
Мектебімізге Халықаралық аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сарапшылары мектепке келіп, 2023 жылдың 15-17 қарашасы аралығында институционалдық аккредиттеуді жүргізіп өтті.
Аккредиттеу барысында сарапшылар мектеп қызметіне жан-жақты баға берді. Сарапшылар Жоғары және Бастауыш мектептердің сабақтарына қатысып, мұғалімдермен, оқушылар кеңесімен және ата-аналар өкілдерімен кездесті. Олар мектеп құжаттарын, стратегиялық жоспар мен есептерді зерттеуге арнайы уақыт бөлді.
22 желтоқсанда Астанада агенттіктің Аккредиттеу кеңесінің отырысында мектебімізді 7 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылданды. Бұл аккредитациядан өту мектептің әлемдік деңгейдегі сапалы білім беретінін және білім беру қызметінің барлық стандарттарына сәйкес келетінін растайды. Бүкіл мектеп қауымдастығына, яғни мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға алғыс айтамыз, бірлесіп жұмыс істеу арқасында біз тамаша нәтижелерге қол жеткізе алдық!