16 жастағы оқушыларға арналған A-Level гранттары (2024-2025 оқу жылы)

A-Level бағдарламасын аяқтаған оқушыларды АҚШ, Еуропа, Канада, Австралия және әлемнің басқа да елдеріндегі университеттер қабылдайды және жоғары бағалайды.

Жоғары сынып оқушыларына арналған гранттар

Шетелде білім алу – көптеген оқушылардың арманы. Оларға шетелдік университетке түсуге мүмкіндік беру үшін Haileybury Almaty Жоғары мектепте оқуға арналған гранттар ұсынады. A-Level бағдарламасында оқуға арналған гранттар 15-16 жас аралығындағы оқушыларға беріледі.

A-Level – бүкіл әлемде, соның ішінде АҚШ-та мойындалған және әлемдік деңгейдегі университеттерге түсуге мүмкіндік беретін оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және жоғары оқу жетістіктерімен ерекшеленген оқушылар A-Level грантына үміткер бола алады. Оқу үдерісі британдық білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес өтеді. Оқу соңында оқушыларға британдық білім беру саласындағы ең жоғары сұранысқа ие Advanced Level General Certificates of Education (GCE емтиханының ілгері деңгейі) немесе қысқаша A-Level сертификаты беріледі.

2024-2026 оқу жылына арналған Haileybury Almaty мектебінің A-Level бағдарламасына толық және ішінара гранттар конкурсына тіркеу ашылды!

Haileybury Almaty мектебінің A Level 2 жылдық бағдарламасы бойынша оқуға гранты дарынды сыртқы оқушыларға, оқу басталған кезде (2024 жылғы 1 қыркүйекке) 16 жасқа толған, оқу ақысын төлеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

Байқауға қатысу үшін біз барлық үміткерлерді грант алу конкурсының бірінші кезеңіне - пәндік олимпиадаларға қатысуға шақырамыз.

Олимпиада келесі пәндер бойынша өтеді: математика, ғылыми пәндер (физика, химия, биология), ағылшын тілі.

Байқау бірқатар іс-шаралар мен сұхбаттардан тұрады. Барлық гранттар ішкі саясатқа сәйкес құжаттарды тексеру арқылы академиялық негізде беріледі.

Haileybury Almaty Mатематика пәнінен олимпиадасы 2023

Haileybury Almaty Mатематика пәнінен олимпиадасы 2023

Haileybury Almaty мектебі барлық жоғары сынып оқушыларын математика пәні олимпиадасына қатысуға шақырады.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 22 қыркүйек дейін
Онлайн тур: 27 қыркүйек 2023 ж.
Тіркелу
Haileybury Almaty Mатематика пәнінен  олимпиадасы 2023
Haileybury Almaty Ғылыми олимпиадасы 2023

Haileybury Almaty Ғылыми олимпиадасы 2023

Haileybury Almaty мектебі барлық жоғары сынып оқушыларын Ғылыми олимпиадасына қатысуға шақырады.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 13 қазан дейін
Онлайн тур: 18 қазан 2023 ж.

Тіркелу
Haileybury Almaty Ғылыми олимпиадасы 2023
Haileybury Almaty Ағылшын тілі олимпиадасы 2023

Haileybury Almaty Ағылшын тілі олимпиадасы 2023

Haileybury Almaty мектебі барлық жоғары сынып оқушыларын ағылшын тілі олимпиадасына қатысуға шақырады.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 03 қарашаға дейін
Онлайн тур: 08 қараша 2023 ж.
Тіркелу
Haileybury Almaty Ағылшын тілі олимпиадасы 2023
, Қабылдау бөлімінің меңгерушісі
Елнұры Атакозиева
Қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат