Haileybury Almaty мектебінің сандық білім беру жүйесі

Сандық білім - бұл «оқушыларға оқу уақытын, орнын, бағыты мен қарқынын басқару мүмкіндігін беретін технологияға негізделген оқыту».

Haileybury Almaty мектебі үшін сандық технологиялар - жоғары сапалы білім берудің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Сонымен қатар, сандық құрылғылар мен бағдарламалық жасақтамалар біздің оқушыларымыздың өмірі мен оқу тәжірибесін қарқынды өзгертуде маңызды рөл атқарады. Сандық білім беру әрбір оқушының мүмкіндіктерін кеңейтеді, ол балаларға ойшыл, әлемнің белсенді азаматтары және оқу процесінің орталық қатысушылары болуға жол ашады.         

Сандық оқыту - бұл компьютермен бірге жүретін және технология тиімді қолданылатын оқытудың кез келген түрі. Ол аралас және виртуалды білім беруді, сонымен қатар көптеген тәжірибелерді қолдануды қамтиды. Сандық білім - бұл «оқушыларға оқу уақытын, орнын, бағыты мен қарқынын басқару мүмкіндігін беретін технологияға негізделген оқыту». 

Атап айтқанда, сандық оқыту білім берудің келесі компоненттеріне әсер етеді:

Уақыт: білім беру үрдісі енді оқу күнімен немесе оқу жылымен шектелмейді. Интернет пен түрлі құрылғылардың таралуы оқушыларға кез келген уақытта білім алуға мүмкіндік берді. 

Орын: сабақтар енді сынып бөлмесімен шектелмейді. Интернет пен түрлі құрылғылардың таралуы оқушыларға кез келген жерде білім алуға мүмкіндік берді.     

Бағыт: оқыту енді мұғалім қолданатын педагогикамен шектелмейді. Интерактивті және бейімделгіш бағдарламалық жасақтама оқушыларға білімді қалаған жолмен алуға мүмкіндік береді, бұл оқытуды бірегей және қызықты үдеріске айналдырды. Жаңа технологияларды қолдана отырып, мұғалімдер оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеп, әр оқушыға қажетті мәліметтерді ұсынады.   

Сандық оқыту бұл технологиялардың, сандық мазмұнның және нұсқаулықтың жиынтығы.  

Қарқын: оқыту енді бүкіл сыныптың қарқынымен шектелмейді. Интерактивті және бейімделгіш бағдарламалық жасақтама оқушыларға бірдей оқу деңгейіне жету үшін сабақтарға немесе пәндерге көп немесе аз уақыт бөліп, өз қарқынымен оқуға мүмкіндік береді.    

Сандық оқыту дәстүрлі білім беруге тән шектеулерді жояды, алайда сандық оқыту - бұл оқушыларды тек ноутбукпен немесе құрылғымен қамтамасыз ету ғана емес. Сандық оқыту бұл технологиялардың, сандық мазмұнның және нұсқаулықтың жиынтығы.  

Технологиялар: технология оқушылардың материалдар мен мазмұнды қабылдауын жеңілдетеді. Технологияға Интернетке кіру де, интернетке кіру үшін пайдаланылатын кез - келген жабдық та кіреді – үй компьютерінен, ноутбук пен iPad-қа дейін. Технология соңғы бекет емес, құрал екенін есте ұстаған жөн.  

Сандық мазмұн: Сандық мазмұн - бұл технология арқылы жеткізілетін, балалар сабақтарда өтетін жоғары сапалы оқу материалы. Бұл жаңа тартымды, интерактивті және бейімделетін бағдарламалық жасақтамаларды, классикалық әдебиет, видео дәрістер мен ойындарды қамтиды.   

Нұсқаулық: сандық оқытуды жүзеге асыру үшін жоғары сапалы оқытушылар қажет. Технология мұғалімнің рөлін өзгерте алады, бірақ ол мұғалімге деген қажеттілікті ешқашан жоймайды. Сандық білім беру барысында мұғалімдер оқушылардың жақсы оқып, дұрыс бағытта дамуын жеке ұсыныстар мен нұсқаулар беру арқылы қадағалай алады. 

 

Haileybury мектебінде балалар сандық білім беру әлеміне саяхатын Reception сыныбынан бастайды, онда біз балаларға қаламы бар ортақ құрылғы ұсынамыз

Haileybury мектебінде балалар сандық білім беру әлеміне саяхатын Reception сыныбынан бастайды, онда біз балаларға қаламы бар ортақ құрылғы ұсынамыз; осы тәсіл арқылы олар сандық құрылғылармен таныстырады. Содан кейін 1 және 2 сыныптарда оқушыларға iPad-тар беріледі, осылайша балалар жаңа құрылғыны меңгереді. Балалар 3-сыныпқа көшкен кезде олар көптеген сандық технологиялармен таныс болады және осы сыныпта оқушылардың әрқайсысына білім сапарын жалғастыру үшін жекелендірілген құрылғы беріледі.    

Haileybury мектебінде балалар 4-сыныптан бастап өз құрылғыларын әкеледі. Қазіргі уақытта біз iPad -ды ең жақсы құрылғы деп санаймыз, себебі ол арқылы балалар Google, Microsoft және Apple өнімдеріне қол жеткізе алады. Осының арқасында балалар шығармашылықпен айналысуға ынталандырылатын ортада жүреді. Жоғарғы сыныптарда балалар пернетақтасы бар iPad-ты немесе MacBook-ты пайдалана бастайды. Бұл құрылғы оларға ұзақ жобалау жұмыстарын орындау кезінде және университетке түсу кезінде үлкен көмек береді.  

Біздің оқытушыларымыз Apple, Microsoft және Google өнімдерімен таныс, осылайша біз оқушылардың сандық сауаттылықтарын көп платформалы ортаға жүгіне отырып арттырамыз. Біз Apple School Manager бағдарламасына қатысатын Қазақстандағы алғашқы мектеппіз, соның арқасында біз білім беру саласына қатысты үздік қосымшаларды тікелей Apple-ден жүктей аламыз.  

Оқушылардың сандық сауаттылықты меңгеруі, сонымен қатар электронды қауіпсіздік туралы хабардар болулары Haileybury Almaty мектебі үшін өте маңызды. Бүгінде балалар мен жастар технологиялық әлемде өмір сүреді және біздің әлемдік деңгейдегі мектеп ретіндегі рөліміз – балаларға ауыспалы және икемді сандық дағдыларды игеруде көмек беру. Сандық сауаттылық Haileybury Almaty мектебі стратегиясының ажырамас бөлігі және де біз осы бағытта жұмыс жасайтынымызға өте қуаныштымыз.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат