Жоғары мектеп (11-18 жас аралығы)

Жоғары мектепке қош келдіңіз! Мұнда 7-13 сыныптар аралығындағы 300-ден астам оқушы (11-18 жас аралығында) оқиды.

Біздің миссиямыз Бастауыш мектеп миссиясымен ұқсас – оқушыларға мектеп қоғамдастығында академиялық, физикалық, мәдени және әлеуметтік мүмкіндіктерін жаһандық және болашақ контекстте іске асыруға мүмкіндік беретін білім алу тәжірибесіне ие бола алатын жағдайлар жасау

Біз Haileybury Дағдыларын дамыту мақсатына оқушыларды ынталандыру арқылы қол жеткіземіз, оқушыларымыздың кез-келген іс-шараға қабілетті, ақылды, батыл, қызығушылық танытқан, ұйымдасқан және табанды болу қабілеттерін шынықтырамыз, дамытамыз.

Білім берудің кең спектрімен толықтырылған, теңестірілген және оқушыны ынталандыратын оқу бағдарламасы арқылы оқушыларымыздың академиялық жетістіктері мен жеке дамуының жоғары стандарттарына сай болуына барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

7-ші және 9-шы сыныптарда біз қазақстандық стандарттарға сәйкестендірілген британдық ұлттық оқу бағдарламалары бойынша, 10-11 сыныптарда IGCSE, ал 12-ші және 13-ші сыныптарда A-Levels бағдарламасы бойынша білім береміз.

Haileybury Almaty жоғары мектебінің қазіргі оқу жетістіктері оны Ұлыбританиядағы үздік 60 мектептің қатарына қосуға мүмкіндік береді, алайда мектеп бұл жетістікпен шектеліп қоймай, әлемдегі ең жақсы мектептердің бірі болуды мақсат етеді.

7 – 9 сыныптар (11-14 жас аралығы)

7-9 сынып – оқушылардың академиялық және әлеуметтік дамуындағы өте маңызды қадам. Біріншіден, бұл 7 сынып оқушылары Бастауыш мектептен Жоғары мектепке ауысады. Онда сабақ кестесінде, оқу жоспарында және мұғалімдермен жұмыс істеу түрінде өзгерістер көп болады.

Ұсынатын сабақ кестесі 7-13 сынып оқушыларына қолдау көрсету, құндылықтар мен оң көзқарасты дамытуға бағытталған.

7-9 сынып оқушыларына 20-дан астам сабақтан тыс үйірмелер ұсынылады және  де оқушылар Оқушылар кеңесі шеңберінде өздерінің көшбасшылық дағдыларын дамыта отырып, мектеп өміріне белсенді қатыса алады.

7-9 сынып оқушылары бойларынан жан-жақты және білімді жастарға айналуға мүмкіндік беретін ынта-жігердің, ақылдың және жетілудің жоғары деңгейін байқауға болады.

Ағылшын тілі, математика, нақты ғылымдар, тарих, география, Қазақстан тарихы және қазақ тілі, қазіргі шет тілі, өнер және дизайн, музыка, дене шынықтыру, тұлғалық даму және информатика пәндері мектеп оқу бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

10 – 11 сынып (14-16 жас аралығы)

10-11 сыныпта оқушылар IGCSE бағдарламасы бойынша оқиды (Жалпы Орта Білім туралы Халықаралық Сертификаты). Оқушылар математика, ағылшын тілі, нақты ғылымдардан екі немесе үш пән, қазіргі заманғы шет тілі және таңдауға арналған үш қосымша пән сияқты пәндерді оқиды.

Бұл болашақ туралы ойлауға және болашақ мамандыққа қандай пән таңдауға болатынын жоспарлау уақыты ғана емес, сонымен қатар оқушылардың көптеген өзгерістер мен эмоционалдық немесе әлеуметтік мәселелерге тап болатын уақыты.

Алтыншы саты (12-13 сынып) (16 -18 жас аралығы)

Haileybury Almaty мектебінің Алтыншы сатысы – маңызды және қызықты тәжірибе. Бұл Ұлыбританияда оқыған тәжірибелі қызметкерлердің қолдауымен іске асырылатын оқуға деген құлшыныс пен еңбекқорлық рухы. Сонымен қатар, Haileybury мектебінде кураторлар мен жеке тәлімгерлер жүйесі бар. Олар оқушыларға әр қадамда көмектесіп отырады.

Оқушыларымыздың қол жеткізген жоғары академиялық стандарттарын мақтан тұтамыз. Алтыншы сатыда қамқоршыл атмосфера орнады. Әр оқушыға жеке назар аударылады және университетке түсу кезінде қолдау көрсетіледі. Біз Ұлыбритания мен Еуропаның жоғары оқу орындарына түсуге қойылатын барлық талаптарды білеміз. АҚШ университеттеріне түсу бойынша координатор әр оқушыға университетті таңдауға көмектеседі.

Алтыншы сатыға мектебіміздің 11-сынып оқушылары, Алматы облысының әртүрлі мектептерінен келген оқушылар, сонымен қатар Қазақстанға алғаш келген шетелдік оқушылар түсе алады. Олардың барлығы қала маңындағы тау курортында өткізілетін тимбилдинг шарасы, сондай-ақ екі күндік нұсқамалық кезінде отбасымызға қабылданады. Нұсқамалық көмегімен жаңа оқу жылында 12 және 13 сынып оқушыларының тез бейімделуіне кепілдік беріледі. Алтыншы саты оқушылары Haileybury Almaty мектебінің оқушылар қауымдастығына жетекшілік етеді және үлгі болып табылады.

Жаңалықтар
04.12.2024
HAILEYBURY ALMATY МЕКТЕБІНІҢ 15 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КІТАП
Шектеулі шығарылым - Haileybury Almaty мектебінің 15 жылдық мерейтойына орай жасалған тарихтың бір бөлігінің иесі болудың бірегей мүмкіндігі!
27.11.2024
Данияның тұрақты сән саласындағы жетістігі
Дания — экологиялық ақпараттандыруға үлес қосып қана қоймай, басқаларды тұрақты өзгерістерге шабыттандыратын дарынды Haileybury Almaty оқушысы!
27.11.2024
Арнұр – ғылым сайысының жеңімпазы!
Ұлттық ғылыми жобалар байқауының қалалық турында информатика номинациясы бойынша 1 орын алған Арнұрды (13 сынып) құттықтаймыз!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат