2026 жылғы A-Level емтихандарының нәтижелері және түлектеріміздің университеттерге түсуі

2026 жылғы A-Level емтихандарының нәтижелері және түлектеріміздің университеттерге түсуі

Біз 2026 жылы Haileybury Almaty мектебін бітірген 13-сыныптың дарынды әрі еңбекқор түлектерін мақтан тұтамыз. Олар A-Level емтихандарында үздік нәтижелер көрсетіп, мектеп тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірін қайталады. Атап айтқанда, барлық бағалардың 67%-ы A* және A, ал 86%-ы A*-дан B-ге дейінгі бағаларды құрады. A-Level бағдарламасы әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік беретін ең танымал білім беру жүйелерінің бірі болып қала береді.

Түлектеріміздің университеттерге түсу нәтижелері де ерекше қуантады. Олар Oxford, Cambridge, Imperial College London, MIT, UCL, University of Pennsylvania, NYU, HKUST сияқты әлемге әйгілі, қабылдау талаптары жоғары университеттерге, сондай-ақ АҚШ, Канада, Еуропа, Таяу Шығыс пен Азияның басқа да беделді жоғары оқу орындарына қабылданды. Сонымен қатар түлектеріміз жалпы сомасы 4,8 миллион АҚШ долларынан асатын білім гранттарына ие болды. Бұл олардың жоғары академиялық жетістіктері мен қажырлы еңбегінің айқын көрінісі.

Haileybury Almaty түлектерінің құқық, қаржы, экономика, бизнес, инженерия, робототехника, биотехнология, өнер, математика, сәулет, компьютерлік ғылымдар, психология және гуманитарлық ғылымдар сияқты сан алуан бағыттар бойынша білімдерін жалғастыратыны бізді ерекше қуантады.

Барлық түлектерімізді осындай тамаша жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға білім жолындағы жаңа кезеңде сәттілік, табыс және жарқын болашақ тілейміз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат