- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Haileybury Almaty мектебі STEAM (ғылым, технология, өнер, инженерия және математика) тез өзгеріп жатқан әлемде оқушылардың табысқа жетуі үшін маңызды білім саласы деп санайды. Мектебіміздің робототехника бойынша оқу бағдарламасы оқушыларға инновация, сыни ойлау, шығармашылық және мәселелерді шешуде практикалық тәжірибе бере отырып, осы миссияда маңызды рөл атқарады. Робототехника арқылы оқушылар нақты әлемдегі мәселелердің шешімін табады, озық техникалық дағдыларға ие болады және технологияның қоғамдағы түрлендіруші күшін тереңірек түсінеді.
Haileybury Almaty мектебі STEAM білім беру саласындағы беделді оқиға болып табылатын әлемге әйгілі «FIRST» (For Inspiration and Recognition of Science and Technology) чемпионатына қатысады. Бұл бағдарлама оқушыларды ғылым мен технологияны зерттеуге, көшбасшылық, топтық жұмыс және инженерлік дағдыларды дамытуға шабыттандырады. Алматыдағы “FIRST” чемпионаттың ұйымдастырушылары ретінде біз қаламыздағы мектеп оқушылары үшін бәсекелестік пен ынтымақтастыққа толы, инновацияларды зерттеп, қолдануға болатын динамикалық кеңістік құрудамыз.
Робототехника Haileybury Almaty бастауыш және жоғары сыныптардың оқу бағдарламасына енгізілген, барлық оқушылар негізгі және ілгері деңгейдегі робототехниканы оқи алады. Бастауыш мектепте оқушылар негізгі ұғымдармен және шығармашылық есептерді шешу әдістерін үйренеді. Жоғары мектепте оқушылар күрделірек жобаларды жасайды, бірқатар тапсырмаларды орындау үшін роботтарды құрастырады және бағдарламалайды. Haileybury Almaty-дағы робототехника - бұл жай ғана пән емес, ол төзімділікті, сыни ойлауды және технологияға қызығушылықты арттыратын әсерлі тәжірибе. Біз бастауыш және жоғары мектеп оқушыларына арналған LEGO WeDo 2.0, Spike, Motion Briq, REV, GoBilda, Mindstorms және VEX 123, IQ, GO және V5 сияқты түрлі робототехника құралдарын пайдаланамыз.
Біз Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жас және дарынды оқушыларды қолдайтын «Дарын» орталығымен ынтымақтасатынымызға өте қуаныштымыз. Haileybury Almaty барлық оқушыларға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін жаратылыстану және математика пәндерінен олимпиадалар өткізеді.
Біз сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азиядағы STEM білім беруді дамытуда маңызды рөл атқаратын “USTEM” қорымен ынтымақтасамыз. Осы серіктестік арқылы біз FIRST бағдарламасын белсенді түрде ілгерілетп, аймақ жастарының мүмкіндіктерін кеңейтеміз.
Haileybury Almaty-дағы робототехника пәні оқушыларды болашақ қиындықтарға дайындалуға көмектесетін көптеген дағдылармен қамтамасыз етеді. Оқытудың негізгі нәтижелері: