Сәуір айының соңында Haileybury Astana мектебі «Халықаралық балалар кітабы күні» атты шараға қатысты. Бұл шара балалар кітаптарына назар аудару және оларды насихаттау арқылы осындай кітаптарды оқуға деген сүйіспеншілікті оятуға мүмкіндік берді. Бұл мереке бастауыш сынып оқушыларына өте ұнады, олар мұғалімдер жоспарлаған түрлі шаралар мен байқауларға қатысты. Биыл біз өз шығармашылығымызды бұрынғыдан да көбірек көрсеттік, онлайн-оқытуға көшу оңай болған жоқ, бірақ мұғалімдердің, ата-аналардың және балалардың еңбегі ақталды.
Қатысқандардың барлығына көп рахмет, және біздің сайыстың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз! Сыйлықтарыңыз мектепке оралғаннан кейін беріледі