Haileybury Almaty мектебінің оқу кезеңін түгелдей қамтитын Грант басқа сырттағы оқушыларға беріледі, және үміткер 01.09.2024 ж. сәйкес 13 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болу тиіс, мектепте оқу кезінде барлық қаржылық шығындарды толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік береді.
Грант беру шарттары
- Үміткердің жасы қажетті жас санатына сәйкес келуі тиіс - туған күні 1 қыркүйек 2010 жылдан 31 тамыз 2011 жылға дейін болу қажет;
- Алдыңғы мектептегі жоғары білім үлгерімі (соңғы екі жылдағы табельдегі жылдық бағалардың орташа балы-4.5-тен төмен емес);
- Өзі туралы бейне презентация ұсыну және эссе жазу;
- Пәндік тестілеуден сәтті өту;
- Мектеп басшылығымен сұхбаттан сәтті өту;
- Қажетті қаржылық құжаттарды ұсыну.
Конкурсты өткізу мерзімдері
Өтінім беру - 15.05.2023-29.02.2024 жж. аралығында
Қажетті құжаттарды ұсыну - бейне презентация, эссе, табель сканерлері - 01.03.2024 дейін
Іріктеу кезеңінен сәтті өткен құжаттарды уақытында тапсырған үміткерлер мектепке пәндік тестілеуге шақырылады. Тестілеу күні мен уақыты үміткерге кейінірек жіберілетін шақыру хатында көрсетілетін болады.
Конкурсқа қатысуға тіркелу
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін төмендегі батырманы басу арқылы сауалнаманы толтыру қажет.