Өнер арқылы білім беру

Кеше біз Esentai Gallery директоры Тоғжан Сакбаевамен бірлесіп, "Өнер арқылы білім беру" атты шабыттандыратын таңғы ас шарасын өткіздік, онда өнердің оқушыларды қалыптастырудағы және болашақ білім берудегі маңызды рөлі талқыланды.

Шара барысында түрлі қызықты пікірталастар, талқылаулар болды, ал Тоғжан өнердің білім беруде неліктен маңызды рөл атқаратыны және дүние жүзіндегі білім беру мекемелері шығармашылықты оқу процесіне қалай енгізіп жатқаны туралы құнды ойлармен бөлісті. Ол өнердің мектеп оқушылардың сыни ойлау, қиялдау сияқты қабілеттерін және де әлемді тереңірек түсінуді қалай дамытатыны туралы айтты.

Сондай-ақ таңғы ас қонақтары үшін Haileybury мектебінің Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Иан Хант сөз сөйледі, ол мектептердегі шығармашылықты көтермелеудің және өнердің оқушыларға ұзақ мерзімді әсер етуінің маңыздылығын атап өтті.

Талқылаудан кейін қонақтар спикерлерге өз сұрақтарын қойып, әңгімелерін мұғалімдермен, ата-аналармен және өнер мамандарымен таңғы ас кезінде жалғастырды.

Тоғжан Сакбаеваға және барлық таңғы асқа қатысушыларға осы пайдалы идеялар алмасқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Сіздерді де Haileybury Almaty мектебінің  келесі іскерлік таңғы асына шақырамыз.

Жаңалықтар
27.05.2026
Junior School HPL Oscars 2026
Өткен аптада өткен бұл іс-шара шығармашылықты, сенімділікті және High Performance Learning қағидаттарын дәріптеген ерекше мереке болды.
25.04.2026
Наурыз мерекесі 2026
Жаңару, бірлік және қазақ мұрасын дәріптеген қуанышты мереке. Бұл күн өнер көрсету, дәстүрлер, мерекелік іс-шаралар мен қайырымдылық арқылы қауымдастығымызды біріктірді.
20.04.2026
Ұлыбритания жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған кездесу 2026
Өткен аптада Haileybury Almaty мектебі Британдық сауда палатасымен және Британдық кеңеспен бірлесіп, Ұлыбритания жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған жыл сайынғы кездесу кешін өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат