1 маусым, жұма күні Жамбыл атындағы филармонияның концерт залында мектептің жыл сайынғы концерті өтті.
Аталмыш жауапты іс-шараға оқушылар мен мұғалімдер ұзақ уақыт бойы дайындалды.
Зал көрермендерге толы болып, концерт өте жоғарғы деңгейде өтті. Концерт бағдарламасында скрипкашы Әмір Бисенғалиевтің орындауындағы музыкалық нөмірлер ерекше орын алды. Концерттен кейін ата-аналар мен әріптестердің қуанышты жүздерін көру үлкен мәртебе болды.
Жас музыканттарымызға жеңістер мен әдемі қойылымдар тілейміз.
Келесі жылы кездескенше!