Халықаралық бағдарлама деген не?

Халықаралық бакалавр Диплом бағдарламасы – жоғары сынып оқушыларына арналған екі жылдық бағдарлама. Барлық студенттер алты пән бойынша білім алады: оның үшеуі жоғары деңгейде оқытылса, қалған үшеуі стандартты деңгейде жүргізіледі. Бұдан басқа, студенттерге оқытылған тақырып бойынша кең көлемді эссе жазу тапсырылады және «Таным теориясы» деп аталатын сни ойлау курсын оқиды. Сонымен қатар аталған бағдарлама шығармашылдық іс-әрекетке атсалысу мен өзгелерге көмектесу, қызмет көрсету сияқты қосымша міндеттерге атсалысуды жүктейді.  

 

Бағалау жүйесі қалай жұмыс істейді?

Әр пәннің бағалау жүйесі 1(ең төменгі) және 7 (ең жоғары) балл аралығында бағаланады.  Диплом бағдарламасының талаптары бойынша әрбір оқушы беллігі бір деңгейді меңгеріп, ең төменгі балл 24 ұпайды алу шартын орындауы қажет, сонымен қатар кең көлемді эссе жазумен бірге Білім теориясы мен CAS (шығармашылық, іс-әрекет және қоғамға қызмет көрсету) курстарын аяқтауы тиіс. Ең жоғары ұпай саны 45 болып белгіленген.

Халықаралық бакалавр бағдарламасы A-level бағдарламасынан несімен ерекшеленеді?

Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасы – білім алуды– білім алудың толыққанды бағдарламасы, тұтастай алғанда оның көлемі A-level бағдарламасымен салыстырғанда анағұрлым кең және қарқынды. Халықаралық бакалавр бағдарламасы бойынша білім алу барысында сыныптағы құлдырау болмаған, сәйкесінше, білімі жоғары, ақылды әрі талантты студенттерді таңдап алу мүмкіндігі де зор. Әлемнің барлық жоғары оқу орындары Халықаралық бакалавр Дипломын қабылдайды, таниды, сонымен қатар біліктіліктің бір түрі деп санайды, көптеген жағдайда өзге бағдарламамен салыстырып, таңдау сәті туғанда, университеттер Халықаралық бакалавр түлегін қаблдайды.

Халықаралық бакалавр бағдарламасын әлемнің өзге университеттері қабылдай ма?

Халықаралық бакалавриат бағдарламасы Дипломы Британдық, американдық және әлемнің үздік жоғары оқу орындарын қоса алғанда көптеген білім ордаларының қабылдану процесінде жарамды болып танылады.

Қандай пәндер оқытылады?

Біздің өздеріңізге ұсынған Халықаралық бакалавр брошюрамызды қарап, бағдарлама барысында оқытылатын пәндермен танысуыңызға болады.

Біздің өздеріңізге ұсынған Халықаралық бакалавр брошюрамызды қарап, бағдарлама барысында оқытылатын пәндермен танысуыңызға болады.

Біздің барлық жоғары сынып оқушылары алты пән бойынша білім алады, оның үшеуі жоғары деңгейде оқытылады. Біз бағдарлама тиісті деңгейде құрастырылған және жеткілікті дәрежеде күрделі деп есептейміз. Біз Халықаралық бакалавр Диплом бағдарламасының кең көлемді оқу бағдарламасын қолдаймыз. Егер студенттің қандай да бір бос уақыты немесе күш-қуаты бар болса, сабақтан кейінгі қосымша сабақтармен айналысуы тиіс немесе Дипломдық бағдарламаның қандай да бір өзге аспектісіне өзіндік үлесін қосуы тиіс.

Халықаралық бакалавр бағдарламасы курстық жұмыс жазу болып табыла ма?

Иә, әрбір пән бойынша жазылатын қорытынды жұмыс курстық жұмыс мазмұнына ұқсас болып келеді.

Тілдік А,В курстары мен бастауыштарға арналған тілдік топтардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

А Тілдік курсы сол тілде анық әрі нақты сөйлей алатын, өз ана тілі болып саналатын студенттерге арналған, студент бұл тілде еш қиналмай жазып, еркін сөйлей және оқи алуы тиіс; сондықтан бұл тілдік курс ол тіл ана тілі болып табылмайтын студенттер үшін қиын әрі күрделі болып табылады. B тілдік курсы оқу тілін екінші тіл ретінде үйренетін немесе шет тілі ретінде оқитын, бірнеше жыл бойы оқығанымен сол тіл иесі секілді меңгере алмаған студенттерге арналған курс. Бастауыш топтарға арналған курстар үйренетін тілді білуге міндеттемейді, ол сол тілді жаңадан үйренушілерге үйрететін курс болып табылады.

Менің үш ғылым пәнін таңдауыма бола ма?

Халықаралық бакалавр бағдарламасының ауқымды әрі жан-жақты болуы білім алушыға үш бірдей ғылым пәнін таңдауға рұқсат етпейді. Британдық  медициналық университеттерінде үш ғылым пәнін оқу міндетті болып табылмайды: химия және өзге ғылым пәні (әдетте биология) немесе математика стандарт болып саналады.

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ