Шығармашылық, қызмет көрсету, қоғам

“Өмір өмір сүру үшін берілген, өмір сүру үшін оны сүретін адам өзгерістерге дайын болуы қажет” Гёте

Шығармашылдық, іс-әрекет, қоғамға қызмет көрсету (CAS) курсының басты мақсаты – білім алушының өз бетімен мектептен тыс тұлғалық дамуы. Шығармашылдық, іс-әрекет, қоғамға қызмет көрсету (CAS) Диплом бағдарламасының маңызды бір құрамы және бұл деңгейдегі өзге курстардан бөлек Халықаралық бағдарлама дипломының негізін құраушы бөлігі. Бұл білім алушының жеке басының қандай да бір таланты мен дарынын өз бетімен дамытуға, өзін-өзі жетілдіріп, білімін дамытуға, барлық адами қасиеттерін жақсарта түсуге бағытталған философия.  

Haileybury Астана мектебінде осы Шығармашылдық, іс-әрекет, қоғамға қызмет көрсету (CAS) курсының басты  үш бағытымен айналысатын оқушыларға аса зор мән беріледі:  

Шығармашылдық іс-әрекеттер музыкалық, арт, драма немесе би өнерлерімен ұштасып жатуы мүмкін. Сонымен қатар суретке түсіру, мектеп журналын шығарумен айналысу, театр дизайн, сондай-ақ өзгелерге қзмет көрсету бойынша тың жобаларды жоспарлау әрекеттері де жатады.

Іс-әрекет бөліміндегі іс-шаралардың мақсаты білім алушының денсаулығының мықты және сау болуын қамтамасыз ету. Білім алушы спорттың жаңа түрін немесе басқаша физикалық әрекет түрін таңдауы мүмкін  немесе өзі топ құрап, оны басқаруға талпыныс білдіруі де мүмкін. Бұл спорт түрлеріне хоккей, сквош, футбол, теннис немесе жеңіл атлетика жатады. Бұл спорт түрлерімен айналыса отырып, студент өзін жеке тұлға ретінде дамытып, өз мақсатттарына қол жеткуге ұмтылуы тиіс. 

Қоғамға қызмет көрсету іс-шаралары, өз аты айтып тұрғандай, білім алушының өзін қоршаған ортаға, әлеуметке қандай да бір қызмет көрсетуі, көмектесуі дегенді білдіреді. Бұл топта қарт адамдарға көмек көрсету, көмекке мұқтаж жандарға арналған асханаларда жәрбем беру, ауруханаларда қолғабыс ету, экологиялық мақсаттағы іс-шараларға көмектесу немесе жергілікті, мемлекеттік не болмаса халықаралық қайырымдылық көрсету ұйымдарына өз жұмыстарын жүргізуге жәрдем беру істерін айтуға болады.

Шығармашылдық, іс-әрекет және қоғамға қызмет көрсету курстарында қолдану үшін студенттерге санаулы сағаттар беріледі. Ең басты назар 18 ай барысында тұрақты бағдарламаны қамтамасыз етіп тұруы тиіс, сонымен қатар алынатын тәжірибе де елеулі болуы керек. Елеулі тәжірибеге қол жеткізу үшін білім алушылар бағдарламаға кірісер алдында Шығармашылдық, іс-әрекет және қоғамға қызмет көрсету курстарынан қандай тәжірибе алғысыы келетіндерін айқындап алулары тиіс, сондай-ақ қоғамды өзгерту үшін олар не істей алатындарын жоспарлаулары керек.

Шығармашылдық, іс-әрекет және қоғамға қызмет көрсету курсында оқушыларға өзгелермен жұмыс істеуге 30 күн шамасында уақыт беріледі. осы жылы 12-сынып оқушылары бөлінген топтарымен Астана қаласындағы қарттар үйімен жоспарланған әлеуметтік іс-шара аясында еңбек етті. Белгілі жұмыс аясында оқушыларға қарттар үйін тәуекел мөлшерін бағалау мен аталған іс-шараны өткізуге арнайы бөлмелерді даярлап, дұрыс бөле білу тапсырмасы жүктелді. Бұл іс-шара мектебіміздің оқушылары үшін қоғамның ең кірпияз, көңілдері жабырқау мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың өмірге деген көзқарастарын тыңдап, оларды толғандырған мәселелері жайлы пікір алмасуға берілген мүмкіндік болды. Іс-шара соңында оқушылар өздерінің алған әсерлері туралы пікір бөлісті. Барлығы да бір ауыздан бұл жобаның өздері үшін өте пайдалы, әсерлі болғанын сөз етті. 12-сынып оқушысы Айдана «қарттар үйіндегі кісілермен сөйлесіп, олардың мәселелерін тыңдаған соң, өзімнің ең қиын деп жүрген мәселемнің түкке тұрғысыз мәселе екендігіне көзім жетті» деген пікірін білдірді.

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ