Неліктен Haileybury мектебін таңдаған дұрыс?

Біз ұл балалар мен қыз балаларды әлем азаматтары ретінде өздерінің алғашқы таңдаған жоғарғы оқу орнына түсуге дайындаймыз. Осындай жетістікке қол жеткізе отырып, оқушыларға қолдау көрсететін және қамқорлық ететін ортада сабақтан тыс іс-шаралардың кең ауқымын ұсына отырып академиялық жетістіктерге жетуге, көшбасшылық және командалық дағдыларын дамытуға қол жеткізу мүмкіндігін ашамыз. Бұл жеке тұлғаны дамытуға, еңбекқорлыққа үйретуге, өз-өзіне сенімді болуға, мықты әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларға ие болуға ықпал етеді.

Әлемдегі ең беделді және құрметті білім беру мекемелеріне қол жеткізу

Haileybury Астана мектебі IB Diploma (Халықаралық Бакалавриат) бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама әлемнің ең алдыңғы қатарлы, үздік университеттерінде жоғары бағаланады. Негізгі оқытылатын алты пәнмен қатар оқушылар Білім теориясы, Шығармашылық, Іс-әрекет және қызмет көрсету, кең көлемді эссе жазып үйрену сабақтарына да қатысады. Халықаралық Бакалавр бағдарламасында бітіргендігі туралы дипломды алу үшін баға 24 ұпайдан бастап 45-ке дейінге ұпай аралығында есептелінеді. Яғни ең жоғары ұпай саны – 45. Оксфорд және Кембридж университеттеріне түсу үшін оқушының ұпай саны 38-40 болуы тиіс. Біздің мектебіміздің Халықаралық Бакалавр бағдарламасының ең алғашқы түлектері жоғары оқу орындарына 2019 жылы түседі.

Жоғары білікті британдық мұғалімдер

Біздің оқытушыларымыз - ағылшын тілін еркін меңгерген жоғары білікті мамандар. Олардың көпшілігі Ұлыбританияда білім алып, британдық мектептерде тәжірибе жинақтаған, көпшілігінің шетелде сабақ жүргізу тәжірибесі мол. Біздің мектептерімізде балалардың құқықтарын қорғауға үлкен көңіл бөлінеді, сондықтан әрбір Haileybury қызметкері балалармен жұмыс істеу құқығын алғанға дейін мұқият тексеріледі.

Haileybury Қазақстан мектептерімен бірге балаңыз әлемдік деңгейдегі британдық тұтастық тәсілімен білім алады

Haileybury Астана мектебінде сіздің балаңыз британдық жүйе негізінде үздік тәжірибені пайдалана отырып, әлемдік деңгейдегі білім алады. Ең бастысы олар ғаламдық ортада болашақта табысқа қажетті дағдыларын дамытады. Барлық оқушылар өздерінің жан-жақты білім алу дағдыларын, көшбасшылық дағдыларын, сөйлеуге деген сенімділіктерін, проблемаларды шешу және өз бетінше білім алу жолдарын толықтыруға бағытталған әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысады. Жоғарыда айтылған түлектердің шыңдаған біліктіліктері пен меңгерген қабілеттерін жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындары да жоғары бағалайды. Біздің мақсатымыз әр оқушының білім беру әлеуетін ашу болып табылады.

Балаларға білімін кеңейтуге және әртараптандыруға мүмкіндік беретін керемет білім ортасы

Haileybury Астана мектебі елорадамыздың қақ төрінде, Есіл өзенінің жағалауында, жап-жасыл, әдемі саябақ аймағында орналасқан. Аумағы кең көлемді алып жатқан мектеп қазіргі заманға сай барлық қажеттіліктермен жабдықталған, болашақта мектеп ғимаратының кеңейтілуі үшін жеткілікті жер қарастырылған. дамушы тұрғын аудан аймағының орталығында орналасқан мектеп Алматы қаласынан еліміздің бас қаласына қызмет бабымен ауысып келгісі келетін қызметкерлерді құшақ жая қарсы алуға дайын. 2017 жылдың қазан айында жаңа Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының жаңа орталығы ашылды, ал 2018 жылдың қыркүйек айында жаңа спорт залы ашылып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Отзывы

British independent school in Haileybury Astana

Алуа Есимбекова

Наши дети учатся в школе Haileybury с момента ее основания в Алмате, а затем в Астане. Я рада, что мои дети учатся в такой дружелюбной обстановке, которая способствует развитию их потенциала. Нам очень нравится, что образовательный процесс в школе поставлен таким образом, что дети учатся независимо выражать свою точку зрения по любому вопросу. Дети здесь развиваются всесторонне, и наряду с академическими знаниями, большое внимание уделяется общему развитию ребенка. Высокие стандарты британского образования, которые применяет школа, позволяют нам надеяться на то, что наши дети успешно продолжат обучение в лучших мировых вузах.

Haileybury Astana и Haileybury Almaty поддерживают благополучие и защиту молодежи. В рамках процесса найма новых сотрудников мы требуем от всех заявителей прохождения полицейских проверок и проверки DBS U.K. , также применяя в работе четкие протоколы по мерам защиты и безопасности.

Safeguarding and Child Protection Policy
Бұл сайт кукилерді пайдаланады. Осы сайтты пайдаланып, сіз бұл файлдарды пайдалануға келісесіз Толығырақ