Haileybury Astana мектебінде Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына 2020-2022 оқу жылына жартылай және толық стипендиялар

Haileybury Astana мектебінде Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына 2020-2022 оқу жылына жартылай және толық стипендиялар

Haileybury Astana мектебінде Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына 2020-2022 оқу жылына жартылай және толық грант алғысы келетін үміткерлерді тіркеу басталғанын қуанышпен хабарлаймыз.
 
Іріктеу 3 кезеңнен тұрады:
1. Пәндер бойынша тестілеу (ағылшын тілі, математика, жаратылыстану ғылымдары) - 18 қаңтар, 2020ж.
2. Танымдық қабілеттерді анықтау сынағы - 1 ақпан, 2020ж.
3. Интервью - әр үміткермен жеке өткізіледі.
 
Іріктеудің бірінші кезеңі 2020 ж. қаңтардың 18-і күні өтеді.
Өтетін орны:Haileybury Astana мектебі.
Тіркеу 2020 ж. 10 қаңтар сағ.23.59-да жабылады.

Үміткерге қойылатын талаптар:
* Қазақстан азаматтығы;
* Ағылшын тілін жоғары деңгейде білу;
* Туған жылы 01.09.2003 - 31.08.2004 аралығында.
 
Тіркелу үшін парақшаның басындағы сілтеме арқылы өтіңіз
http://bit.ly/IBscholarshipregistration
 
*Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін үміткерлердің жинаған ұпайлары тең болған жағдайда, грант отбасының табысы неғұрлым төмен үміткерге беріледі.
Жаңалықтар
20.05.2020
Бейне байқау! Оқушыларды қабылдау және маркетинг бөліміне сайттың жаңа бөлімін жасауға көмектесуге шақырамыз.
Қазіргі уақытта маркетинг бөлімі жаңа веб-сайтымыздағы «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімін әзірлеуде.
14.05.2020
Поздравляем эко-команду начальной школы Haileybury Astana!
Вчера ассоциация COBIS объявила победителей конкурса COBIS Eco Film Awards
13.05.2020
Халықаралық балалар кітабы күні
Сәуір айының соңында Haileybury Astana мектебі «Халықаралық балалар кітабы күні» атты шараға қатысты. Бұл шара балалар кітаптарына назар аудару және оларды насихаттау арқылы осындай кітаптарды оқуға деген сүйіспеншілікті оятуға мүмкіндік берді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

Қазіргі уақытта мектеп жабық. Біздің оқушыларымыз онлайн режимінде қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша оқу жылының аяғына дейін, яғни 18 маусымға дейін оқиды. Мектептегі оқушылар мен қызметкерлер арасында коронавирус жұқпасы тіркелген жоқ, және ол үкіметтің қаулысына сәйкес жабылды.

Біз 2020 жылдың тамыз айында жаңа орындарға шектеулі ғана өтінімдерді қабылдаймыз. Егер сіз біздің мектепке түсу туралы көбірек білгіңіз келсе, оқушыларды қабылдау бөліміне хабарласыңыз: admissions@haileyburyastana.kz, +7 777 522 45 43