Haileybury FIRST халықаралық робототехника чемпионаты 2023.

Haileybury FIRST халықаралық робототехника чемпионаты 2023

28-29 маусымда Haileybury Almaty мектебінде ең дарынды және өнертапқыш жас оқушылар екі бағыт – First Tech Challenge және First Lego League – бойынша ұйымдастырылған қызықты жарысқа қатысты. Бұл оқушылар үшін робототехника саласында өз шеберліктерін көрсетуге және жаңа биіктерге жетуге таптырмас мүмкіндік болды.

Бірнеше күн бойы командалар түрлі номинациялар бойынша сайысып, өздерінің роботтарды құрастыру, оларды басқару жағынан керемет дағдыларын көрсетті. Қарқынды еңбек пен ынтасының арқасында әр команда жоғары кәсіби шеберлік танытты.

Haileybury Almaty командасы екі номинация бойынша жеңіске жетті:

- Connect Award

- Winning Alliance 1st pick

Робототехниканы дамыту болашақта негізгі салаға айналады, осындай іс-шаралар арқылы жастар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашып, техникалық дағдыларын жетілдіре алады.

Біз барлық серіктестермен және қатысушылармен бірге робототехникада керемет биіктерге қол жеткізе аламыз және ғылым мен технология саласына өз үлесімізді қоса аламыз деп сенеміз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат