Haileybury Almaty оқушылары Куала-Лумпурдағы FOBISIA 2025 математикалық жарыста

Жақында оқушыларымыз Малайзияның Куала-Лумпур қаласына барып, FOBISIA математикалық жарысына қатысып келді. 

Олармен бірге Ақмарал Оңласын мен Алекс Ноудс барып келді. Біздің команда бірнеше кезеңдерден өтіп, күрделі есептерді шығарып, топтық жұмыс дағдыларын, математикалық білімдерін көрсетті.

Жарыстың негізгі сәттері

Жарыс бірнеше турдан тұрды, онда оқушыларға сыни тұрғыдан ойлау мен шығармашыл тәсілдерді қолдану керек болды:

🔹 Dragon Maths – тез ойлауды қажет ететін жылдам раунд. Бұл қызу раундқа мектебіміздің атынан Каген қатысты. 

🔹  Carousel of Activities - бұл раунда  стратегия мен дәлдік маңызды, Марияның командасы осы раундқа қатысты.

🔹 Code Breaking – жарыстың барлық қатысушылары ең қиын деп таныған раунд. Қатысушыларға көптеген күрделі мәселелерді шешуге тура келді. Біздің оқушылар келесі жылы дайындыққа көбірек уақыт бөлуге уәде берді!

Куала-Лумпурда серуендеу 

Оқушыларымыз сонымен қатар Куала-Лумпурдың кейбір әйгілі жерлерін аралай алды:

🌟 Бату үңгірлері мен индуистік ғибадатхана – 272 баспалдақпен жоғары көтеріліп, жолдан кейін бір сергіп алдық.  Әдемі табиғат пен көңілді маймылдар барлығымызға ұнады.

🌟 KL мұнарасының шолу алаңы  - 421 метр биіктікте орналасқан шыны еден бастапқыда өте қорқынышты болды, бірақ ақыры бәріміз де оның үстіне шығып, әсерлі суреттер жасап та үлгердік. 

Болашақ жоспарларымыз

Бұл жарыс қызықты сәттерге толы жақсы танымдық саяхат болды. Оқушыларымыз төзімділік, командалық жұмыс және математикаға деген қызығушылығын танытты, бұл оларды болашақ қиындықтарға дайындайтыны сөзсіз.

Олар келесі FOBISIA математикалық сайысын асыға күтуде.

Біздің командамызға Haileybury Almaty-ны лайықты түрде көрсеткені үшін алғыс айтамыз!

Жаңалықтар
31.10.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Хэллоуин
Хэллоуинде Haileybury Almaty мектебі өзгеше кейіпке енді: оқушылар осы күнге арнап ерекше костюмдер киіп келді.
25.10.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Республика күні
Haileybury Almaty мектебінде Қазақстанның Республика күніне орай бастауыш және жоғары мектеп оқушыларына арналған мерекелік жиындар өтті.
20.10.2026
Тоғызыншы сынып оқушылары Қазақстан табиғатын өнер арқылы таныды
Haileybury Almaty мектебінің 9-сынып оқушылары төрт күндік шығармашылық сапарға шығып, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне және Шарын шатқалына барды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат