НРА басқарушы тұлғаларының рөлі мен міндеттері

Төраға Қаржы басқарушы Хатшы
  • Қауымдастық жиналыстарын шақыру (тоқсанына бір рет) Комитет жиналыстарында төрағалық ету: күн тәртібін бекіту және, әр мүшеге бірдей уақыт бөле отырып, мәселелерді тиімді талқылауға ықпал ету, күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты идеялар ұсыну.
  • Қауымдастық атынан қажет болған жағдайда мектеппен байланыс жасап тұру Қауымдастық атынан қажет кезде және қажет жерде сөйлеу
  • Ассоциацияны мектептің жаңа ата-аналарымен таныстыру, оларды Хаусқа қарамастан қауымдастықтың қызметіне тарту
  • Комитеттің барлық мүшелеріне (басқарушы тұлғалар немесе Хаус өкілдері) өз функцияларын орындауға бірдей және әділ қолдау көрсету
  • Haileybury мектебінің қаржы директоры бекіткен белгілеген өтеу/есеп айырысу тәжірибесіне сәйкес HPA шоттарын ашу және жүргізу туралы уәкілетті қызметкермен келісу.
  • Қаражаттың тоқсан сайын келісілген мақсаттарға жұмсалуын қамтамасыз ете отырып, төраға, комитет және уәкілетті қызметкермен байланыс жасап тұру
  • Қаражаттың қозғалысын көрсететін кесте түрінде қарапайым есеп жүргізу
  • Комитеттің әр жиналысында қаржы басқарушының Қауымдастық есепшотының жағдайы туралы есеп беру (тоқсанына бір рет).
  • Ата-аналардың жыл сайынғы жалпы жиналысында жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы және жыл соңындағы Қауымдастықтың шотындағы қалдық туралы ақпарат ұсыну.
  • Комитеттің барлық мүшелеріне Қауымдастықтың қаражатын пайдалануға қатысты функцияларын орындауда (басқарушы тұлғалар немесе Хаус өкілдері) бірдей және әділ қолдау көрсету
  • Жиналыстарда төрағаға қолдау көрсету, жиналыс хаттамаларын жүргізу, оны Қауымдастық комитетінің мүшелеріне және уәкілетті қызметкерге танысуға беру;
  • Қауымдастықтың әр жиналысында хаттамаларды оқып беру, Қауымдастықтың ресми жиналыстары кезінде қосымша ақпарат алу үшін өткен кездесулердің хаттамаларын қолдана алу.
  • Комитет мүшелеріне және уәкілетті қызметкерге (қажет болған жағдайда) тиісті ақпаратты жіберу, Қауымдастықтың ресми жиналыстарында немесе Қауымдастықпен байланысты басқа жиналыстарда қабылданған/бекітілген келісімдердің дұрыстығын қамтамасыз ету.
  • Қатысушыларды алдағы жиналыстар туралы кемінде 2 апта бұрын хабарлау
  • Жиналыс өткізілетін орнын, уақытын және ұсынылған күн тәртібін бекітіп ұйымдастыру.
  • Haileybury ата-аналар қоғамдастығына таратылатын ақпаратты, соның ішінде жаңа ата-аналарға арналған жыл сайынғы танысу материалдарын беру сұрақтары бойынша мектептің оқушыларды қабылдау және маркетинг бөлімімен байланысты үзбеу.
  • Қауымдастық туралы дұрыс ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін комитеттің барлық мүшелеріне өз функцияларын орындауда бірдей және әділ қолдау көрсету
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат