- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Эдинбург герцогының халықаралық жүлдесі – 14 пен 24 жас аралығындағы жастарға арналған жаһандық бағдарлама. Бағдарлама жас адамдарға өмірлік мақсатын анықтауға және жеке бағдарланған іс-шаралар арқылы маңызды өмірлік дағдыларды дамытуға көмектеседі. Бағдарлама төрт негізгі компоненттен тұрады: дағдылар, дене шынықтыру, еріктілік және жорықтар.
Бұл жүлде халықаралық деңгейде мойындалған және қатысушыларға өзіне деген сенімділікті, табандылықты және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, сондай-ақ өз қауымдастығына оң әсер етуге мүмкіндік береді. 1956 жылы басталған бұл бағдарлама әлемнің түкпір-түкпіріндегі жастардың жеке дамуына ықпал етіп, олардың болашақ жетістіктеріне жол ашады. Бағдарлама Қазақстанда және бүкіл әлемде жастарға өз әлеуетін дамытуға, қоғам өміріне белсенді араласуға және құнды халықаралық классификация алуға көмектеседі.
Қола деңгей – 14 жастан бастап қатысуға мүмкіндік беретін бастапқы деңгей. Қатысушылар еріктілік қызметі, дағдыларды дамыту және дене шынықтыру сияқты компоненттердің әрқайсысына кемінде үш ай уақыт бөлуі керек (аптасына шамамен бір сағаттан). Сонымен қатар, олар арнайы дайындықтан өтіп, дайындық жорыққа, содан кейін бағаланатын екі күндік жорыққа шығады.
Күміс деңгей – 15 жастан асқан жастарға арналған. Қатысушыларға еріктілік қызмет, дағдыларды дамыту және дене шынықтыру компоненттерін орындау үшін алты ай қажет (Қола деңгейін өтсе, қатысушыға кей жеңілдіктер беірледі). Бұл деңгейдегі жорықтар ұзақтығы – үш күн және екі түн.
Эдинбург герцогының халықаралық жүлдесі жастардың тұлғалық дамуына ықпал етеді және сабақта алу мүмкін емес бірегей тәжірибе береді. Бағдарлама қатысушыларды өз жайлылық аймағынан шығуға, өз прогресі үшін жауапкершілік алуға және жаңа қиындықтарды қабылдауға ынталандырады. Мұндай тәсіл дербестікті, табандылықты және мақсаткерлікті дамытады, ал олар – өмірде табысқа жетудің басты қасиеттері.
Қатысушылар келесі маңызды қасиеттерді дамытады:
· Күрделі мақсаттарға қол жеткізу арқылы өзіне деген сенімділікті арттыру.
· Өзіндік ерекшелікті сезіну және өз біліміне жауапкершілікпен қарау.
· Жаңа таланттар мен практикалық қабілеттерді дамыту.
· Жоспарлау, мәселе шешу, коммуникация және командалық жұмыс дағдыларының артуы.
· Қауымдастықпен байланыс орнатып, жаңа достар табу.
· Көшбасшылық қабілеттер және командада тиімді жұмыс істеу.
Бұл қасиеттер жас адамды жан-жақты дамыған, өзіне сенімді, өмірдің әртүрлі сын-қатерлері мен мүмкіндіктеріне дайын тұлға ретінде қалыптастырады.
Жүлде 4 компоненттен тұрады:
Еріктілік
Қатысушылар белгілі бір кезең бойы ерікті ретінде көмек көрсетеді. Бұл олардың жасап жатқан жұмысының қоғамға пайдасын сезінуге мүмкіндік береді. Мысалы: табиғатты қорғау, жануарлар үйінде көмектесу, балалар үйінде көмек көрсету, мектеп іс-шараларына қолдау білдіру, кітапханада көмек көрсету.
Дағдылар
Қатысушылардың жеке қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін немесе тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған. Мысалы: музыкалық аспапта ойнау, өнер, аспаздық, жаңа тілдерді үйрену, шығармашылық жазу.
Дене шынықтыру
Жас адамдарды спортпен және әртүрлі физикалық белсенділікпен айналысуға ынталандырады. Мақсаты – денсаулықты, физикалық форманы және жалпы күйді жақсарту. Мысалы: командалық спорт, жеңіл атлетика, жүзу, тауға өрмелеу, шаңғы, каноэ есу, дзюдо.
Жорықтар
Командалық экспедиция барысында шытырман оқиғаларды бастан өткізіп, жаңа ашуларды жасауға бағытталған. Қатысушылар шағын командамен бірге бейтаныс жерде белгілі бір мақсатпен жорықты жоспарлайды, дайындалады және жүзеге асырады. Дайындық кезінде олар жергілікті жерде бағдарлау, маршрут жоспарлау, алғашқы медициналық көмек көрсету, рюкзак жинау, құрал-жабдық дайындау және далада тамақ пісіруді үйренеді.
Эдинбург герцогінің халықаралық жүлдесі туралы көбірек біліңіз.