Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасы біліктілік ретінде

Халықаралық бакалавр дипломы Ұлыбритания мен АҚШ-тың барлық білім беру ордаларында танылған. Осы тұрғыдан келгенде барлық университеттердің қабылдау комиссиялары студенттерді Халықаралық бакалавр бағдарламасының жоғары оқу орындарында білім алуға және болашақта өз мамандықтарын дұрыс таңдауға дайындайтын ең дұрыс әрі озық бағдарлама екендігімен келіседі. Әлемнің озық университеттері Халықаралық бакалавр бағдарламасының нәтижелерінің өзге біліктілік бағдарламаларымен салыстырғанда ең үздік әрі білімді студенттерді анықтауға мүмкіндік беретінін ұнатады, бұл пікір дәлелді болу үшін жүргізілген зерттеулер бойынша соңғы 20 жыл ішінде аталған бағдарламаның қорытынды нәтижелерінде ешқандай ұпайды көтермелеу фактілері анықталмағандығын айтуымызға болады.

Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасын бітірген студенттердің табысты болуларының құпиясы неде?

2016 жылы жоғары білім статистикасы бойынша Агенттігі Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасы  студенттерінің табыстары туралы жүргізілген зерттеулерінің нәтижесін жариялады, нәтиже қорытындылары төмендегідей көрсеткіштерді айқындаған:

 - Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасы  студенттерінің А Level бағдарламалары бойынша білім алатын студенттермен салыстырғанда бірінші және екінші деңгей бойынша жоғары дәрежедегі нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктері жоғарылау - Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасы студенттері бірінші деңгейді 23%-ға бітірсе, A Level-ді тәмамдаған студенттер аталған деңгейді 19% -ға ғана аяқтай алған.

 - Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасы студенттерінің деңгейді аяқтағаннан кейін A Level-і тәмамдаған студенттермен салыстырғанда Ұлыбританияның ең үздік саналатын 20 жоғары оқу орындарына  түсу мүмкіндіктері 57%-ға жоғары болмақ.

 - Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасы студенттері бірінші деңгейді өз замандастарымен салыстырғанда 23%-ға жоғары дәрежеде бітірсе, A Level-ді тәмамдаған студенттер аталған деңгейді 19% -ға ғана аяқтайды.

 - Халықаралық бакалавр  диплом бағдарламасы студенттері бағдарламаны тәмамдаған соң магистр немесе ғылым кандидаты дәрежесін алуға көбірек ұмтылыс жасайтын болса, A Level-ді тәмамдаған студенттер өз кәсіптік қызметтерін бастап кетеді. Халықаралық бакалавр  диплом бағдарламасын тәмамдаған студенттердің 30%-ы A Level бағдарламасын тәмамдаған студенттердің 15%-ымен салыстырғанда өз білімдерін жетілдіруді жалғастыра береді.

 - ХБДБ студенттері білім беру ісінде көбірек жетістіктерге жетіп, өзге бағдарлама бойынша білім алатын студенттерге қарағанда табатын еңбекақылары да жоғары болады.Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасының математикалық бағытта ғылыми дәреже алған бітіруші түлегінің ең төменгі орташа жалақысы 30 000 фунт стерлингті құраса, A Level бағдарламасы бойынша білім алып шыққан дәл осындай ғылыми дәрежеге ие студенті 22 000 фунт стерлинг жалақы алады.

 - Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасының 18%-ға жуық бітіруші түлектері A Level бағдарламасы бойынша білім алып шыққан студенттердің 13%-імен салыстырғанда кәсіби, ғылыми-техникалық бағытта жұмыс істейтін болады.

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ