Haileybury Almaty мектебіндегі Мансап күні оқушыларымызға болашақ мүмкіндіктерін зерттеуге көмектесті

Haileybury Almaty әрқашан оқушыларын болашақ мансапты  таңдауға қажет болатын барлық ресурстармен және құнды нұсқаулармен қамтамасыз етуге тырысады. 

Өткен аптада мектепте Мансап күні өтті, онда оқушылар өздерінің мансаптық мүмкіндіктерін зерттеп, сала мамандарымен сөйлесе алды.

Оқушылар әртүрлі компаниялардың өкілдерімен сөйлесіп, сапалы әңгімелерге қатысты және әлеуетті мансап жолдары туралы түсінікке ие болды. Іс-шараға ABR, Air Astana, Espace France, AlProf Company, BUPA, Citix, Education USA, Home Credit Bank, Investlink, KazNU, KIMEP, Kinopark, SOS, Trekker.kz, UN Global Communication, Shinhan Finance, Steppe and World Publishing, Ernst & Young, Ritz Carlton, ScholzvonGleich сияқты көптеген компаниялар мен мекемелер қатысты. 

Оқушылармыз өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, сала көшбасшыларынан құнды ақпарат алып, өздерінің болашағы үшін көптеген мүмкіндіктерді аша алды. Бұл күні қызығушылықтары әртүрлі (технология, қаржы, денсаулық сақтау, шығармашылық) оқушылар өздерінің ой-өрісін кеңейтуге және тәжірибелі мамандардан кеңес алуға бірегей мүмкіндік алды.

Іс-шара оқушыларға саналы таңдау жасау үшін мансап нұсқаларын мүмкіндігінше ертерек зерттеуге мүмкіндік берудің маңызды екенін тағы бір рет растады. Haileybury Almaty-дағы Мансап күні шабыттандыратын және білім беретін тәжірибе болды және біздің оқушыларға болашақ мансабын таңдауға көмектесті деп үміттенеміз.

Жаңалықтар
31.10.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Хэллоуин
Хэллоуинде Haileybury Almaty мектебі өзгеше кейіпке енді: оқушылар осы күнге арнап ерекше костюмдер киіп келді.
25.10.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Республика күні
Haileybury Almaty мектебінде Қазақстанның Республика күніне орай бастауыш және жоғары мектеп оқушыларына арналған мерекелік жиындар өтті.
20.10.2026
Тоғызыншы сынып оқушылары Қазақстан табиғатын өнер арқылы таныды
Haileybury Almaty мектебінің 9-сынып оқушылары төрт күндік шығармашылық сапарға шығып, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне және Шарын шатқалына барды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат