1. Шетелге саяхаттағанда сіз ағылшын тілін білмейтін адамдармен сөйлесе алатын боласыз. Бұл сыпайылық пен құрметтің белгісі.
2. Шет тілі жұмысыңызда қажет болуы мүмкін.
3. Зерттеулер көрсеткендей, жаңа тілді үйреніп жүрген адам басқа пәндерді оңайырақ игереді.
4. Сіз басқа тілде фильмдер көріп, кітаптар оқи алатын боласыз.
5. Тіл арқылы басқа мәдениеттермен танысасыз.
6. Өз ана тіліңізді жақсы түсінетін боласыз.
7. Ең бастысы - басқа тілді үйрену арқылы сіз басқа елдер туралы біліп қана қоймай, өз еліңізге басқаша қарай бастайсыз; мүмкін жаңа тіл сізді сабырлы адам болуға, басқаларды тыңдауға, жақсы қарым-қатынас орнатуға және ой–өрісіңізді кеңейтуге итермелейді.