Халықаралық бакалавр (ІВ) бағдарламасы

Халықаралық бакалавр дипломы бағдарламасы 16-19 жас аралығындағы оқушыларға арналған білім беру бағдарламасы. Аталған бағдарлама географиялық және мәдени көші-қон жағдайында қарым-қатынас жасай отырып, халықаралық өзара түсінушілікті, мәдениаралық байланысты, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған теңгерімді білім беруді жүзеге асыру мақсатында 1968 жылы құрылған. Бағдарламаның негізін Женева Халықаралық мектептерінің мұғалімдері өзге халықаралық мектептердің ұстаздарымен ынтымақтаса отырып құрған. Содан бері аталған бағдарламаның дамуына әлемнің түкпір-түкпіріндегі білікті, тәжірибелі мұғалімдер мен сарапшылар зор үлес қосып келеді.

ХБДБ (халықаралық бакалавр Диплом бағдарламасы) оқушылардың бойындағы төмендегі қасиеттердің дамуын қамтамасыз етеді:

  • Терең әрі негізді, жан-жақты білім алып шығу;
  • Физикалық, интеллектуалды, эмоционалды және әдеп тұрғысынан даму;
  • Кем дегенде екі шет тілін біліп шығу;
  • Дәстүрлі академиялық пәндер бойынша терең білім алу;
  • осы курсқа негізделіп жазылған бірегей бағдарлама арқылы білімнің негізгі табиғи болмысын тани түсу.

Халықаралық зерттеулер Халықаралық Бакалавр Дипломы Бағдарламасы (ХБДБ) оқушылары өзге жастастарына қарағанда өз уақыттарын басқаруға, түрлі жаңалықтар ашуға, түрлі жұмыстар орындауға бейімдірек келетінін көрсеткен. Өздеріне артылған сенімді ақтауға тырысады. Біз, Haileybury Астана мектебі, оқушылар үшін бүгінгі таңда Халықаралық бакалавр дипломы бағдарламасы жоғары оқу орнына апаратын бірегей тәжірибе болып табылатынына сеніміміз мол. Халықаралық білім алудағы Алтыншы форманы алтын стандарт деп атауға болады, сонымен қатар ол әлемнің үздік оқу орындарына түсуге даярлайтын үздік бағдарлама.

British independent school in Haileybury Astana

Бағдарламаның ауқымдылығы мен өзектілігі

Халықаралық бакалавриат бағдарламасы өзге білім беру бағдарламаларынан ерекше. Бұл білім беру бағдарламасы білім алушыларды сыни ойлауға, өздеріне қойылған сұрақтар мен мәселелерге қатысты көзқарастарын білдіріп, өз пікірлерін қорғауға үйретеді. Сонымен қатар Халықаралық Бакалавр білім беру бағдарламасы мемлекеттік және ұлттық жүйелерге тәуелді емес, бұл дегеніңіз, оқыту барысында халықаралық үздік тәжірибелерге сүйене отырып, білім беру бағыттарын түрлендіруге болатындығын білдіреді. Барлық ХБДБ студенттері бағдарлама барысында алты пән бойынша білім алады: тіл А, тіл В, гуманитарлы білім, ғылым, математика және өнер немесе өз таңдауы бойынша алған пәні.

Әлемдік барлық жоғары білім беретін орындар, яғни университеттер Халықаралық Бакалавр Диплом Бағдарламасын көпсалалы, ауқымдылығы үшін жоғары бағалайды, материалдың нақты берілуі және студенттердің өз беттерімен жұмыс істей алу мүмкіндіктерінің болуы, әрбір зерттелінетін және қарастырылатын материалдар бойынша жеке көзқарастарын білдіре алулары алдыңғы қатарлы, үздік білім ордаларының өз студенттеріне қоятын бірегей талаптары.

Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасы барлық білім алушыларға қажет пе?

Жоғарыда берілген сұраққа қысқаша берілетін жауап – «иә». Бұл бағдарлама тек танымдық, білімпаздық  дағдыларын дамытуға тырысушы студенттерге ғана емес, сонымен қатар өзін тұлға ретінде жан-жақты дамытқысы келетін, көзқарастары ашық жастарға да арналған. Бұл айтылған дағдылардың барлығы әрбір студентке қажетті дағды деуге әбден болады. Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасының бірегейлігі мен мүмкіндіктерінің зор болуына байланысты осы аталған білім беру бағдарламасын таңдаған Haileybury Астана мектебі дұрыс бағытта екендігінде дау жоқ, сонымен қатар бұл тұрғыдан алғанда сай келер бәсекелес те жоқ.

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ