы демалыс кезінде біз жергілікті халықаралық құрылтайшылармен біздің мектебімізде білім берудің қауіпсіз ортасын құру үшін білім берудің түрлі модельдерін сараптау мақсатында үнемі хабар алмасып отырдық. Мен Смит мырзамен бірлесе отырып, қызу жұмыс жасадым, сол себепті оған мектептің жаңа тоқсанда дайын болуы үшін көрсеткен қолдауы мен ерен еңбегі үшін алғысымды айтқым келеді.

Мектебіміз қауіпсіз білім беру ортасы болу үшін едәуір қомақты қор жұмсады. Енгізілген өзгерістер қатарына телевизиялық камераларды, ауаны желдету үшін қажетті зарарсыздандыру құрылғыларын, жеке бас гигиенасын сақтауды оңтайландырып жетілдіру жұмыстарын, ақпараттық белгілерді орналастыруды, сыныптарды әлеуметтік қашықтандыру жұмыстарын, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты ұстануды сақтау үшін барлық мәселелерді егжей-тегжейлі жоспарлау бағдарламаларының жасалғанын енгізуге болады.

Жоғарыда аталған процедуралардың барлығы оқушыларымызды мектебімізге кері қайтару мүмкін болуы үшін және де жан-жақты бақыланатын қауіпсіз орта құру мақсатында жүргізілді. Сонымен қатар біз білім берудегі сандық технологияны және қызметкерлерді оқытуды жетілдіруді жалғастыра береміз, бұл бізге ең жақсы сапаға ие болуымызды қамтамасыз етеді.

Мектебіміздің веб-сайтын үздіксіз қарап, жаңалықтармен танысып отыруларыңызды сұраймын, жақын арада ата-аналар мен оқушыларға келесі оқу жылына қатысты тың мәліметтер берілетін болады.

Біз сіздермен таяу уақытта кездесуді асыға күтудеміз.

Игі тілектермен,

Джон Коулз

Haileybury Astana мектебінің директоры

Parent’s Informed Consent Letter — Covid19
Нысанды толтырыңыз

Ғимарат ішіндегі қозғалыс және дара қорғаныс заттары

  • Мектеп ғимаратына бетперде киіп кіру
  • Барлық қоғамдық орындарда плексигластан қорғаныстар орнатылады (мысалы, күзет бекеттері, мектептің қабылдау бөлімі, медициналық пунктте, әкімшілікте, асханада және т.б.),
  • Өзге адамдармен байланысқа түсетін барлық қызметкерлер бетпердеге қосымша қорғаныс қалқанын киіп жүретін болады, (мысалы, тамақ таратушылар, еден жуушылар, медициналық бөлім қызметкерлері, қауіпсіздік қызмет қызметкерлері).
  • Қолды зарарсыздандыру құралдары бүкіл мектеп бойынша орналастырылған, оқушылар мен қызметкерлер қолды зарарсыздандыруға арналған құралдарды ғимаратқа кірген кезде, сонымен қатар сыныптарға кірген және шыққан кезде, асханаға кіріп, шыққан кезде қолдануға міндетті болады;
  • Мектебімізде қолданылатын қолды зарарсыздандыруға арналған сұйықтық жергілікті денсаулық сақтау басқармасымен мақұлданған және құрамында ешқандай алкаголь жоқ;
  • Барлық оқушылар мен қызметкерлер қолдарын сабынмен және сумен үздіксіз әрі жиі жуып тұрады.
  • Мектеп айналасында біржақты қозғалыс жүйесі баспалдақтар мен дәліздерде нақты белгілермен жазылып көрсетілген;
  • Балалар тобын оқшаулау үшін қосымша бөлу қорғаныстары орнатылған;
  • Мектеп асханасы мен әрбір дәретхана алдында «Өтініш, осында күтіңіз!» деген жазу ілініп тұр; Дәретханада бір мезгілде тек екі оқушы ғана бола алады;
  • Сынып бөлмелері әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатына орай ұйымдастырылған, әр кабинетте, ең көбі, 15 оқушы ғана болады. Қосымша жұмыс орны талап бойынша, қазіргі қолданыстағы сынып бөлмелері және кеңістіктерді бейімдеу талапқа сай жүргізіледі;
  • Топ болып киім ауыстыру бөлмелері қолданылмайды. Оқушылар мектепке дайын болып (киініп, әрине) келеді не болмаса сабақтар болмайды.

Сынып бөлмелеріндегі және кеңселердегі, киім ауыстыру бөлмелеріндегі тиімді, нәтижелі әрі жиі жүргізілетін тазалық жұмыстары, үстіңгі қабаттарды, жақтауларды, есік пен терезелерді, ойыншықтар мен спорт жабдықтарын, түскі асқа арналған үстелдері сүрту жұмыстары.

  • Барлық білім беретін мұғалім қызметкерлер мен әкімшілік қызметкерлеріне дара қорғаныс заттарын беру (бетперде);
  • Мебдикелер үшін арнайы дара қорғаныс заттары, бетке арналған қорғаныс, қорғаныс бетперделері, халаттар беріледі;
  • Ғимарат ішінде және өту жолдарында біржақты қозғалыс жүйесін қамтамасыз ететін көрсеткіштер, арнайы белгілер қойылады;
  • Сынып бөлмелерінде, кеңселерде, асханада және дәліздерде әлеуметтік қашықтықты енгізу және қатаң түрде сақтау;
  • Әлеуметтік қашықтықты сынып бөлмелерінде, кеңселерде қамтамасыз ету мақсатында қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
  • Әлеуметтік қашықтықты белгілеу – кабинеттер, дәліздер, асханалар, жеделсатылар, қабаттар.
  • Сынып бөлмелері мен кеңселерді нәтижелі желдету жұмыстары – есік пен терезелерді ашу;
  • Қызметкерлер мен оқушылар үшін тұрақты үзілістер беру;
  • Жеделсатылар қолданылмауы тиіс. Жеделсатылар тек медициналық мақсатта, медициналық жағдайларда жабдықтарды жылжыту үшін қолданылады. Қолданылғаннан кейін ол орында зарарсыздандырылу жұмыстары жүргізілуі тиіс;
  • Сынып бөлмелеріндегі және кеңселердегі, киім ауыстыру бөлмелеріндегі тиімді, нәтижелі әрі жиі жүргізілетін тазалық жұмыстары, үстіңгі қабаттарды, жақтауларды, есік пен терезелерді, ойыншықтар мен спорт жабдықтарын, түскі асқа арналған үстелдері сүрту жұмыстары.
Сіз мектептің ресепшн бөлімімен жұмыс уақыты кезінде электронды почта немесе телефон арқылы хабарласа аласыз.

Ата-аналар мен оқушылар үшін әкімшілік шаралар

Әдеттегідей, біз сіздерді әрдайым түрлі мүмкін жолдармен қолдауға тырысамыз. Дәл қазіргі таңда сіздермен бетпе-бет кездесе алу мүмкін болмаса да, біздің мектеп мұғалімдері сіздермен электронды почта арқылы хабарласып, сіздерді қызықтырған немесе толғандырып жүрген кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге үнемі дайын. Немесе біз сіздер мен мұғалімдер арасында бейнеконференция (видеоконференция) ұйымдастыруға әзірміз.

Жоғалған зат тауып алынғаннан кейін міндетті түрде оқушының аты жазылып, сіздің балаңыз оқитын сынып бөлмесіне ең жақын орналасқан біздің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне өткізілуі тиіс. Өз кезегінде олар міндетті түрде ол затты қажетті оқушыға жеткізеді.

Егер мектептің медициналық бөлім қызметкерлері сізбен хабарласып, сырқаттанып тұрған балаңызды алып кетуді өтінсе, олар сізге қай кірісті қолдану туралы ұсыныс айтып, сізді қажетті медициналық базаға қарай бағыттап жібереді.

Мектеп ата-аналарға тұрақты ақпараттарды байланыстың сандық құралдары арқылы ұсынып отыратын болады, оның ішінде санитарлы-гигиеналық хаттамалардың қалай орындалып жатқанын  көрсететін бейнероликтер де қолданылады. Келесі ақпараттар ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде берілетін болады:

  • COVID бойынша жаңа хаттамалар мен процедулар туралы мәліметтер;
  • Мектеп ғимаратына енуді ұйымдастыру (мектеп ғимаратына ену тек қызметкерлер мен оқушылар үшін);
  • Күнделікті мектепке келу мен кету процедураларының жоспары (әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін топтың жас ерекшелігін ескеру);
  • Аз санмен қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында кестені оңтайландыра құру;
  • Барлық оқушылар мектепке келмес бұрын өз денсаулықтарының қалыпты екендігін растайтын форманы толтыруға міндетті.

Келесі семестрдегі мектептердің ашылу бойынша Жоспары:

Барлық оқушылар бір мезгілде қайтып келе ме?

Барлық оқушыларға жаңа хаттамалармен танысу мақсатында уақыт пен кеңістікті ұсына алу үшін және жаңа процедураларды өңдеу үшін тамыз айында мектепке қайтып оралу үдерісі кезең-кезең бойынша жүргізіледі.

Haileybury Astana мектебіне қосылатын кез келген жаңа оқушы қызметкерлерді жұмысқа енгізу аптасында тағайындалған мерзімде мектепке шақыртылып, таныстырылу рәсімінен өткізіледі. Бұл жаңа оқушылардың жаңа ортаға бейімделуін ғана қамтамасыз етіп қоймай, қызметкерлер мен оқушылардың жаңа ережелермен бірлесе отырып танысуларына да жағдай тудырады. Осыдан кейін ғана жаңа оушылар мектепке өз жас ерекшелігіне сай, төменде көрсетілген сәйкес келетін уақытқа сай келе бастайды.

 

Температураны өлшеу жүзеге асырыла ма?

Сізге балаңыздың дене қызуын күн сайын мектепке келмес бұрын үйде өлшеп, тексеріп тұруыңыз қажет болады. Мектептің кіре берісінде біздің тепловизорлардың бірі орнатылады. Дене қызуы жоғары оқушыларды мектепке жібермеген дұрыс. Егер мектептің кіреберісінде  олардың дене қызуы жоғары температураны көрсететін болса, олар шұғыл түрде кері үйлеріне қайтарылады.

Мені мектепке келгенде не күтіп тұрады?
  • Жоғары сынып оқушылары мектептің бас кіреберісіндегі турникет арқылы кіретін болады. Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына мектепке кіруге рұқсат берілмейді. Олар балаларын мектепке әкеле алады. Оқушылар мектепке кезекпен кіреді. Бұл кіреберісте топталып қалудың болмауына жағдай тудырады;
  • KS2 оқушылары басты кіреберіс және KS2 кіреберісі арқылы кіретін болады. KS1 оқушылары тек KS1 кіреберісі арқылы кіретін болады. 1-сынып оқушылары мектепке 8:00 –ден  8:15-ке дейін қабылданады, 2-сынып оқушылары –  8:15-тен  8:30-ға дейін қабылданады. Reception және Nursery сыныптарының оқушылары KS1 кіреберісі арқылы 8:30-дан 9:00-ге дейін кіргізіледі. Creche бөлімінің оқушылары дене қызуларын жүргізу жұмыстарын күтіп, сағат 8:30-дан 9:00-ға дейін Creche бөлімінің ойын алаңында болады;
  • Ата-аналар кампусқа кіргізілмейді. KS1 және KG (балабақша мен мектепке дейінгі бөлім) оқушыларын қызметкерлер күн сайын таңертең мектептің кіреберісінен күтіп алады және оларды өз шкафтары мен сынып бөлмелеріне дейін шығарып салады.
Асхана жұмыс істейтін бола ма?

Қазіргі таңда мектеп оқушыларды таңғы аспен қамтамасыз етпейді деген шешім қабылдады. Балабақшадағы балалар бұрынғыдай түскі ас пен бесіндікті өз асханаларынан алатын болады, тамақтандыру барысында әлеуметтік қашықтық сақтау және әр тамақтандыру процесінен кейінгі жүргізілуге тиісті санитарлық жұмыстарды жүргізу шаралары мейлінше сақталады, ұйымдастырылады (бір мезгілде ең көп дегенде 2 топ қана екі бөлек бөлмеде тамақтандырылады). КS1 оқушылары үшін ыстық тамақ арнайы ланчбокстарда берілетін болады, олар өз сыныптарында тамақтанады. 3 және 4 сынып оқушылары асханада түстенеді, бірақ әрқайсысының белгіленген орындары болады, тек сол орында ғана отыра алады, ал ыстық тамақ арнайы ланчбокстарда берілетін болады. 5 және 6 сынып оқушылары асханада түстенеді, әлеуметтік қашықтық сақталған кезекте тұрып, біржақты қозғалыс жүйесін сақтай отырып, арнайы белгіленген орындарда ғана отырады.

Жоғары сынып оқушылары асханада белгіленген уақытта ғана барып түстенеді, әлеуметтік қашықтық сақталған кезекте тұрып, біржақты қозғалыс жүйесін сақтай отырып, арнайы белгіленген орындарда ғана отырады. Асхана әрбір тамақтану процесі аяқталғаннан кейін зарарсыздандырылып отырылады. Барлық оқушылар асхана кіреберісінде орналастырылған санитайзерді асханаға кірерде және асханадан шыққанда қолдануға тиісті.

COVID 19 науқастану жағдайы орын алған жағдайда не болады?

Тест тапсырғаннан кейін оның нәтижесі бойынша  мектеп қызметкері немесе оқушы COVID-19 ауырғаны белгілі болған жағдайда, біз Денсаулық сақтау министрлігіне, ата-анасы мен қызметкерлерге шұғыл түрде хабарлаймыз. Егер науқас алдыңғы белгілер анықталған жағдайда мектепте болғаны анықталса, мектептің жабылуы мүмкін. Біз үкіметтің нұсқаулықтарын қатаң ұстанатын боламыз және қауымдастықты барлық қабылданған шешімдер жайлы хабардар етіп отырамыз.

Ата-ана ретінде мектепке кіре аламын ба?

Өкінішке орай, жоқ, мектепке тек мектеп қызметкерлері мен оқушылар ғана кіргізіледі. Жүргізушілер мен ата-аналар мектепке кірмеулері тиіс. Оқушылар әртүрлі уақытта әлеуметтік қашықтықты сақтау шараларына  сәйкес арнайы бөлінген орындарда қалдырулары тиіс. Төменгі сынып оқушыларын мектеп қызметкерлері қарсы алуға және оларды өз шкафтары мен сыныптарына апарып тастауға дайын. Әр жастағы топтарға нақты нұсқаулық берілген жеке басшылық ұсынылады.

Дене шынықтыру сабақтары жүргізіле ме?

Иә, бірақ құралдарды пайдалануға қатысты арнайы ережелерді қолдану қажет болады, сонымен қатар мүмкіндігінше сабақтар ғимараттан тыс жерде өткізілетін болады. Егер қолайлы ауа райы болатын болса, барлық сабақтар мектеп ғимаратының сыртында өткізіледі. Дене шынықтыру бойынша білім беру бағдарламасы құралдарды қолдану туралы басшылыққа сәйкестендіріліп жасалады. Қазіргі кезеңде жүзу бойынша сабақтар жүргізілмейді.

Дене шынықтыру сабағы болатын күні мектеп оқушылары мектепке дене шынықтыру киімімен келеді, күні бойы сол киіммен жүруге рұқсат, тек аяқ киімдерін ғана ауыстырулары қажет болады.

Сабақ аяқталған соң не болады?
  • Creche бөлімінің ата-аналары балаларын Creche оқыту аймағынан немесе CSZ кабинетінен сағат 15:00-де алып кете алады;
  • Nursery және Reception сыныбының оқушыларының ата-аналары оқыту аймағының сыртқы бөлігіне апаратын кабинеттердің шыға берісінен алып кете алады. Балалар әртүрлі уақытта шығатын болады: 

Nursery  - 15:00

Reception - 15:10

Мектептен кейінгі қосымша сабақтар жүргізілмейді.

  •  KS1 оқушыларының ата-аналары оқыту аймағының сыртқы бөлігіне апаратын кабинеттердің шыға берісінен алып кете алады. Сағат:

15:10 – 1-сынып

15:20– 2-сынып

  • KS2 оқушыларының ата-аналары / жүргізушілері негізгі кіреберістен немесе KS2 кіреберісінің сырт жағында күтіп тұрады. Балалар әртүрлі уақытта шығатын болады:

3-сынып15:10

4-сынып15:20

5-сынып15:30

6-сынып 15:40

KS3 оқушылары 15:45-те шығадысабақтар аяқталған кезде оқушылар мектептің бас кіреберісінен шыға алады.   

KS4 және KS5 15:50-де шығады - сабақтар аяқталған кезде оқушылар мектептің бас кіреберісінен шыға алады.   

Сынып бөлмелерінде әлеуметтік қашықтық сақтала ма?

Оқушылар Білім және Ғылым министрлігі талаптарына сай әлеуметтік қашықтықты сақтайды. Creche, Nursery, Reception, KS1, KS2 және KS3 деңгейлерінде сабақтар бір сынып бөлмесінде өтетін болады. Емтихан болатын жоғары сыныптарда ғимарат ішінде аздаған қозғалыстың жүзеге асырылуы талап етіледі. Ол емтихан тапсыратын пәндері бойынша қажетті жабдықтар мен қорларды алу үшін қажет (мысалы, ғылыми зертхана). Сабақтар арасында, әр сабақтан кейін санитарлық хаттамаларға сәйкес бөлменің жиналуы жүзеге асырылады.

Мектептен кейінгі қосымша сабақтар жүргізіле ме?

Мектептен кейінгі қосымша сабақтар түскі үзіліс кезінде де, мектептен кейін де жүргізілмейді.

Музыка бойынша жеке сабақтар жүргізіле ме?

Музыка бойынша жеке сабақтар санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтық бойынша ұсынылған нормаларды сақтай отырып енгізіледі.

 

Оқушы мектепке не әкелуі керек және мектепте оқушыларға мектеп құралдарынан не берілетін болады?

Балабақша  бөлімі

Мектептен беріледі: әр оқушыға  арналған жеке мөрленген оқу құралдары, оның ішінде күнделікті қолданылатын заттар, мысалы: қалам, қарындаш, тақтайша, өшіргіш; ермексазға арналған жеке play dough топтамалары.

Үйден әкелінуге тиісті заттар: аты-жөні жазылған бөтелке, ауыстырып киетін аяқ киім, ауыстыратын киім (оны мектепте тастап кету керек). Мектепте түскі үзіліс кезінде ұйықтайтын Nursery және Creche оқушылары күн сайын үйден таза төсек жаймасын әкелулері қажет.

KS1 and KS2

Мектептен беріледі: әр оқушыға  арналған жеке мөрленген оқу құралдары, оның ішінде күнделікті қолданылатын заттар, мысалы: қалам, қарындаш, тақтайша, өшіргіш; ермексазға арналған жеке play dough топтамалары.

Үйден әкелінуге тиісті заттар: аты-жөні жазылған бөтелке, ауыстырып киетін аяқ киім.

Ересек мектеп оқушылары

Үйден әкелінуге тиісті заттар: су ішуге арналған бөтелке, ауыстырып киетін аяқ киім, кеңсе заттары, оның ішінде, ғылыми есептегіш (калькулятор), геометриялық топтама, планшет немесе ноутбук (телефон әкелуге тыйым салынады).

Менің баламның жұмысы бағалана ма?

Мұғалімдер гигиеналық қатаң ережелерді ұстана отырып, оқушылардың орындаған жұмыстары бойынша кері байланысқа шығып отыратын болады.

Медициналық пункттер жұмысы қалай жүзеге асырылатын болады?

Мектептің ересек сынып оқушылары үшін қосымша медициналық орталық ашылды. Мектеп ғимаратындағы екі медициналық орталық та жұмыс күнінің кез келген уақытында кіші және ересек сынып оқушылары үшін ашық болады. Жекеленген оқшаулану аймақтары толыққанды әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар Covid белгілері айқындалған адамды оқшаулау үшін қажеттілігін жүзеге асыру үшін құрылды.

Балаларға ойнау үшін үзіліс беріле ме?

Иә, балаларға үзіліс беріледі, үзіліс кезінде әлеуметтік қашықтық пен санитарлық нормаларды сақтай отырып балалардың өз достарымен ойнап, қарым-қатынас жасай алуларына жағдай жасалады. Ойынға бөлінген уақыт аралығында әлеуметтік қашықтық сақталады, ал құрал-жабдықтар әр сабақтан кейін зарарсыздандырылып отырады.

Мектепке қайтып орала алмайтын оқушыларға білім алуға рұқсат беріле ме?

Мүмкіншіліктерге қарай сыныптарда скринингілік бейнетехнологияларды орнату қарастырылуда. Осыған сәйкес мектепке келе алмайтын оқушылардың да тиісті білім алу мүмкіншіліктері болады.

Қалыпты мектеп формасын кию міндетті ме?

Барлық оқушылар мектепке мектеп формасымен келуге міндетті, тек галстук тағу мен пиджак кию міндетті болмайды. Мектеп формасының барлық элементтері жуылады және тұрақты түрде тазаланып тұруы тиіс. Галстук пен блейзерлердің жуылуы міндетті емес, сондықтан оқушылар оларды үйлерінде тастап кете алады. Оқушылар Haileybury свитерін кие алады немесе қалың жемпірді пиджак орнына киюлеріне рұқсат.

Дене шынықтыру сабағына арналған киім жиынтығын және ойын жиынтығын мектепте киініп жүрмес үшін үйден сабақ кестесіне сай келген күні киіп келулеріне болады.

Білім беру үдерісін жетілдіру және санитарларлық нормалардың күшейтілуін қамтамасыз ету мақсатында сатып алынған және орнатылған құрал-жабдықтар:

1) Жылу камералары - 3 дана;
2) Ауаны рециркуляторлау құрылғылары - 70 дана;
3) Визуалайзерлер - 68 дана;
4) Сенсорлы диспенсер-санитайзерлер - 40 дана;
5) Интербелсенді панельдер - 3 дана;
6) қосымша үстелдер - 70 дана;
7) Сүлгілерге арналған диспенсерлер - 67 дана;
8) Қол термометрлері - 67 дана.

Болашақ

Жоғарыда атап өтілген шаралар стандартты қызмет көрсетуге кезең-кезеңмен оралудың алғашқы мерзіміне жатады. Біз кейінірек COVID-19 вирусының жұғу қауіп-қатері төмендеуіне байланысты кейбір шаралардың жұмсартылуы бойынша жүзеге асырылатын әрекеттердің келесі кезеңдерін талқылайтын боламыз. Мұның барлығы билік органдарының, Денсаулық сақтау Министрлігі мен Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады, дей тұрғанмен бұл шаралардың жүзеге асырылуы қауіпсіз болып табылғанда ғана мүмкін болады.

  • Қажетті физикалық қашықтықты сақтай отырып көп қатысушысы бар жиналыстың өткізілуі;
  • Бастауыш сыныптарда балалардың белгілі топтарын араластыру;
  • Дене шынықтыру бойынша сабақ санын арттыру қолжетімді болады;
  • Дене шынықтыру бойынша сабақ санын арттыру қолжетімді болады;
  • Кейбір ортақ қорларды еркінірек қолдану мүмкіндігінің болуы (АҚ – ақпараттық технологиялар, құралдар, кітапхана кітаптары).

 

1. Гарвард, Кембридж және Джонс Хопкинс университеттерінің мектептерді қайта ашу қажеттілігін негіздейтін академиялық зерттеулері:

Білім беру процессіне теріс әсер ету

Жақында шыққан мақалада Гарвард мамандары мектептерді ашумен байланысты қауіп-қатерлерді мойындады, бірақ егер балалар ұзақ уақыт бойы үйде оқытылса, қауіп-қатер әлдеқайда жоғары болатынын айтты. Барри Блум, Гарвард университетінің қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің бұрынғы деканы: «Мен тілдесу процесі өте маңызды деп санаймын, және оның болмауы баланың денсаулығына басқа аурулар жұқтыру қаупінен әлдеқайда жоғары».

Дженнифер Нуззо, Джонс Хопкинс университетінің эпидемиологы: «Менің ойымша балаларды үйде ұстау және ата-аналарды вакцина алғанға дейін үйде жұмыс істеуге мәжбүрлеу балаларға біз ойлағаннан гөрі көп зиян келтіреді».

2. Экономикаға ұзақ мерзімді теріс әсер ету

Британдық жетекші ұлттық ғылыми-зерттеу академиясы болып табылатын Корольдік Қоғам жариялаған зерттеулер пандемия салдарынан оқу уақытының жоғалуы Ұлыбритания экономикасына және әлемдік экономикаға алдағы 65 жыл ішінде зиян тигізеді деп болжайды. Кембридж және Бристоль университеттерінің ғалымдары кіретін зерттеу тобы өсу бәсеңдеген жағдайда миллиардтаған доллар қажет болады дейді.


Зерттеулерге сәйкес сабақтардың тиісті түрде өткізілмеуі болашақ қызметкерлердің дағдыларына кері әсерін тигізеді. Зерттеуде «Оқушыларды мектепке қайтару біздің бірінше міндетіміз болу керек» делінген.

3. Балалар арасында вирусты жұқтырып алу ықтималдығы

Зерттеулерге сәйкес, коронавирусқа шалдыққан балалар ересектер сияқты жұқпалы емес, және олар Covid-19-ды оңай көтереді. Балалар мен жасөспірімдер арасында вирус жұқтыру ықтималдығы ересектермен салыстырғанда шамамен 50% құрайды.

Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау институты: «Біздің ойымызша балаларда аурудың қоздырғышы болуы екіталай. Олардың ауруға шалдығу мүмкіндігі өте аз».

4. Мектептердің қайта ашылуы

Пол Уолбердинг, медицина профессоры және Сан-Францискодағы Калифорния университетінің эпидемиология және биостатистика профессоры «кішкентай балалар шынымен де жұқпа көзі бола алмайды, сондықтан мен балабақшалар мен бастауыш мектептер жұмыс істей алады деп ойлаймын. Алайда, үлкенірек оқушылар үшін кейбір шектеулер болуы мүмкін, мысалы, таңертеңгі және күндізгі ауысым немесе санаулы сағаттар».

Джош Шарфштейн, Джонс Хопкинс университетінің Блумберг қоғамдық денсаулық мектебі деканының орынбасары, мектептер белгілі бір өзгертулермен ашылуы керек деп жазды. Оның ойынша оқушылар арасында алты футтық қашықтықты қамтамасыз ету керек, оқушылардың мектепке біртіндеп келуін қамтамасыз ету және олардан бетперде киюді талап ету керек.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат