Біз оқушыларға өздерінің дағдылары мен тәжірибесін кеңейту, сонымен қатар олардың өз бойларындағы қабілеттерін көрсету мүмкіндігін ұсынғымыз келеді, бұл оларды ағылшын тілін үйренуге ынталандырады және тіл білудің қуанышын сезінуге жағдай жасайды.

Haileybury Astana мектебінде ағылшын тілінен олимпиада

Haileybury Astana мектебінде ағылшын тілінде қабілеттерін көрсетіп, өзін сынағысы келетін оқушылардың барлығын ағылшын тілі олимпиадасына қатысуға шақырады. Бұл басқа оқушылармен сайысқа түсе отырып, ағылшын тілін меңгеру дағдылары бойынша өз басымдылығын көрсетуге берілген керемет мүмкіндік.

Іс-шара 19 қарашада сенбі күні Haileybury Astanaдa өтеді

Олимпиадалар өткізілуі Қазақстанда, әсіресе математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша, қалыптасқан дәстүр болып табылады. Біз оқушыларға өздерінің дағдылары мен тәжірибесін кеңейту, сонымен қатар олардың өз бойларындағы қабілеттерін көрсету мүмкіндігін ұсынғымыз келеді, бұл оларды ағылшын тілін үйренуге ынталандырады және тіл білудің қуанышын сезінуге жағдай жасайды. Олимпиадада қол жеткізген жетістіктерін оқушылар жергілікті университеттерге түсуде немесе IELTS сияқты ағылшын тілінен емтихан тапсыру сәтінде қосымша қолдау ретінде де қолданулары мүмкін.

Тіркелу мерзімі: 2022 жылдың 15 қазаны

19 қараша 2022 ж.

English Olympiad

Haileybury Astana мектебінің ағылшын тілі департаменті барлық қызығушылық танытқан оқушыларды ағылшын тілі олимпиадасына қатысуға шақырады. Бұл оқушылар үшін ағылшын тілін одан әрі жетілдіре түсудің, оны қолдануда өз білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, жақсы қарым-қатынас жасауды үйренудің тамаша тәсілі болады деп үміттенеміз. Ағылшын тілі олимпиадасы оқушылардың тілдік және коммуникативтік дағдыларын тексеруге арналған көңілді және қызықты іс-шара болмақ.
- Шығармашылық эссе жазыңыз (мәтіннің кез-келген түрі). Шығармада мектептен алған біліміңіз өмірде туындайтын мәселелерді шешуге дайын тұлғаны қалай қалыптастыратыны жайлы зерттеңіз.
- Байқауға қатысу үшін 15 қазанға дейін Google Form-ға жұмысты жүктеу керек. Жұмыс көлемі 1000 сөзден аспауы қажет.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, көрсетілген поштаға хат жаза аласыздар: j.shannon@haileyburyastana.kz
Тіркелу
English Olympiad
Олимпиадаға кімдер қатыса алады?

11 мен 16 жас аралығындағы қатысуға ниет білдірген кез келген оқушы.

Қатысушылар байқау туралы толық ақпаратты қалай алады?

Бұл олимпиада туралы барлық ақпаратты әлеуметтік желілердегі мектеп парақшасынан табуға болады.

Олимпиада нәтижесі қашан жарияланады?

Олимпиада болған күні. 

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат