Haileybury Almaty мектебі A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған гранттар конкурсының басталғанын қуана хабарлайды

Үздіктердің қатарына қосылыңыз!!

Haileybury Almaty мектебі A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған гранттар конкурсының басталғанын қуана хабарлайды. Бұл гранттар академиялық жетістіктерге ұмтылатын және әлемнің жетекші университеттеріне түскісі келентін 15-16* жас аралығындағы дарынды және талапкер оқушыларға арналған. Бүкіл әлемге танылған A-Level бағдарламасы пәндерді тереңдетіп оқуға және үздік оқу орындарына түсуге дайындалуға бірегей мүмкіндіктер береді.


Ерекше мүмкіндік

Біздің гранттар халықаралық A-Level бағдарламасы бойынша екі жыл бойы мектепте оқу ақысын толық немесе ішінара өтейді. Конкурсқа оқу үлгерімі жоғары, ағылшын тілін жетік білетін және көшбасшылыққа ұмтылысын көрсете алатын оқушылар қатыса алады. Конкурстан өте алған оқушылар беделді Haileybury қауымдастығының мүшесі атанып, әлемдік деңгейдегі білім алады, оларға болашақ табысқа жету жолында үнемі қолдау көрсетіледі.

Жетістіктерге толы жолыңызды бастаңыз

Қазірден бастап конкурсқа тіркеле беріңіз! Ерекше, жаңашыл және инновацияларды дамытатын мектебіміздің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Бағыңызды сынап, әлемнің үздік университеттеріне жолыңызды ашыңыз!

*үміткердің туған күні 01.09.2008 және 31.08.2009 аралығында болуы керек
 

16 жастағы оқушыларға арналған A-Level гранттары (2025-2027 оқу жылы)
Қосымша ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз, өтінемін.
Жаңалықтар
31.10.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Хэллоуин
Хэллоуинде Haileybury Almaty мектебі өзгеше кейіпке енді: оқушылар осы күнге арнап ерекше костюмдер киіп келді.
20.10.2026
Тоғызыншы сынып оқушылары Қазақстан табиғатын өнер арқылы таныды
Haileybury Almaty мектебінің 9-сынып оқушылары төрт күндік шығармашылық сапарға шығып, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне және Шарын шатқалына барды.
15.10.2026
Kipling және Edmonstone хаустары футбол жарысында жеңіске жетті
Haileybury Almaty мектебінің бастауыш және жоғары сынып оқушылары хаустар арасындағы футбол жарыстарына қатысып, өз командаларының намысын қорғады.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат