IGCSE – бұл Ұлыбритания оқушылары 11-ші сыныптан кейін тапсыратын емтихандардың GCSE халықаралық нұсқасы.

Оқушылар Кембридж университетінің бір бөлігі болып табылатын Кембридж университетінің Халықаралық емтихандар орталығы (СІЕ) ұсынатын бірқатар пәндерден IGCSE/GCSE емтихандарын тапсырады. Сонымен қатар CIE әлемдегі оқушыларға арналған халықаралық біліктіліктердің ең ірі провайдері болып табылады. Біз ұсынатын пәндердің толық тізімін осы нұсқаулықтан таба аласыз. Екі жылды құрайтын курсты аяқтаған соң, емтихандарды нәтижелі тапсырғаннан кейін оқушылар әр пән бойынша бүкіл әлемде танылған сертификаттарды қолдарына алады және оқудың келесі кезеңіне дайын болады.

IGCSE бағалары ең жоғарғы A* бағасынан басталып, A бастап G дейінгі бағалармен жалғасады. Осы бағалардың кез келгенін алуы үміткердің емтиханды тапсырғанын білдіргенімен, көптеген университеттер мен жұмыс берушілер пән бойынша С немесе одан жоғары бағаны алу маңызды деп есептейді. Оқушылардың көбі одан әлдеқайда жоғары балл алады, оның үстіне A және A * бағаларын алған оқушылардың саны бірқатар пәндер бойынша жоғарылап келе жатыр.

10 және 11 сыныптарда әр оқушы ағылшын тілін (бірінші немесе екінші тіл ретінде; сондай-ақ «ағылшын әдебиеті» пәнін оқуға болады), математиканы, жаратылыстану ғылымдарын және заманауи шет тілін үйренеді. Сондай-ақ оқушыларға мемлекеттің құндылығы мен мәдениетін ұғыну және онымен болашақта әлем азаматтары ретінде дайын болу үшін қазақ тілі оқытылады.

 

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат