
Haileybury Almaty 2008 жылы Ұлыбританиядағы Haileybury компаниясымен серіктестікте ашылды. Бұл коммерциялық емес білім беру жобасын бір топ қазақстандық кәсіпкерлер қаржыландырды. Haileybury Almaty британдық білім берудің үздік дәстүрлеріне бай кең көлемді оқу бағдарламасын ұсынады. Оқушылар шет елдерде және Қазақстандағы үздік жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін «A levels» бағдарламасы бойынша дайындалады

Haileybury Астана мектебін президент Назарбаев 2011 жылы ашты. Мектеп оқушыларға IB World бағдарламасы бойынша білім береді, осының нәтижесінде жоғары сынып оқушылары әлемнің атақты әрі үздік білім ордаларында білім алуға бірегей мүмкіндіктерге ие болады. Ерте жастан бастап оқушылар үнемі өзгеріп отыратын әлемде өздерінің білімі мен машықтарын сынау және жетілдіру үшін көптеген шараларға қатысады. Haileybury Astana әр оқушының қамын ойлайды және ұмтылыстарын қолдайды