Haileybury Almaty мектебінде оқитын балалардың жас категориялары қандай?

Haileybury Almaty мектебінде күндізгі оқыту 4-тен 18 жасқа дейінгі оқушыларға ұсынылады.

Мектепте қандай күн тәртібі орнатылған?

Оқу күні таңертеңгі сағат 7:30-дан басталып, оқушының жас тобына байланысты 14:00-16:30 аралығында аяқталады.

Haileybury Almaty мектебінде қандай оқу бағдарламасы қолданылады?

Haileybury Almaty британдық оқу бағдарламасын қолданады.

Сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі ме?

Иә, сабақтар барлық жас топтарында ағылшын тілінде және ағылшын тілі ана тілі болып келетін мұғалімдермен жүргізіледі.

Мектепте оқу қанша тұрады?

Оқу ақысы туралы ақпарат мына жерде берілген. Оқу ақысына тамақтану да кіреді.

Оқушыларды тасымалдау бар ма?

Иә, мектеп тасымалдауды қамтамасыз етеді. Егжей-тегжейлермен сіз сайтта таныса аласыз

Пансионатта тұрып оқуға бола ма?

Қазіргі уақытта жоқ, бірақ мектеп 13 жастан асқан оқушыларға арналған пансионатты ашуды қарастыруда.

Ата-аналар мектептегі іс-шараларға қатыса алады ма?

Ата-аналармен үнемі байланыс ұстау әр оқушының аман-саулығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, ал ата-аналар әрдайым мектептегі түрлі қойылымдарға, концерттерге және басқа да іс-шараларға шақырылады.

Haileybury ата-аналар қауымдастығы (HPA) ата-аналарға жаңа бастамаларға қатысу және сөйлесу мүмкіндігін ұсынады.

Мектепте қосымша сабақтар өткізіледі ме?

Ия, Haileybury Almaty шахмат, баскетбол, волейбол, жүзу, лего клубы, пікірсайыс клубы, 3D өнері, қазақ, француз, орыс, қытай тілдері, скрипка, фортепиано, флейта, гитара және т.б. көптеген спорттық, музыкалық және академиялық сабақтарды ұсынады. 

Тамақтану қамтамасыз етіледі ме?

Haileybury Almaty  мектебінде оқушылар күніне 3 мезгіл тамақтанады. Таңғы сағат 7:30-да берілетін ерте таңғы асты санайтын болсақ, оқушылар күніне 4 рет тамақтанады.

Әдеттегі мектеп күні қалай өтеді?

Хаусмастерлер оқушыларға мектепке келген алғаш күні сабақ кестесін береді. Сабақ кестесі туралы қосымша ақпаратты осы жерден ала аласыз (академиялық бетке сілтеме)

Haileybury Almaty оқушылары мектеп формасын киеді ме?

Ия, оқушылар мектеп формасын киюі керек, оны мектеп дүкенінен және / немесе «Esentai Mall» сауда орталығында орналасқан «Friends» дүкенінен (3-қабат) сатып алуға болады.

Мектепке қашан келуге болады?

Біз сізді жылына бірнеше рет өткізілетін Open Morning сессияларында көруге қуаныштымыз. Open Morning-ке мына жерде онлайн тіркелуге болады.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат