"Haileybury Almaty тағам денені нәрлендіреді және жанды шабыттандырады деп санайды, сондықтан мектеп оқушыларын күн сайын сапалы және әртүрлі тағаммен қамтамасыз етеді"

Haileybury Almaty-дағы тамақтану

Асханада бірге тамақтану - Haileybury Almaty мектебінің негізгі аспектісі, ал асханада ұсынылатын тағам шымынен ерекше!

Әртүрлі және дәмді тағам

Біз күн сайын нәрлі көже, жаңа піскен нан, карри, вегандық және вегетариандық тамақтар, жаңа піскен жемістер, салаттар мен десерттер сияқты дәмді тағамдардың кең таңдауын ұсынамыз. Тағамның сапасы мен әртүрлілігі мектеп күнінің маңызды бөлігі болғандықтан, біз барынша әркімнің талғамына сәйкес келетін тағам жасауға тырысамыз. 

ДӘМДІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ТАҒАМ

ҰМЫТЫЛМАС ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Жарық асханамызда бірге тамақтану Haileybury Almaty мектебінде оқудың маңызды бөлігі болып табылады.
Біз күн сайын нәрлі көже, жаңа піскен нан, дәмді балық, вегандық және вегетариандық тағамдар, сондай-ақ жаңа піскен жемістер, салаттар мен көкөністер сияқты дәмді және қоректік тағамдардың кең ауқымын ұсынамыз.
Біздің тағамдарымыз жай ғана тамақ емес, олар - біздің қоғамдастықты біріктіретін күш.
ҰМЫТЫЛМАС  ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Ерекше сапа

Қоғамдық тамақтандыру саласындағы көшбасшы болып табылатын FG компаниясымен серіктестікте Haileybury Almaty өз оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз етеді. Біздің аспаздар күн сайын әртүрлі және пайдалы тағамдар дайындайды. Олар оқушылардың ерекше диеталық және спорттық қажеттіліктерін ескере отырып, әрбір тағамның құнарлы, жоғары сапалы және теңгерімді болуын қамтамасыз етеді.

Әртүрлі және пайдалы тағамдар 

Біз мәзірімізді мұқият құрастырамыз және әр түрлі дәм мен диеталық қажеттіліктерге сай тағамдардың алуан түрін ұсынамыз. Күн сайын оқушыларға әртүрлі құнарлы салаттар, дәмді ет және вегетариандық тағамдардың кең таңдауы ұсынылады. Біздің мақсатымыз – оқушыларымыздың денсаулығы мен жалпы салауаттылығын қолдау үшін теңдестірілген тамақтануды қамтамасыз ету.

 

Тақырыптық күндер мен әлем тағамдары 

Сондай-ақ біз тамақтану және пайдалы тағамдар туралы арнайы тақырыптық күндер мен семинарлар өткіземіз. Мұндай іс-шаралар оқушыларға әлем тағамдары туралыкөбірек білуге және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Haileybury Almaty жақсы тағам қауымдастықты нығайтады, әл-ауқатқа ықпал етеді және құнды өмірлік дағдыларды береді деп санайды.

2025-2026 жж. арналған мектеп мәзірі
Жүктеу
Жаңалықтар
05.06.2026
Haileybury Almaty жазғы STEM-лагері 2026
Осы жазда Haileybury Almaty 5 пен 13 жас аралығындағы балаларға арнап STEM-лагерін ұйымдастырып жатыр. Бұл - білімге құмарлықты, шығармашылықты және мәселелерді шешу қабілетін дамытуға бағытталған практикалық сабақтар.
27.05.2026
Junior School HPL Oscars 2026
Өткен аптада өткен бұл іс-шара шығармашылықты, сенімділікті және High Performance Learning қағидаттарын дәріптеген ерекше мереке болды.
20.05.2026
Haileybury Almaty оқушылары (11 жасқа дейін) FOBISIA ойындарында тамаша нәтижелер көрсетті
Haileybury Almaty FOBISIA ойындарындағы 11 жасқа дейінгі оқушылардың жетістіктері туралы жаңалықтарымен бөлісуге асық. Оқушыларымыз жүзу және жеңіл атлетика сияқты дициплиналарда үлкен табандылығымен, командалық рухымен және спорттық мінезімен ерекшеленді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат