Экономика бойынша Азия олимпиадасында қола медаль!

Біз Экономика бойынша Азия олимпиадасында беделді  үшінші орынға ие болған Quanta командасының мүшелері — 12  сынып оқушылары Жания, Даяна, Али және Арнайды —  тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!

14 елден 4000-нан астам қатысушының ішінде тек 15 команда қорытынды раундқа өтті. Quanta командасы финалға шығып қана қоймай, бірінші турда бірінші орынға ие болды! Осы турда үздік жеке нәтиже көрсеткен Даянаны ерекше атап өткіміз келеді!

Финалда қатысушылар экономика бойынша халықаралық олимпиаданың бизнес-кейсін қарастырды. Біздің оқушылар тамаша аналитикалық және зерттеу дағдыларын көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. 

Quanta командасын осындай үлкен жетістікпен құттықтаймыз! Haileybury Almaty сіздің біліміңізді, табандылығыңызды және табысқа ұмтылуыңызды мақтан тұтады!

Жаңалықтар
31.10.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Хэллоуин
Хэллоуинде Haileybury Almaty мектебі өзгеше кейіпке енді: оқушылар осы күнге арнап ерекше костюмдер киіп келді.
25.10.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Республика күні
Haileybury Almaty мектебінде Қазақстанның Республика күніне орай бастауыш және жоғары мектеп оқушыларына арналған мерекелік жиындар өтті.
20.10.2026
Тоғызыншы сынып оқушылары Қазақстан табиғатын өнер арқылы таныды
Haileybury Almaty мектебінің 9-сынып оқушылары төрт күндік шығармашылық сапарға шығып, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне және Шарын шатқалына барды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат