Әлем ғылымдарының жүлдесі – Астана қаласында өткізілетін сайыс –2018 жылдың наурыз айы

Әлем ғылымдарының жүлдесі (World Scholar’s Cup) – Астана қаласында өткізілетін сайыс –2018 жылдың наурыз айы

"Келді, көрді, жеңді!"

Сайыстың алғашқы күнінен кейінгі біздің көңіл-күйіміз көтеріңкі болып, өз-өзімізге көңіліміз толды. Себебі – ересектер және кіші жастағы командалардың екеуі де үш сөзсайысынан жеңіске жетті. Команда мүшелері әртүрлі тақырыпта қойылған сұрақтарға сенімді жауап берумен қатар, өздерінің сөйлеу шеберліктерін де көрсетті. Панголиндер, панда-елшілер және мызғымаушылық теориясы секілді тақырыптарда болған ойқозғаулар мектеп оқушыларының жан-жақты дайындықтарын жақсы көрсете білді. Бірлесе жүргізілетін жазба жұмысы мен білім тексерудің жеке сынақ түрлері де артта қалды.

Сайыстың екінші күні жалпыкомандалық сұрақ-сайыс түрінен басталды – соңғы қойылған сұрақтар бойынша көптеген ұпайды жеңіп алуға немесе жеңіліп қалу мүмкіндігі болды, дегенмен барлығы ойдағыдай өтті деуге болады. Бұл күннің екінші жартысында Бақтияр таланттар шоуына қатысып, өзінің домбыраның құлағында ойнайтын домбырашы екенін көпшілік жиналған қауымға паш етті. Томирис 8-сынып оқушыларының арасындағы Әлем ғылымдарының жүлдесі (World Scholar’s Cup) сайысына қатысқан ең белсенді қатысушы болып танылды, бұл жетістікке сайысқа қатысқан 500 сөзуар оқушының ішінен таңдалынып алынғанын айта кетсек, Томиристің нағыз сөз шебері екенін көруге болады. Томирис және оның жаңа командалас жолдастары «Жас жеткіншектер – жақсы елшілер» тақырыбында өз ойларын батыл жеткізумен қатар, нақты дәлелдер де келтіре білді.

Сайыстың соңына қарай мектебіміздің командасының қаншалықты жақсы өнер көрсеткенін анықтайтын ақтық кезең де келіп жетті. Қандай жауап болды деп ойлайсыз? Әрине, ең жақсы жауап! Томирис кіші сыныптар арасындағы Әлем ғылымдарының жүлдесі (World Scholar’s Cup) сайысына қатысқан ең белсенді қатысушы болып танылды, ал Олег ересек сыныптар арасындағы жақсылардың ең жақсысы болып танылды. Haileybury Астана мектебі оқушылары сайыстың барлық түрлерінде ең озық қатысушы атануға лайық өнер көрсете білді. Десек те, жақсылардың ішіндегі ең жақсысы деп, төмендегі оқушылардың үштік топтарын ерекше атап өткіміз келеді:

Топтық сөзсайыс бойынша (жасы кіші командалар арасында): 

1 – орын – Коркем-Ай, Томирис, Дилара

2 – орын – Ахмет, Темирлан, Альфаис 

3 – орын  – Ания, Найра, Алима

Сөзсайыс бойынша (жасы кіші командалар арасында): 

1 – орын  – Томирис

2 – орын  – Альфаис

3 – орын - Алан

Топтық шығарма бойынша (жасы кіші командалар арасында):

2 – орын  – Ания, Найра, Алима

Топтарға берілген ең күрделі тапсырмаларды шешу нәтижесіне қарай (жасы кіші командалар арасында)

1 – орын  – Ания, Найра, Алима   

Топтарға берілген ең күрделі тапсырмаларды шешу нәтижесіне қарай (ересек сынып командалары арасында)

2 – орын  – Бексултан, Нора, Антон

3 – орын  – Абылай, Айгерим, Аружан

Мектеп Жүлдесі (жасы кіші командалар арасында):   

1 – орын  – Ания, Найра, Алима

2 – орын  – Коркем-Ай, Томирис, Дилара

Жеке оқушыға берілген ең күрделі тапсырмаларды шешу нәтижесіне қарай (жасы кіші командалар арасында):

Өнер бойынша – Томирис

Тарих пәні бойынша – Коркем-Ай

Әдебиет пәні бойынша – Алан

Ғылым негіздері бойынша– Томирис

Білімнің арнайы аясы бойынша– Алима

Барлық пәндер бойынша  - Ания

Мектеп Жүлдесі (ересек сынып командалары арасында): 

1 – орын – Мария, Олег

Жеке оқушыға берілген ең күрделі тапсырмаларды шешу нәтижесіне қарай (ересек сынып командалары арасында):

Өнер бойынша - Олег

Ғылым негіздері бойынша – Олег

Барлық пәндер бойынша  - Олег

Біздің мектеп оқушылары тиянақты дайындықтарының арқасында Haileybury Астана мектебін жеңіске лайықты деңгейде көрсете білді, біз сайысқа қатысқан әрбір оқушымызды мақтан тұтамыз, олардың әрқайсысының жеткен жетістіктері оқушыларымыздың білім алу жолында дұрыс бағытта екендіктерін тағы бір дәлелдейді. Бұның өзі біздер үшін зор қуаныш. Сайыс барысында оқушыларымызға теңдессіз қолдау көрсеткен ата-аналарымызға айтар алғысымыз шексіз!

Жаңалықтар
28.08.2020
2020 Білім күнін мерекелеу
Біз кішкентай бүлдіршіндерімізден бастап аға буынға дейінгі Haileybury қоғамдастығының барлық мүшелерін осы өзгеше әрі ерекше 2020 жылғы Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
24.08.2020
Барлық IB түлектерін құттықтаймыз!
Барлық IB түлектерін құттықтаймыз! Біздің оқушыларымыз биыл IB емтихандарында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
03.08.2020
Haileybury мектептерінің ашылу жоспары
Біз келесі тоқсанда екі қаладағы мектептердің қауіпсіз ашылуын қамтамасыз ету мақсатында қызу жұмыстар жүргізудеміз. Ашылуға қатысты дайындық жөніндегі толық ақпарат төменде беріледі:
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат