A-Level нәтижелері

Біз Haileybury Almaty мектебін 2024 жылы бітірген еңбекқор және дарынды оқушыларымызды мақтан тұтамыз. 

Олар A-Level емтихандарынан тамаша нәтижелер көрсетті,  ал кейбіреулері мектеп тарихындағы ең жоғары нәтижелерге қол жеткізді. A-Level бойынша 10 бағаның алтауы - “А*” немесе “А”, ал 10 бағаның 8-і - “А*” мен “В” аралығында болды. A-Level әйгілі университеттерге түсуге мүмкіндік беретін әлемдегі ең танымал бағдарлама болып қала береді.

2024 жылғы түлектеріміз Корнелл, Стэнфорд, Калифорния техникалық университеті, Беркли, Нью-Йорк, Торонто, LSE, UCL және Уорвик сияқты АҚШ, Канада, Еуропа, Таяу Шығыс, Азия мен Австралияның үздік университеттеріне оқуға түсті. Оқушылармыздың жеңіп алған шәкіртақы сомасы 4,8 миллион доллардан асты, бұл ең жоғары деңгейдегі академиялық жетістіктерді көрсететін рекордтық сома.

Кеше ғана Haileybury Almaty мектебінде оқып жүрген оқушыларымыз енді заң, қаржы, экономика, инженерия, робототехника, биотехнология, астрофизика, жасанды интеллект, неврология, информатика, музыка, психология және гуманитарлық ғылымдар сияқты мамандықтар бойынша білім алатын болады. Түлектерімізге білім жолының келесі кезеңін сәтті бастауға тілейміз! Ақ жол! 

Жаңалықтар
20.05.2026
Haileybury Almaty оқушылары (11 жасқа дейін) FOBISIA ойындарында тамаша нәтижелер көрсетті
Haileybury Almaty FOBISIA ойындарындағы 11 жасқа дейінгі оқушылардың жетістіктері туралы жаңалықтарымен бөлісуге асық. Оқушыларымыз жүзу және жеңіл атлетика сияқты дициплиналарда үлкен табандылығымен, командалық рухымен және спорттық мінезімен ерекшеленді.
18.05.2026
Haileybury Almaty оқушылары математика олимпиадаларында үлкен жетістіктерге жетуде
Haileybury Almaty мектебі оқушыларымыздың ұлттық және халықаралық математика олимпиадаларындағы тамаша жетістіктерін қуанышпен хабарлайды.
30.04.2026
Eco Symposium 2026
Биылғы жылы Эко-симпозиум "Біздің күшіміз, біздің планетамыз" деген 2026 жылғы Жер күні тақырыбында өтті.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат